2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017  жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет

 

Тармақ

Іс-шаралар атаулары

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

3.

Жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактиға бағыттау шараларын іске асыру.

Түркістан аймағы бойынша мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, салалар бойынша жиналыстар өткізу.

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігі, Түркістан аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы және қалалық «Нұр Отан» партиясы тарапынан бірқатар іс-шаралар мен жиналыстар ұйымдастырылды.

     Атап айтқанда ағымдағы жылдың  24 қаңтарында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл– мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел, 14 наурызда Түркістан қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның Түркістан қалалық филиалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде жиналыс болып өтті.

     Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 мамырында және 18 маусымда қала әкімдігіне қарасты барлық ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған нормаларды мекеме қызметкерлерінің арасында толық түсіндіру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.

4.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар мен БАҚ-та жарияланған сын мақалалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және расталмаған мәліметтерді жоққа шығару шарасын жүзеге асыру.

2017 жылдың 12 айында Түркістан қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты БАҚ-да сыни мақалалар жарияланбағандығын мәлімдеймін.          

5.

Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, онымен күресу тақырыптарында жүйелі түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу.

Аталған тапсырма іс - шара жоспарында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығына жүктелген.

6.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын кедергілерді анықтау үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізу.

Аталған тапсырма іс - шара жоспарында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімі мен ОҚО бойынша кәсіпкерлер палатасына жүктелген.

10.

Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Түркістан қаласы әкімдігінің ресми интернет веб-порталы www.turakimat.gov.kz  сайтының бас бетінде «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес туралы» арнайы тарау ашылған. Аталғаан тарауда қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы мәліметтер, Түркістан  қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралары, Түркістан қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарыТүркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2017 жылғы отырыстарында қаралатын мәселелері тізбесіНасихаттау кестесіт.б мәліметтер еңгізілген. Қазіргі таңда қала әкімдігінің веб-порталындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы тараудың ұдайы жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етілген.

15.

Дала жұмыстарын жүргізу үшін қала бойынша жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің бірыңғай операторын айқындау.

Агроқұрылымдарға субсидияларды «Казпошта» арқылы электронды түрде төлеуді жетілдіру.

    Түркістан қаласында дала жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің бірыңғай операторын айқындау жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тарапынан тендер арқылы жүргізіледі. 2017 жылы дала жұмыстарын жүргізу үшін қала бойынша жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің бірыңғай операторы болып «Мұнай Инвестмент Групп» АҚ белгіленген.

    Агроқұрылымдарға субсидияларды «Казпошта» арқылы электронды түрде төлеуді жетілдіру жөнінде Оңтүстік Қазақстан  облысы кәсіпкерлер палатасының Түркістан қалалық филиалы тарапынан ұсыныстар облыстық деңгейге жолданып, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қожалықтарына cубсидиялар «Казпошта» арқылы электронды түрде төленуде.

17.

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың жұмыс жоспарларында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін көздеу.

Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамына комиссия мүшелерінің қызметтері ауысуына байланысты қала әкімдігінің 01.09.2016 жылғы №1207 қаулысымен комиссияның құрамына өзгерістер енгізіліп, қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздеу мәселесі комиссияның ІІ-тоқсанында өткен отырысының күн тәртібіне екінші мәселе болып енгізіліп қаралды.

      Сонымен қатар, 2017 жылдың ақпан, мамыр, шілде және қазан айларында Түркістан қаласының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында,  Түркістан аймағы бойынша мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен  бірлесе жастар арасында плакаттар байқауы ұйымдастырылды.

18.

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

     2017 жылы Түркістан қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының жастар ұйымдарын және белсенді жастарды тарта отырып, Түркістан қаласы аймақ бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе «Жастар орталығы» КММ-сі жыл басынан бері біршама жоспарлар бекітіп, жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда,  2017 жылдың ақпан, наурыз айларында «Таза сессия» атты акциялар өтті. Акция аясында оқу орындарда арнайы әзірленген «Таза сессия» атты сенім телефондары бар парақшалар таратылып, қоғамдық орындарға, тақтайшаларға жапыстырылды. Сондай-ақ, 6х3 көлемінде билборд ілінді.

