О.Жарылқапов стадионы қайта жаңғыртылады

22 Сәуір, 2019 Қасиетті қаламызды абаттандыру бағытында халық көп шоғырланатын орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту мақсатында бірнеше алаңшалар салу мен бірқатар нысандарды жаңғырту көзделіп отыр. Осы бағытта Тәуке хан даңғылынан О.Жарылқапов стадионына тікелей жол ашылып (0,6 га), стандион қайта жөндеуден өткізілетін болады. 1970 жылдан бері қала тұрғындары мен жастарының спортпен шұғылданатын орнына айналған бұл алаңның аумағы 1,6 гектарды құрайды. Сыйымдылығы 3 мың орындық. Жанкүйерлеріне қуаныш сыйлаған футболдан ел біріншілігінің талай додасы осы стадионда өткен. Қаншама түркістандықтардың футболға деген қызығушылығын арттырып, спорт әлеміне жетелеген тарихи алаң десек те болады.
О.Жарылқапов стадионына алдағы жобаларға сәйкес Тәуке хан дыңғылынан тікелей жол ашылып, алаң алдынан арнайы автотұрақ пен гүлзар салынады.