Түркістан қаласын дамыту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асып келеді

22 Сәуір, 2019

Түркістан қаласын дамыту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Әкімшілік-іскерлік орталықты салу, мәдени-тарихи орталықты және ескі қаланы жандандыру – қаланың инфрақұрылымын дамыту жоспарының бір ғана бөлігі. Сондай-ақ, жолдарды жөндеу, қалалық базарды қала сыртына шығару, стадиондар, жаңа шағын аудандар мен әлеуметтік нысандардың құрылысы, атап айтқанда, балабақшалар мен мектептер, инженерлік инфрақұрылым салу жоспарлануда. Қазіргі таңда қаланы көгалдандыру, аллеялар салу және саябақтарды жаңарту жолында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

#TO_zhanalyk