Ақпарат

26 Сәуір, 2019 «365 info.kz» сайтында 2019-жылдың 25-сәуірінде жарияланған «Страшная находка сделана возле мавзолея Ахмета Яссауи» атты материалға қатысты төмендегіше мәлімдейміз:
Аталған материал Түркістан қаласындағы «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы Қызылорда облысы сәулет және құрылыс басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан «Шығыс моншасының» құрылыс жұмысы барысында адам сүйектері табылған деген ақпарат таратылған. Археолог мамандардың айтуынша бұл аймақта көне заманғы қорымдар болған. Сондықтан да мұндағы табылған адам сүйектері 16-17 ғасырға жатқызылады деп болжап отыр. 
Себебі жуық арада ол аймақта қорым мен мазараттар болмаған. тұрғын үйлердің орны. «Рухани-мәдени» аймақ аталған 98 гектар жерде 168 нысан болған. Ал «Шығыс моншасының» құрылысы түсіп жатқан дәл сол аймақта 28 тұрғын үй болған. Олар мемлекет мұқтаждығы үшін заң талаптарымен сатып алынған. 
Аталған материалдағы оқиға бойынша қазіргі таңда құзырлы органдар тексеру амалдарын жүргізуде.