2019 жылдың қорытындысымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2019 жылдың қорытындысымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жалпы  өңірлік өнім                                                                   

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылы 108,8 млрд.теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 5,8% артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 9,4 пайыз                       (10,2 млрд.теңге), ауылшаруашылық саласына 2,6 пайыз (2,9 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 36,6 пайыз (39,8 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 51,4 пайызы (55,8 млрд.теңге) тиесілі. 2019 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда            634,4 мың теңгені құрады  (2018 жылдың есепті кезеңінде 435,8 мың теңге).


Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласы                                       

Өнеркәсіп саласында 2019 жылы 10 233,1 млн.теңгенiң өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім 5,1 % құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 7201,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім           8,4 %-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 2377,8 млн.теңгенi құрап, өсім 14,5 пайызға, сумен жабдықтау 647,6 млн. теңгеге орындалды.

Өңдеу өнеркәсібінде 7201,5 млн.теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптегі үлесі 70,4 % құрап 2018 жылмен салыстырғанда  нақты көлем индексі     8,4%-ға артты (2018 жыл 6620,6 млн,теңге),  оның ішінде:

-Тамақ өнімдерін өндіру-2,4%-ға;

-Жеңіл өнеркәсіп -0,8%-ға;

-Резеңке мен пластмасса өнімдерін өндіру-34,4%-ға;

-Өзгеде металл емес минералдық өнімдерді өндіру-61,1%-ға;

-Жиһаз жасау-0,5%-ға  артты;

-Машина жасау -62,7%-ға орындалды.


Бөлшек сауда                                                                         

Бөлшек сауда көлемі 33745,8 млн.теңгені немесе 106,7%, облыс көлеміндегі үлесі 20,6 % құрады.

Инвестиция                                                                                    

Негізгі капиталға тартылған 2019 жылы 102 009,1 млн. теңге инвестиция тартылып, 2018 жылмен салыстырғанда 2,8 есе артты.

Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 40 572,2 млн. теңге        (5,7 есе), жергілікті бюджет есебінен 27 825,7 млн. теңге (2,9 есе),   27 963,7 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен  (168,7 пайыз), басқада қарыз қаражаты есебінен 5 647,5 млн.теңге (172,4 пайыз).


Ауыл шаруашылығы                                                                 

Ауыл шаруашылығы саласында 2864,8 млн. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 51,1 пайызды құрады.

- Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі 104,0 пайызға жоспарланған, 2019 жылы жалпы өнім көлемі 2 759,1 млн теңгеге, нақты көлем индексі 101,6  пайызды құрады.

- Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі 100,5 пайызға жоспарланған, өндірілген өнімі 105,7 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі  4,9%-болды

Құрылыс                                                                                       

Құрылыс жұмыстарының көлемі 39834,5 млн.теңгені   (2018 жылы

12 540,9 млн.теңге) құрап,  3,1 есеге артты.

                                                                                                      

Бұл көрсеткіш бойынша облыстың құрылыс жұмыстарының көлеміндегі үлесі 21,8 пайыз немесе басқа аудан мен қалалардың ішінде         1 орында.

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 24101,1 млн.теңге құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артты.

Есепті мерзімде пайдалануға берілген тұрғын үйлерден 191,9 мың ш.м пайдалануға өткен (жоспар 166,9 мың ш.м.), 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  (71,4 мың ш.м) салыстырғанда 2,7 есеге артты.

                                                                                                        

         Жұмыспен           қамту                                                                                 

         Қала халқының саны 171 438 адамды құрады, оның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 53 069 адам, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 24545 адам, жұмыссыздар саны 2669 адам.

Қала бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылға жоспар      5,2% болса, орындалуы бүгінгі таңға 5% құрады. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің жоспары 4,0%, орындалуы бүгінгі таңда 3,5% немесе 1392 адам.