Киелі шаһарымыздың көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда

22 Сәуір, 2019 Киелі шаһарымыздың көркейіп, сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне өзге облыстар мен қалалар және еліміздің алпауыт компаниялары атсалысуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы - «Астана» алаңын, Алматы қаласы - Медиа орталық, Шымкент қаласы - облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастады. Алматы облысы – «Жастар сарайы» ғимаратын, «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ – «Қожа Ахмет Ясауи» мұражайын, Ақтөбе облысы - «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Ал, Атырау облысы - ашық аспан астындағы мәдени-тарихи музей, Шығыс Қазақстан облысы - әуенді субұрқақ, Солтүстік Қазақстан облысы - облыстық спорт мектебін, Павлодар облысы - халыққа қызмет көрсету орталығын сыйға тартуды жоспарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысы - мәдени-тарихи Визит орталығын, Батыс Қазақстан облысы - тарихи-киелі орындар орталығын, Қостанай облысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы - Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – Амфитеатрды салатын болады. Бұдан басқа, әуежайдың, әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. 
Бұл ғимараттар қалаға заманауи көрініс беретін болады.
Сілтеме: Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауынан: #TO_zhanalyk