      Ағымдағы жылдың  сәуір айының 14 жұлдызында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру оңай ма?» атты тақырыпта американдық парламенттік форматта жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету және әділдікке, адамгершілік пен жауапкершілікке баулу мақсатында дебат өткізілді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айының 16 жұлдызында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және  мемлекеттік қызметтегі жастардың санын арттыру, олардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында кіші футболдан жастар арасындағы сайыс өткізілді.

19.

Арнайы мониторингтеу тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету.

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қаласы әкімі аппаратының 24.05.2016 жылғы №89/46 бірлескен бұйрығы негізінде, арнайы мониторингтеу тобы құрылып, 2016 жылдың 25 мамыры мен 30 маусым аралығында Түркістан қаласы әкімі аппаратында және оған ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және бағалау жұмыстары жүргізілді.

Ал, 2017 жылға ОҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізу жұмыстары жүргізілмегендігін мәлімдейміз.

20.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та немесе интернет-ресурс сайттарына орналастыру

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы 2016 жылғы есебі Түркістан қаласы әкімдігінің веб-порталынан ашылған арнайы айдарына орналастырылған. Ал 2017 жылдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуы туралы есебі 2018 жылдың 1 ақпанында қала әкімдігінің веб-порталына орналастырылды.

29.

Аудан, қалаларда жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарды ашық түрде өткізу және оған қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету.

Түркістан қаласы бойынша жеке және заңды тұлғаларға ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес және ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысымен бекітілген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттыққа (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесі негізінде конкурсты «Түркістан» газеті арқылы жарияланып келген.

Ал, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы «жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №308 Жарлығына сәйкес, 2021 жылға дейін жеке меншік құқығымен беруге мораторий жарияланған.

 

Салық базасын ұлғайту мақсатында, жеке тұлғалардың тіркелмеген жылжымайтын мүліктерін анықтау бойынша, аула аралау жұмыстарын ұйымдастыру.

Түркістан қаласының Ішкі Істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, оның ішінде 12 ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелмеген жылжымайтын мүліктерді анықтау бойынша арнайы жоспар әзірленіп,  осы жоспарға сәйкес, аула аралау рейдтік шаралары жүргізілуде.

38.

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық, қалалық филиалдары мемлекеттік мекеме басшыларымен тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша бірлескен қабылдаулар өткізуін жалғастыру

Түркістан қаласында тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша бірлескен қабылдаудың кестесі «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының төрағасымен бекітілген. Кестеде бірлескен қабылдаулардың айына кем дегенде 2 рет өтетіндігі көрсетілген. Түркістан қаласындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалында кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп келеді.

39

«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының жанындағы партиялық бақылау және қоғамдық кеңестерінде құқық қорғау органдарының мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тексеру қорытындылары жөніндегі мемлекеттік мекеме басшыларының есептерін тыңдау

«Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының жанындағы партиялық бақылау және қоғамдық кеңесі құқық қорғау органдарының мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тексеру қорытындылары жөніндегі мемлекеттік мекеме басшыларының есептері 2016 жылдың 4 тоқсанында тыңдалғандығын хабарлады. 2017 жылға  құқық қорғау органдарының мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тексеру қорытындылары жөніндегі мемлекеттік мекеме басшыларының есебі ағымдағы жылдың қорытындысымен желтоқсан айында тыңдалды.

40.

Бюджетті тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған облыс әкімінің арнайы Регламентінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, келісім шарттың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатындағы талаптарын қатаң сақтау.

Бюджетті тиімді игеру жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған облыс әкімінің арнайы Регламентін түсіндіру мақсатында, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың төрағалығымен 02.02.2017 жылы «мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын сақтау туралы» жиналыс өткізіліп, жиналысқа қала әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдер басшылары мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жауапты мамандар қатысты. Жиналыс барысында қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, келісім шарттың орындалу кезінде сыбайлас жемқорлықтықтың алдын алу және оған жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде түсіндіріліп, жиналыстың хаттамасында көрсетіліп,  ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер таратылып берілді. Түркістан қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу мен келісім-шарттың орындалуы кезінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын деректер орын алмағандығын мәлімдейміз.

 

Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі