ТҮРКІСТАНДА 300 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛДЕП ТҰР

30 Наурыз, 2019

Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300000-нан астам түп отырғызылған еді. Қазіргі  таңда  жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен.

Алқызыл гүлдер қаладағы Алматы алаңына және Б.Саттарханов даңғылы мен Әмір Темір, Тыныштықұлов көшелерінің бойы мен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайына отырғызылған.

Сондай-ақ, сәуір-мамыр  айларында қалаға  350 000 түп  сәндік декоративті гүл  түрлерін  отырғызу  жоспарланып отыр.

Қосымша қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, қаладағы мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға атсалысуда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі