Түркістан қаласы жергілікті бюджетінің 2017 жылғы атқарылуы туралы жылдық есебі

Түркістан қаласы жергілікті бюджетінің 2017 жылғы атқарылуы туралы жылдық есебі

Түркістан қаласы жергілікті бюджетінің 2017 жылғы атқарылуы туралы жылдық есебі

 

Түркiстан қаласының 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы есепті

    Қаланың жалпы өңiрлiк өнiмi 108 531,5 млн. теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,0 пайызға артты. Оның iшiнде өнеркәсiп саласына 13,6 пайыз (14 813,7         млн.  теңге), ауылшаруашылық саласына 40,6 пайыз   (44 105,3 млн. теңге), орындалған құрылыс жұмыстарына 11,4 пайыз  (12 369,9 млн. теңге), тауар айналымы және қызметтердi өткiзу көлемiне  34,4 пайызы (37 242,6 млн. теңге) тиесiлi. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 414,1 мың теңгенi құрап, (2016 ж. 366,8 мың теңге) 12,9 пайызға артты.  

Бюджет                                                                                                  

Қала бойынша 2017 жылы бюджетке түсетiн салықтар мен басқа түсiмдердiң жоспары 100,3 пайызға орындалды (жоспар - 32068,4 млн. теңге, нақты - 32 174,8 млн теңге).

Оның iшiнде өзiндiк жергiлiктi түсiмдер 2 583,4 млн. теңгеге жоспарланып, 2689,7 млн. теңгеге 104,1  пайызды құрады.

Бюджеттiң шығыс бөлiгi бойынша 32068,4 млн. теңге жоспарланып,                 100 % игерiлдi.

2018 жылдың қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адамтұратын ауылдық округтердежергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуіске асырылуда.

Салықтық  түсімдердің6 түрі:

-төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

- жеке тұлғалардан алынатын  жер салығы;

- заңды  тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;

- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;

- сырты жарнама орналастыру үшін алынатын алым;

Салықтық емес түсімдер:

-мемлекеттік мүлікті жалға алу үшін ақы;

-мемлекеттік  коммуналдық меншігін сатудан түсетін түсім

-ерікті жарналар

-айыппұлдар, өсімпұлдар

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсім

Сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.

Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласы                                        

2017 жылы өнеркәсiп өнiм көлемi 14 813,7 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 104,7 пайызға артты.

Оның iшiнде, кен өндiру өнеркәсiбi 524,6 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексi 104,6 пайызды, өңдеу өнеркәсiбi 12 126,5 млн. теңгенiң өнiмiн өндiрiп, нақты көлем индексi 104,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 1 549,9 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 109,1 пайызды, сумен жабдықтау 612,7 млн. теңгенi, нақты көлем индексi 104,3 пайызды құрады.

Үдемелi индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында      2010-2016 ж.ж. жалпы құны 4722,2 млн теңгеге 19 жоба енгiзiлдi. Оларда  910 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан 2010-2017 ж.ж. құны 3203 млн. теңгенi құрайтын 15 жоба iске қосылып, 753 жұмыс орны ашылды, өндiрiлген өнiм көлемi 2097,9 млн. теңге, жалпы өнеркәсiп өнiмi көлемiндегi үлесi  14,2 пайызды құрады. Оның ішінде 2017 жылы 2 жоба іске қосылды.

Шағын және орта бизнес                                                                   

Есепті мерзімде, шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын  13119 субъект тiркелiп, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 12779, немесе 97,4 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 33995 және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 108,5 млрд. теңге. Жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлер саны 2016 жылмен салыстырғанда 100,6 пайызға, жұмыспен қамтылғандар 2,0  пайызға және өнiм көлемi 3,0 пайызға артты.

2017 жылы2235 (2016 жылы -3408) азаматқа түрлі қызметтер көрсетілген, оның ішінде кәсіпкерлік кеңес беру-  883 (1494), бизнес жоспар әзірлеу- 55 (91), қаржыландыру – 65 (91), заңгерлік қызмет - 210 (260), заңгерлік кеңес – 609 (1005), даярлау курстарын оқыту-413 (467).

Инвестиция                                                                                   

Негiзгi капиталға 22 116,2 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда (20317,1 млн. теңге) 103,3 пайызды құрады.

Оның iшiнде, республикалық бюджет есебiнен 1169,7 млн. теңге (83,1%), жергiлiктi бюджет есебiнен 5823,9 млн. теңге (87,1%), 15 122,6 млн. теңгесi кәсiпорындардан және халықтың өз қаржысы есебiнен (119,7%) тартылды.

Сауда -логистикалық орталық

Осы мақсатта қаламызда сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20,0 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Орталықтың құрылысына 237,0 млн.теңге бөлінген. Онда жобалық құны 4792,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Аймақтық Үйлестіру кеңесінің ұсынуымен логистикалық орталығына жоба құны                    162 млн.теңге құрайтын  «Ер-Аман» шаруа қожалығы орналасты.

Ауыл шаруашылығы                                                                  

Ауыл шаруашылығы саласында 44 105,3 млн. теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 103,8 пайызға орындалды.

Оның iшiнде, мал шаруашылығы 17 761,7 млн. теңгенi құрап, 104,5 пайыз, егiн шаруашылығы 26 343,6 млн. теңге болып, 103,1 пайыз орындалды.                                 

2017 жылы 43,7 мың гектар жерге егiстiкке егiн егу жоспарланып, егiс көлемi 44 290,8 га  құрап (тапсырма 43700 га) 101,3% орындалды, оның iшiнде астық - 5726,4 га (7164,8 га), дәндiк жүгерi – 3011,5 га (4532,6 га), мақта – 10 843,3 га (6627,6 га), көкөнiс - 3037 га (3843,7 га), бақша - 6109,2 га                  (6470,7 га), майлы дақылдар - 862,8 га (953,5 га), картоп - 736,2 га (767,7 га), малазықтық дақылдары -  13 964,4 га (13 299,4 га).

  Суармалы жердi айналымға қосу                                                

  Жаңадан 400 гектар жердi айналымға қосу жоспарланып, жайылым жерлердiң санатын суармалы жерге ауыстыру арқылы жаңадан 517 га жер айналымға қосылып, жоспар 129,3 пайызға орындалды.

 Үй iргелiк жердi игеру3300 гектарға жоспарланып 100 пайызға орындалды.                                                                                          

      Терең қопсытуәдiсiн 4 600 гектар жерге енгiзу жоспарланып, есептi мерзiмде 4789 гектар жерге енгiзiлiп, тапсырма 104,1% орындалды. Егістік жерді терең қопсытудың пайдасы, біріншіден, жердің жоғарғы бетіндегі құнарлы қабаты (гумусы) сақталады, екіншіден, егістік жер 60-70 см тереңдікте қопсытылып, жердегі ылғалдылықты ұзақ сақтауға мүмкіндік жасалады, үшіншіден, 25-30 см тереңдіктегі тапталып нығыздалған шөгінді қабатты бұзып, дақылдардың тамырының тереңге өсуіне мүмкіндік туады, нәтижесінде терең қопсытылған жерден әдеттегіден 15-20% артық өнім алуға қол жеткізіледі. Соңғы жылдары терең қопсыту әдісі негізінен мақта, жүгері дақылдары егілетін жерге қолданылып келеді.

 Қала бойынша үстiмiздегi жылы 14,0 га жылыжай салынуы жоспарланып, 2017 жылы 18,27 гектар жылыжай салынып 130,5%  орындалды. Жалпы көлемi 65,73 гектарды құрайтын 570 дана жылыжай бар. Оның iшiндегi өнеркәсiптiк жылыжайлар 20,5 гектар.

 Жалпы қаладағы жылыжайлардан  3075 тн. көкөнiс өндiрiлдi. Оның iшiнде, 1580 тн. қияр, 1400 тн. қызанақ болгар бұрышы 95 тн, т.б. өнiм өндiрiлдi және 215 мың дана гүл алынды. 2017 жылы жалпы жылыжайлардан алынған бұл өнімдер қала халқын қызанақпен 60,8%-ға, қиярмен 92,5%-ға қамтамасыз етіп отыр.

 Тамшылатып суаруәдiсiн 1000 гектар жерге енгiзу жоспарланып, есептi мерзiмде 1347 гектар жерге ендiрiлiп, 134,7 пайызға орындалды. Тамшылатып суару әдiсi негiзiнен жемiс-жидек пен жүзiмдiк алқаптың 987 гектарына, бақшаның 60 гектарына, мақтаның 300 гектарына енгiзiлдi. Қолданылғанжалпы жер көлемi соңғы төрт жылда 7 335,5 гектарды құрады. Ағымдағы жылы 55 гектар жерге қарқынды бау, 767 гектар жерге жүзiм егiлдi.

Қайта өңдеу

«Тұран» ш/қсүт өңдеу зауытында 2017 жылы 344,9 тн. пастерленген сүт, 123,1 тн. сарымай, 156,7 тн. айран, 87,2 тн. қаймақ, 53,6 тн. сүзбе, 56,7 тн. ірімшік, 75,8 тн. сұйық қаймақ дайындалды (2017 жылы «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағыты бойынша дайындалған              13,3 тн қатты ірімшікке 3,8 млн теңге, 62,8 тн сарымайға 12,4 млн теңге, жалпы 16,2  млн теңге субсидия алды) және май цехынан 131,2 тн. тазартылған мақта майы шығарылды.

 «Мұзды тау» ЖШС 2017 жылы 350 тн балмұздақ өңдірді.

 «Ақ жол» ЖШС 448 тн. шұжықтың 12 түрі және «Түркістан» СТК                    595,0 тн. шұжық дайындады. Ал, Оранғай а/о ″Әл-Береке″ АШК-нің жеміс-жидек және көкөніс өңдеу цехында 1204 тн,  қосалқы шаруашылықтарда 900 тн  өнім өңделіп, жалпы 2104 тн жеміс-жидек және көкөніс өңделді.

Яссы құс″ шағын құс фабрикасында 5,1 млн.дана жұмыртқа, 20,0 тн. құс еті дайындалды.

 Түркістан қаласының тұрғындарын өзімізде өндірілетін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету денгейі жылдан-жылға артып келеді.

2017 жылы қала халқы көкөніс, бақша, жеміс-жидек, жүзім, ет және сүт өнімдерімен артығымен қамтамасыз етілсе, астықпен 57%-ға, картоппен 80%-ға, жұмыртқамен 30%-ға қамтамасыз етілді.                                             

2017 жылы қала бойынша жалпы экспортқа жөнелтілген өнім көлемі  35,1 мың тонна болып, орта есеппен 3,1 млрд.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерi                               

2017 жылы 6 бiрлiк  ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiн ашу жоспарланса, есептi мерзiмде 83 бiрлiк ауыл шаруашылығы кооперативтерi құрылды. Ашылған кооперативтердiң 8-i мал шаруашылығымен, 6-сы егiн шаруашылығымен, ал қалған 69-ы аралас бағытта жұмыс iстейдi. Жалпы              83 кооперативке барлығы 972 азамат мүше болып тіркелген.              

Қала бойынша жалпы сыйымдылығы 19640 тонна құрайтын 8 бiрлiк жемiс-көкөнiс сақтайтын қоймаларбар. Бұл қоймалар қажеттiлiктi толық қамтамасыз етедi.        

Су нысандары туралы

Қала аумағында жалпы 105 каналдар, арықтар мен 28 су қашыртқылары,  522 тік дренажды ұңғымалар және 7 су қоймалары бар.

Оның ішінде, республикалық меншікте:

-    Арыс-Түркістан каналы ұзындығы 92 км

-    18 канал, жалпы ұзындығы 127 км

-    15 су қашыртқысы, жалпы ұзындығы 50 км

-    72 тік дренажды құдықтар

-    4 су қоймасы

Коммуналдық меншікте:

-    84 канал, жалпы ұзындығы 1064 км

-    13 су қашыртқысы, жалпы ұзындығы 168 км

-    390 тік дренажды құдықтар

- 2 су қоймасы (1 облыстық коммуналдық меншікте, 1 қаланың коммуналдық меншігінде)

Жеке кәсіпкерлердің иелігінде: жалпы ұзындығы 22 км болатын  2 канал,  60 тік дренажды ұңғымалар және 1 су қоймасы бар.

 2017 жылы Үшқайық ауылдық округінен жаңадан «Қарашық» шағын су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Сиымдылығы 1,8 млн.м3, игерілетін жер көлемі 350 гектар.                                                                                  

 «Сыбаға» бағдарламасыбойынша ағымдағы жылы 3030 iрi қара мал алынып, тапсырма (жылдық жоспар - 1226 бас) 2,4 есеге орындалды. Бағдарлама аясында бүгiнгi таңға жалпы 15472 бас IҚМ сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасыбойынша 103 бас жылқы аналығын алу жоспарланып, 115 бас бие сатып алынды, 111,7 пайызға орындалды, жалпы бағдарлама аясында 615 бас жылқы аналығы сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасыбойынша 4222 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2060 бас), тапсырма 2,0 есеге орындалды. Бағдарлама аясында жалпы 16882 бас аналық қой алынды.

269 бiрлiк мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, 277 бiрлiк ашылып, 103 пайызға орындалды. Жалпы 906 бiрлiк мал бордақылау алаңдарында 18050 бас IҚМ-дан тiрi салмақта 7580,2 тн ет өндiрiлдi.

Жанұялық сүт аулаларын ашу60 жоспарланса, есептi мерзiмде  66 бiрлiк шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, тапсырма 110,0пайызға орындалды. Жалпы 180бiрлiк жанұялық сүт аулаларында 3156,8 тн сүт өндiрiлдi.                                                                                                             

Қала бойынша мал басы және өнiмдерi мен өнiмдiлiгi өткен жылмен салыстырғанда едәуiр артты:

Мал басы:IҚМ басы 83,1 мың бас, (2016 жылы 76,3 мың бас) 117,6%-ға, қой-ешкi 414,6 мың бас, (2016 жылы 387,1 мың бас) 108,2%-ға, жылқы  12,5 мың бас, (2016 жылы 9,3 мың бас) 131,1%-ға, түйе 3,0 мың бас,   (2016 жылы 2,7 мың бас) 107,1 %-ға, құс 120,9 мың бас, (2016 жылы  96,4 мың бас) 103,0 %-ға, шошқа 1,1 мың бас, (2016 ж. 1,0 мың бас) 110,0%-ға орындалды.

Мал өнiмдерi: ет 15,9 мың тн (14,7 мың тн) 108,0 %, сүт 62,8 мың тн (62,4 мың тн) 100,6 %, жұмыртқа 10,9 млн. дана (2016 ж. 10,2 млн. дана)  107,5% құрады, жүн 0,8 мың тн болып, (2016 ж. 0,7 мың тн) 101,5%-ға артты.

Бiлiм саласы                                                                              

Есептi мерзiмде, қала бюджетiнiң 59,6 пайызы немесе 19113,2 млн. теңге қаржы бiлiм беру саласына бағытталды.

Бiлiм беру саласының құрылыстарына 685,2 млн. теңге игерілді, оның iшiнде 3 нысан құрылысын аяқтауға: Н.Төреқұлов атындағы 200 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 171,7 млн. теңге, Жүйнек ауыл округiндегi  120 орындық балабақша құрылысына 169,3 млн. теңге, Қарашық ауыл округiндегi 120 орындық балабақша құрылысына 163,8 млн. теңге.

2 нысан өтпелі: Қосқорған ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысы 152,0 млн. теңге, С.Рахимов жалпы орта мектебiнiң акт залы және асханасының құрылысына 28,4 млн. теңге.     

Қалада 2669 мектеп бiтiрушiлердiң 1644-i қазақ, орыс, 1025-i өзбек сыныбын бiтiрдi. Бітіруші 1710 оқушы ҰБТ тапсыруға өтiнiш берiп, 1655-i тест тапсырды. 2016 жылы 2631 оқушының 1493-i ҰБТ қатысқан, тест тапсырған оқушының саны 162-ге артты. Орта балы - 76,04 болды (2016 жылы орта балы 81,59 құрады). Бітірушілердің 572 оқушы грантқа, 111 оқушы «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен.

«Алтын белгi» иегерлерiнiң саны 130 құрап, 2016 жылмен салыстырғанда  66 оқушыға, «Үздiк аттестат» саны 78 құрап, 38 оқушыға артты. Оның ішінде   ҰБТ қорытындысымен  83 оқушы білімін растады немесе 63,9 пайыз.

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 20 363 құрайды. Жалпы  75 балабақшада, оның iшiнде мемлекеттiк 34 балабақшада 4545 бала,  41 жекеменшiк балабақшада 4530 бала, 63 шағын орталықтарда 8 740 бала, барлығы 17 815 бала балабақшамен қамтылып 87,5 пайызды құрап отыр.

 Әлеуметтiк сала                                                                               

Қала халқының саны 262,0 мың адамды құрады, оның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 102,9 мың адам.

Жұмыссыздар    саны  5230  адамды  құрап,   жұмыссыздық деңгейi  5,1 пайызды құрады.                                                                                 

2017 жылы кешендi жоспар бойынша 5258 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнен 1926 адам жұмыссыздар, 1893 адам нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар, 1439 адам жұмыс iздеушiлер қатарындағы санаттары белгiленген.                                                                                          

Есептi мерзiмде 7127 адам қамтылды, орындалуы 135,5 пайызды құрап отыр.

Оның iшiнде санаттары бойынша:

- Жұмыссыздар - 3109 адам немесе 161,4 пайыз.

- Өздiгiмен жұмыспен қамтылғандар - 2101 адам немесе 111,0 пайыз.

- Жұмыс iздеушiлер - 1542 адам немесе 107,2 пайыз.                                                                          

1-бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету».

2017 жылы бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi қайта даярлауға жалпы 1541 азамат жоспарланған, оның iшiнде кәсiби даярлауға 1017 азамат, қайта даярлауға қысқа мерзiмдiк оқуға 524 азамат. Жыл ішінде  375 азамат кәсiби даярлауға (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай), 964 азамат қысқа мерзімдік оқуға (3 ай) жолданып, 505азамат  тұрақты жұмысқа орналасты.

2-бағыт  «Жаппай  кәсiпкерлiктi     дамыту».                   

2017 жылы 139 азамат шағын несиелендiруге жоспарланған (қаралған қаржысы 506,2 млн. теңге). Есептi мерзiмде қаржы ұйымдарынан 145 азаматқа 655,8 млн. теңге шағын несие берiлдi. Оның iшiнде 73-i өз iсiн ашуға, қалған 72 азамат өз iсiн кеңейтуге ашқан. Несие алған азаматтар арқылы қосымша 139 жаңа жұмыс орны ашылды.                                                   

3-бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».

Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру жоспары 400, орындалуы 555 азамат, жастар практикасына жоспары 350, нақты орындалуы 422 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспары  500,  орындалуы 509 азамат, жаңа жұмыс орындарына 262 азаматтарды қатыстыру жоспарланып, 720 азамат қамтылды.

Тұрақты жұмысқа 2266 азаматты қатыстыру жоспарланып, 3437 азамат бағдарлама шеңберiнде қатыстырылып жұмыспен қамтылды.

 «Өрлеу»мемлекеттiк бағдарламасы бойынша ақшалай көмекке 2017 жылы республикалық бюджеттен 550,7 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттен 593,6 млн. теңге 2696 отбасына тағайындалып, қаралған қаржы толығымен игерiлдi. 2017 жылы «Өрлеу» жобасына қатысқан отбасылардың қаржыны мақсатты жұмсалуының нәтижесінде 2696 адам өз кәсібін ашқан.

Мүгедектерді әлеуметтік шаралармен қамту мәселелері бойынша  3747 адам өтініш беріп, 2368 адам қамтылды немесе 63,2 пайызды құрады.

Тұрғын үй жәрдемақысыбойынша 2017 жылы 1482 отбасына,   39,6 млн. теңге қаржы игерiлдi (2016 жылы 1908 отбасы, 31,2 млн. теңге).

Мәдениет, спорт және туризм

Мәдениетсаласында 1242 мәдени iс-шара өткiзiлiп, оған 230,0 мыңға жуық адам қатысты.

Қала тарихындағы елеулi оқиға 2017 жылы «Түркiстан - түркi әлемiнiң мәдени астанасы» мәртебесiне ие болуы. «ТҮРКСОЙ» ұйымы аясындағы бұл шара қаланың халықаралық деңгейдегi атының танылуына, әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлкен жол ашып отыр.

Осыған орай «Наурызнама» атауымен 20 түркiтiлдес мемлекеттерден  300-ден астам өкiлдерiнiң қатысуымен Түркiстанда Наурыз мерекесi халықаралық дәрежеде аталып өттi.

Осылайша бастау алған мәртебелi шара аясында жыл көлемiнде 40-тан астам түрлi мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып, қаламыз «ТҮРКСОЙ» ұйымы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Спорт саласы

Есептi мерзiмде, 225 спорттық iс-шаралар өткiзiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 27 жарысқа көбейдi. Осы iс-шараға қатысушылар саны                  23850 адамды құрап, (2016 жылы 21215 адам) өткен жылмен салыстырғанда 2635 адамға артты.

Туризм саласы                                                                                  

2016 жылы қалаға 1 млн. 60 мың зияратшылар мен туристер, оның iшiнде 24,9 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары келген болса, 2017 жылы жалпы      1 млн. 144 мың зияратшылар мен туристер келген, оның iшiнде 35,5 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары. Осылардың нәтижесiнде орналастыру орындарымен көрсетiлген қызметтерден 150,0 млн. теңге табыс түсiп, туризмнiң үлесi қала экономикасының ұлғайуына өз пайдасын қосып отыр. Туристiк нысандарды көбейту және сервистi жетiлдiру бойынша 2016 жылы 708 адамды қабылдауға мүмкiндiгi бар 12 қонақ үй болса, жыл басынан берi жоғары деңгейлi 3 қонақ үйi iске қосылып, барлығы 889 жатын орынды құрап, келген қонақтардан 5 300 млн. теңге табыс түскен.

Тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту бойынша

Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына «Отырар» мөлтек ауданында 5 қабатты көппәтерлi 8 тұрғын үй құрылысы аяталып, 480 пәтер пайдалануға берілді. Одан бөлек, 5 қабатты 20 тұрғын үй құрылысының ЖСҚ-ның сараптамалық қорытындысы алынып, тиісті басқармаларға  қаржыландыру үшін ұсынылды.

Пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң жалпы алаңы 81,6 мың шаршы метрдi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 57,2пайызға артты.

Тұрғын үйлердi жаңғырту бойынша

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін қала аумағындағы 105 көпқабатты тұрғын үйлердің   72 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

2012-2016 жылдары аралығында  қала аумағында 28  көпқабатты тұрғын үйлерге «Шымкент Күрделі құрылыс» ЖШС мен «Түркістан жарық тазалық» ЖШС тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 2017 жылы 15-көпқабатты тұрғын үйлерге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Жылумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласында орталық жылу қазандығының қуаттылығы 20 Гкал (резервтегі қазан 20 Гкал). Орталық жылу қазандығы бүгінгі таңға 75 көп қабатты үйлерге, 62 жеке меншік үйлерге, 24 бюджеттік және 59 коммерциялық объектілерге жылу береді. Қазандықтың орташа жылу шығыны – 16 ГКал.      

«Отырар» мөлтек ауданында 2 қазандық іске қосылып, 12 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу және жылы су берілуде.

  Табиғи газбен қамтамасыз ету                                     

 2013 жылы «Бекзат» ықшам ауданында «ҚазТрансГазАймақ» ҰК өз қаражатына 3018 тұрғын үйге газ құбырларын жүргізді. Бүгінгі таңда                   1823 тұрғын үй газбен қамтылып отыр. Қалған үйлерге газ құбырына  қосу жұмыстары жүргізілуде.

Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы бойынша 36 елді мекеннің 35 елді мекені толығымен электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қамтылмаған Егізқара елді мекеніне күн сәулесінен электр қуатын өндіретін қондырғылар орнатуды мемлекеттік жекеменшік әріптестігі арқылы іске асыру жоспарлануда.     

  Қала аумағында 2007 жылға дейін берілген жер телімдерінің есебінен құрылған жаңа тұрғын үй массивтерін сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы 2017 жылы  2 нысанның (Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивтерді электрмен қамтамасыз ету құрылысы (ІІ кезек) 221,2 млн. теңге,  Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысы (ІІ кезек) 248,8 млн. теңге), құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді, осы аумақта 1610 тұрғын үй сапалы электрмен қамтылды. Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы «Сауран» және «Иассы» мөлтек аудандары мен Шәуілдір тас жолы бойындағы «Отырар» мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, басқармаға өткізілді.

Сонымен қатар қала аумағына және ауылдық округтерге қосымша  18 трансформатор қондырғылары орнатылды. Тұрғындарды сапалы электрмен жабдықтау көрсеткіші 72 пайызға жеткізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы және 35 елді мекеннің 27-сінде 234,1 мың адам орталықтандырылған ауыз су жүйесімен, немесе қала халқының 90,0 пайызы қамтамасыз етілген.

      Сарқынды су

Қалада қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазалау имараты сонымен қатар 27 сарқынды су насосы және 127,5 шақырым сарқын су магистралды  құбыры іске қосылған. Халық санының өсуіне байланысты                 210,5 шақырым сарқынды су құбыры және 18 насос станциясы құрылысын жүргізу қажет.

      Автокөлiк жолдары

Түркiстан қаласында 1365 көше, оның iшiнде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.

2017 жылы МКТУ аумағынан Отырар мөлтек ауданына баратын жолдың күрделі жөндеу жұмыстарына 164,6 млн теңге қаржы игерiлдi. 25 көшенi орташа жөндеу жұмыстарына 474,3 млн теңге, 22 көшеге тас төсеуге 118,6 млн теңге, 24 көшенi ағымдағы жөндеуге 36,3 млн теңге қаралып жұмыстар толықтай жүргізілді. Жалпы 36,5 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек ауылдық округтерде 11 көшенi орташа  және тас төсеу жұмыстарына 82,8 млн теңге қаралып қажетті жұмыстар толығымен орындалды. 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 57 млн теңгеге ЖСҚ-ы әзірленді. Жалпы 933,6 млн теңге игерiлдi.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы  16 718 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, электрондық үкімет порталы арқылы 10896 қызметтің түрі ұсынылды.

  Құжат айналымы                              

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2017 жылы азаматтардан 5010 өтініштер келіп түсті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда  6196яғни 1186 өтінішке азайып отыр.

Қоғамдық-саяси ахуал

Қала бойынша атқарылып отырған экономикалық-құқықтық, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстар жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылып келеді.

 

Бүгінгі таңда қалада үкіметтік емес ұйымдардың  жалпы саны 22, оның    3 этно-мәдени орталық («Түркістан қалалық өзбек мәдени орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының филиалы», «Ахыска» Түрік мәдени орталығы»), 19 қоғамдық бірлестіктер жұмыс атқаруда. 

 

2017 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепке

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Жыл басында жергілікті бюджеттің есеп шотындағы қаржы 327,0 млн.теңгені құрады. 2017 жыл ішінде барлығы кірістер көзіне 31 млрд. 847,7 млн. теңге түсіп, шығыстарынан кассалық орындауы 32 млрд. 061,5 млн.теңгені құрады. Жыл соңындағы қалдық 113,3 млн.теңгені құрап отыр. Оның ішінде  бөлімдер бойынша игерілмеген қаржы 6,9 млн.теңге, кіріс көзінің артық орындалуынан 106,4 млн. теңге. Талдауы:

Жергілікті бюджеттің кірістері  31 млрд. 552,6 млн.теңгені құрап, жоспар 100,3 пайызға (%) орындалды және 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 3,3 млн.теңгеге көп немесе 12 %-ға жоғары.

Атауы

2016жылы нақты түскені

2017жыл

2017-2016 жылмен салыстырғанда

 

Жылдық жоспар

Нақты түскені

Айырма

%

 

%

сома

 

КІРІСТЕР

    28 165,3

31 446,3

31 552,6

106,3

100,3

112

3 387,3

 

оның ішінде

               

Салықтық түсімдер

2 632,2

      2481,5

     2578,0

96,5

103,9

97,9

-54,2

 

Салықтық емес түсімдер

32,4

         28,5

       32,8

4,3

114,9

101,2

0,4

 

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

140,8

        73,4

      78,9

5,5

107,5

56

-61,9

 

ТРАНСФЕРТТЕР

   25 359,9

28 862,9

28 862,9

0

100,0

113,8

3503

 

оның ішінде

 

 

 

 

       

Субвенция

9 946,5

    23 696,5

  23 696,5

0

100,0

238,2

13750

 

Ағымдағы нысаналы трансферттер

8 903,1

   1 433,3

  1 433,3

0

100,0

16,09

-7469,8

 

Нысаналы даму трансферттер

6 510,3

   3 733,1

 3 733,1

0

100,0

57,3

-2777,2

 

  Салықтық түсімдержоспарланған  2 481,5 млн.теңгенің орнына 2 578,0 млн.теңгені құрап, жоспар 103,9 %-ға немесе 96,5 млн.теңге асыра орындалды. 2016 жылмен салыстырғанда түсімдер 54,2 млн.теңгеге азайған.

      Жеке табыс салығы бойынша түсімдер 936,9  млн.теңгені құрап, жоспар 101%-ға немесе 9,6 млн.теңгеге асыра орындалды.

Әлеуметтік салық бойынша жоспардағы 660,7 млн.теңгенің орнына 668,3 млн.теңге түсіп, жоспар 101,1%-ға немесе 7,5 млн.теңгеге асыра орындалды.

 Салықтық емес түсімдер жоспары 114,9 %-ға орындалды немесе  28,5 млн.теңгенің орнына 32,8 млн.теңге түсіп  жоспар 4,3 млн.теңгеге асыра орындалды және 2016 жылмен салыстырғанда 0,4  млн.теңгеге көбейген.

Трансферттердің түсімдері28 862,9 млн.теңгені құрады немесе жоспар 100%-ға орындалды.

 Облыстық бюджеттен 28 862,9 млн.теңге нысаналы трансферттер түсті, атап айтқанда ағымдағы нысаналы трансферттер 1433,3  млн.теңгені, нысаналы даму трансферттері 3 733,1 млн.теңгені, субвенциялар 23 696,5 млн.теңге бөлінді.

Бюджеттің шығыстары  жоспарланған  32 млрд. 068,4 млн. теңге қаржының  игерілуі  32 млрд. 061,5 млн.теңгені құрап, обьективті себебпен жоспар  6,9 млн. теңгеге игерілмеді  (100 пайыз).

 Оның ішінде :

-Республикалық бюджеттен-3,4 млн. теңге,

-Облыстық бюджеттен-0,8 млн. теңге,

-Жергілікті бюджеттен- 2,7 млн.теңге.

      Бюджеттің атқарылу құрылымында ең үлкен үлес салмақты білім беру – 59,6%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 20,2%, әлеуметтік сала -8,3%, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер -2,2%, отын энергетика кешені -1,0%,  мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 2,2%, ауыл,су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 1,1%, көлік және коммуникациялар – 2,7% және қалған шығындар -2,7% құрады.

 

   

                           Атауы

Жылдықжоспар

Орындалуы

%

Айырма

ШЫҒЫСТАР барлығы:

32 068,4

32 061,5

100

-6,9

оныңішінде:

       

ШЫҒЫНДАР:

31 831,3

31 824,4

100

-6,9

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

712,7

712,7

100

0

Қорғаныс

149,2

148,7

100

-0,5

Қоғамдықтәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

89,1

89,1

100

0,0

Бiлiм беру

19 113,2

19 112,3

100

-0,9

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2 668,5

2 664,0

99,8

-4,5

Тұрѓын үй-коммуналдықшаруашылық

6 475,9

6 475,4

100

-0,5

Мәдениет, спорт, туризм жғне ақпараттықкеңістiк

698,1

698,1

100

0

Отын-энергетика кешенi жғне жер қойнауын пайдалану

320,2

320,2

100

0

Ауыл, су, орман, балықшаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны жғне жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

326,3

326,3

100

0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

148,6

148,5

100

-0,1

Көлiк жғне коммуникация

864,1

863,7

99,9

-0,4

Басқалар

106,6

106,6

100

0,0

Борышқа  қызмет көрсету

0

0

100

0

Трансферттер

158,6

158,6

100

0

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР

10,2

10,2

100

0

ҚАРЖЫЛЫҚАВТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ

221,3

221,3

100

0

МЕМЛЕКЕТТІҢҚАРЖЫЛЫҚАКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР

279,3

279,3

100

0

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

5,5

5,6

100

0

             

Республикалық бюджеттен трансферттер99,6%-ға орындалды (жоспар  873,1 млн. теңге орындалуы 869,6 млн. теңге құрады), соның ішінде:

·                    ағымдағы трансферттер – 99,6%( 869,6млн.теңге).

Облыстық бюджеттен трансферттер100%-ға орындалды (жоспар  4 293,4 млн. теңге орындалуы  4 292,8 млн. теңге құрады), соның ішінде:

·                    даму трансферттері – 100% (3 733,1 млн.теңге);

·                    ағымдағы трансферттер – 99,9%(559,5млн.теңге).

Кредит бойынша

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй сатып алуға жоспарланған 10,2 млн.теңге 100  %-ға  орындалды.

Қаржылардың функционалдық топ бойынша игерілуі:                                                                                                                                 

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету»функционалды тобы бойынша жоспар 100%-ды немесе шығындар 712,7 млн.теңгені құрады.

Бұл топта мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын, атап айтқанда, қалалық мәслихат аппараты, қала әкімінің аппараты, ауыл округтерінің аппараттары, экономика және қаржы  бөлімі мен кәсіпкерлік және туризм бөлімі қызметтерінің қаржылары  қамтамасыз етілген.

«Қорғаныс»функционалды тобының шығындары 148,7 млн.теңгеге, 100,0%-ға орындалды. Бұл топта әскери іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына 21,6 млн.теңге және қала ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-шараларына 127,1 млн.теңге қаржыландырылды.

 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік»функционалды тобы бойынша бюджет қаржысының орындалуы 100,0%-ды немесе шығындардың игерілуі 89,1 млн.теңгені құрады. Бұл топ бойынша 372 шқ тура сызық, үзік сызық 2151,3 м жол бөлу сызықтары  17,9 млн.теңге, 236 дана күн сәулесінен қуат алатын жол белгілері (катафот) мен 355 дана жол белгілерін орнатуға 11,8 млн.теңге,  2 көшеге (С.Ерубаев-Нұрмаханов, Жеңіс саябағының алдына)  бағдаршам орнатуға 5,5 млн.теңге, 23 дана бағдаршам нысанын пайдалану және қызмет көрсету, ауыстыру жұмыстарына 13,6 млн.теңге, 41 дана бейнебақылау камераларының Wi-Fi антенналарын автоволокнаға алмастыруға  38,1 млн.теңге  және 4 көшеге жасанды жол кедергісін орнатуға 2,2 млн.теңге жұмсалды.                                                                                                                                                                         

 «Білім беру» функционалды топ бойынша 19 млрд.112,3 млн.теңге қаржы қаралып,  100,0%-ға орындалды.

 Жалпы  білім беруді  65-мектеп, 2-мектеп-балабақша, 2-мектеп интернат, 1-сырттай оқыту мектебіне  12 млрд  990,8 млн.теңге игерілді.  Жалпы оқушы саны – 58986. Оларға 3350 штат бірлігі, 5679-мұғалімдік жүктеме қызмет атқарды.

Білім қорына игерілген қаржы 159,3 млн.теңге.  Оның ішінде:  аз қамтамасыз етілген  отбасылардың 3942 балалардың тамағына  135,0 млн. теңге,  341 баланы киім-кешекпен қамтамасыз етуге 13,6 млн.теңге, 18 жетім балалардың көмегіне – 0,7 млн. теңге. 498  баланың  жазғы сауықтыру лагеріне  баруына 10,0 млн.теңге игерілді.

87,5 % пайыз қамту мақсатында бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған 20 балабақшада - 4238 бала, 40 жеке балабақша – 4859 бала, 66 шағын орталықта - 9025 бала қамтылып отыр. Шағын орталықтарда 870,75 қалалық балабақшаларда 1163,57 штат бірлігі жұмыс атқаруда.Түркістан қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16  тамыздағы №1645 қаулысына сәйкес Қарашық ауылдық округінде 120 орындық «Құлыншақ» балабақшасы мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық кәсіпорны жәнеТүркістан  қаласы әкімдігінің 16 тамыздағы  №1344 қаулысына сәйкес 120 орындық Жүйнек елді мекенінде «Шамшырақ»  балабақшасы мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны пайдалануға берілді.

 «Балапан» бағдарламасы бойынша 4 338,3 млн.теңге  игерілді.    

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметіне жергілікті бюджеттен 73,2 млн.теңге игерілді.  «31 бастауыш мектеп бала бақша кешені» мекемесінде 68 штат бірлігі жұмыс істеуде.

  Жетім баланы  (жетім балаларды) және  ата-аналарының  қамқорынсыз қалған  баланы (балаларды) күтіп ұстауға, қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлеміне  173 балаға (22690 теңгеден)  47,2 млн.теңге игерілді.    

19 Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу үшін 17 тәрбиешінің  айлық жалақысына 5,3 млн. теңге, 21 балаға киім-кешек алуға 5,7 млн. теңге  игерілді.

      Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алуға 441,2 млн.теңге  жұмсалды.

 Атамұра  баспасынан  87818 дана кітап, «Алматы кітап » баспасынан 26758 дана, «Бөбек» баспасынан 15868 дана, «Көкжиек-горизонт» баспасынан 23414 дана, «Арман-ПВ» баспасынан 19256 дана, «Келешек-2030» баспасынан 6345 дана, «Мектеп» баспасынан  6154 дана, «Астана кітап» баспасынан 250 дана, «Шикула и К баспасынан» 20258 дана, «Жазушы» баспасынан 41140 дана, Назарбаев  Зияткерлік мектебінен 3982 дана, «Express Publishing» баспасынан 13600 дана, «Interpress»  баспасынан  35840 дана, «Study inn» 1347 дана. Барлығы  302030 дана  оқулықтар мен  әдістемелік кітаптар алынды.  Тасымалдау қызметтеріне 1,3 млн.теңгеге  игерілді.

     Әлеуметтік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның   резерві  есебінен  ««№25 жалпы орта мектебіне»-9,5 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандандыру»  функционалды топ бойынша жоспарланған 2 591,5 млн. теңге қаржының  игерілуі 2 587,0 млн.теңгені құрап, 99,8 пайызды құрады, оның ішінде нысаналы трансферт қаржыларының игерілуі 1 291,8 млн.теңге.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  шеңберінде

Республикалық бюджеттен игерілгені 203,1 млн. теңге. Оның ішінде:

Әлеуметтік жұмыс орындарыбойынша игерілген қаржы 87,4 млн. теңге.

Жастар практикасы бойыншабөлінген қаржы 119,1 млн. теңге, игерілгені 115,8 млн. теңге. 

Облыстық бюджеттен:

Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша жоспарланған қаржы157,4 млн. теңге, игерілгені  156,7 млн. теңге

964 азамат қайта даярлау курсына жіберілді. Оның ішінде:

-№21 колледжімен келісім-шарт жасалынып, аспазшы мамандығына-100 адам, тігінші мамандығына -40 адам, машинист мамандығына -30 адам, слесарь мамандығына -30 адам, газбен дәнекерлеуші -30 адам, құрылысыш мамндығына-20 адам, оператор мамндығына-20 адам, электромонтер мамндығына-30адам;

-№23 колледжімен келісім-шарт жасалынып, ауыл шаруашылығы мамндығына-31 адам;

-МКТУ колледжімен келісм шарт жасалынып, шаштараз мамандығына-30 адам, администратор мамандығына -14 адам;

-«Көктем-С» балабақшасы ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып, бала күтуші мамандығына-36 адам, даяшы мамандығына-43 адам;

-«Лидер Про» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынып, есепші мамандығына-54 адам, кассир мамандығына-46 адам;

-«Даму» ЖШС-мен келісімге сәйкес, жихаз жинақтаушы мамндығына-31 адам, шаштараз мамандығына-40 адам, тігінші мамандығына 39 адам;

-«Білім беру» орталығы ЖШС-мен келісімге сәйкес, газбен электр дәнекерлеуші мамндығына-25 адам, бағбандық мамандығына-75 адам, электрик мамандығына-50 адам, от жағушы мамандығына-150 адам;

Жергілікті бюджеттен еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша:

                 Қоғамдық жұмысқа 509 азамат тартылып 27,8 млн. теңге  игерілді.   оның ішінде; «Жарық тазалық»-қала 195 адам, «Жарық тазалық»-ауыл 202 адам, «Сарбаздар»  -74 адам, Салық басқармасы 38 адам қамтамасыз етілді.

Ауылдық жерлерде тұратын 170- денсаулық сақтау,  1884-білім, 16-әлеуметтік қамсыздандыру, 5-мәдениет, 14-спорт мамандарына 5,1 млн. теңге игерілді.

Әлеуметтік қызмет көрсету бөліміндегі 50 штат бірлігі  41 жалғыз басты қарт зейнеткерлер, 155 мүгедек балалар, барлығы 196 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде 23,25 әлеуметтік қызметкерлер ауыл әкімшіліктерінде 85 мұқтаж азаматтарға қызмет етеді.

Әлеуметтік көмек тұрғын үй көмегі бойынша 1463 отбасыға 39,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақылар 5667 отбасыға 489,7 млн.теңге, «Өрлеу» жобасы  бойынша 2696 отбасыға 1144,2 млн.теңгеге көрсетілген.              

 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша  7144 әр түрлі санаттағы адамдарға 85, 4 млн. теңге игерілді. 

  Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 340 балаға  6,6 млн. теңге игерілді. Оның ішінде ауылды жерде тұратын 140 балаларға 2,7 млн. теңге, қалада тұратын 200 балаға 3,9 млн. теңге төленді.

  Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілінің мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі    бойынша:

- Мүгедектерді арнайы гигиеналық заттармен қамтамасыз етуге жергілікті  бюджеттен 185,2млн. теңгеге:

жүріп тұруы қиын 1-топтағы 630 мүгедектерге 630 жеке көмекшілердің қызмет етуге 83,4млн. теңге игерілді;

-4 ымдау тілінің  маманы  18  мүгедекке 180 сағат қызмет көрсетуіне – 2,7 млн теңге;

-Балаларға арналған 155280 дана памперске -20,3 млн теңге, ересектерге арналған памперс 243840 данаға 78,6 млн. теңге, несеп қабылдағыш 180 дана 0,1 млн.теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен -98,4 млн. теңгеге:

-Балаларға арналған 86750 дана памперс 13,1 млн. теңгеге, ересектерге арналған памперс  107500 дана 34,7 млн. теңгеге және  нәжіс қабылдағыш 2118 дана 2,7 млн теңгеге, несеп қабылдағыш 3177 дана 2,3 млн. теңге, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) 283605 дана 35,1 млн. теңгеге  және басқа да қажетті заттар 805 данада 2,6 млн. теңгеге барлығы 90,6 млн. теңгеге алынды.

-4 ымдау тілінің маманы 65 мүгедекке 1980  сағат қызмет көрсетуіне – 7,3 млн. теңге;

-413 ерекшілік бойынша 0,5 млн. теңгеге 121 мүгедек жаңадан шыққан құралдармен қамтамасыз етілді.

Жалпы республикалық бюджеттен 1222 мүгедек, жергілікті бюджеттен 931 мүгедек қамтамасыз етілді.

          Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша – Инватакси қызметінереспубликалық бюджеттен 2,8 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 6,6 млн. теңге, барлығы 9,4 млн. теңге игеріліп, 231 мүгедекке және 24 бала оңалту орталығына баруға қызмет көрсетілді.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»  функционалды тобы бойынша жоспардағы 6 млрд. 475,9 млн.  теңгенің  игерілуі  6 млрд. 475,4 млн. теңгені құрады.Атқарылуы  100 пайыз.

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу,

реконструкциялау бағдарламасыбойынша облыстық бюджеттен  Отырар м/а №3, №4,№5№6,№7,№8,№9,№10 тұрғын үйдің құрылыстарына 2 250,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландырумен 23,9 млн.теңге  игерілді. Нысан өз мерзімінде қабылданып нәтижесінде 480 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.Отырар мөлтек ауданындағы 5 қабатты көп пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы ЖСҚ дайындауға-26,8 млн.теңге,Отырар мөлтек ауданындағы 1 этажды 150 коттедж үйлердің құрылысы ЖСҚ-10,8 млн.теңге игерілді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру бағдарламасы бойынша:

Облыстық бюджеттен Отырар мөлтек ауданы Айналма тас жолы бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысына  61,8 млн.теңге игерілді және жергілікті бюджеттен 5 нысанның құрылыстарының ЖСҚ 42,4 млн.теңгеге  дайындалды.

 Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту бағдарламасы бойынша:

 1) Түркістан қаласындағы аквапаркті және Б.Саттарханов атындағы спорт  кешеніне іргелес жатқан аумақтарды абаттандыру жұмыстарына 221,8 млн.теңге;

 2) Түркістан қаласындағы Н.Назарбаев көшесін абаттандыруға 110,2 млн.теңге;

 3) Түркістан қаласындағы 23 мектеп және Шойынбет би көшелерін абаттандыруға (көше жарықтандыру және тротуар)-65,5 млн.теңге;

4) Түркістан қаласы Абай көшесін абаттандыру (көше жарықтандыру және тротуар)-59,5 млн.теңге,

5) Түркістан қаласы 22 мектеп көшесін абаттандыру (көше жарықтандыру және тротуар)-99,9 млн.теңге;

6) О.Жарылқапов көшесі Қызылорда тас жолы мен Төле би көшесінің қиылысы аралығына аяқ жол және көшені жарықтандыруға-74,9 млн.теңге;

7) Парасат саябағын абаттандыру құрылыс жұмыстарына-5,0 млн.теңге

8) Парасат саябағын абаттандыру жөндеу жұмыстарының ЖСҚ дайындау-4,5 млн.теңге,

           9) Қ.А.Ясауи кесенесі аумағынан этно саябақтың құрылысы ЖСҚ дайындауға-19, млн.теңге игерілді.

Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасына  482,2 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

       «Түркістан-Қызылорда тас жолы бойында орналасқан тұрғындар алқабын электрлендіру құрылысы (екінші кезек)» 219,0 млн.теңге, «Бекзат шағын ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы» (2 кезек) 246,3 млн. теңге игерілді. Нысандар  пайдалануға қабылданды.  Сауран м/а Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы, Отырар м/а Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрмен қамтамасыз ету құрылысы жобалау-сметалық құжаттарын дайындалды.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасына  228,4 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

 «Бершін төбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысына» 139,3млн.теңге, «Шойтөбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы» 55,0млн. теңге игерілді.

«Ескі Сауран елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Қаражон елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Шаға елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Бершін төбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Шойтөбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «А.Үсенов елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету», «Жаңа Иқан а/о, Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету» «Шорнақ а/о, Аша елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету» құрылысы нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 34,1 млн. теңге игерілді. 2-нысанның ЖСҚ-ы 2018 жылға өтпелі.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойыншақаланың негізгі көшелері мен қоғамдық орындарын түнгі уақыттарда жарықтандыру мақсатында 37 нысанда 7712 жарық көзін үздіксіз жанып тұруын қамтамасыз етуге 100,0 млн. теңге игерілді.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 175,0 млн.теңге игерілді. Онда  қаланың негізгі 52 көшесінің және 19,9 шқ авто жол жиектері іргетас маңын сыпыру, тазалау жұмыстары, 75 шқ негізгі көшелер бойындағы көгалды аймақтағы қоқыстарды тазалау жұмыстары, айына бір реттен 34,4 мың метрді тас арықтарды қолымен тазалау, негізгі 7 көшенің 16,9 шқ жол бетін автокөлікпен жуу, қаланың негізгі көшелерінің бойындағы пайда болдған бей-берекет жатқан 112 шқ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары атқарылды.

 Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу бағдарламасы бойынша «Қарашық-1», «Қарашық-2», «Қаракөз», «Шойтөбе», «Батыс», «Бірлік» мұсылмандар және «Христиандар» зираттарын  күтіп ұстау жұмыстарына  6,6 млн. теңге игерілді.

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша  2 202,0 млн. теңге игерілді.

 «Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік»функционалды тобы бойынша:

Мәдениет саласы  бойынша 2017 жылға  нақтыланған бюджеттің жоспары 416 610,0 мың теңгені  құрап , игерілуі  100 пайызды құрап отыр«Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік  бағдарламасы бойынша   қалалық «Мәдениет үйі» МКҚК қаржыландырылды. Оның ішінде:

Мәдениет үйі – 51 штат;

Ауылдық клубтар -30,5 штат.

Қаладағы түрлі деңгейдегі  28 мерекелік іс – шараларға 28,2 млн. теңге игерілді.                  

«Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi» бюджеттік бағдарламасы бойынша   2мекеме қаржыландырылды.        Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 629426 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақ тілінде 299188, орыс тілінде 280386, шет тілінде 49852.  Оқырман саны 53765, жалпы жыл көлемінде келушілер саны 513103. 2017 жылдың көлемінде жалпы 9471 кітаппен толықтырылды. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2800,0 мың теңгеге 1400 кітап сатып алынды, мемлекеттік тапсырыс бойынша Отырар кітапханасынан  7278 кітап қайтарымсыз, жергілікті  ақын-жазушылардың жеке кітап қорынан сыйға 462 дана кітаптар алынды.

 «Түркі тілдес халықтардың кітапханасы» мекемесінде 39 735 кітап қоры бар.Оның ішінде қазақ тілінде 18519, орыс тілінде 15157, шет тілінде 6059. Оқырман саны 4000. Жыл көлемінде келуші саны 19545. Жыл ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 800,0 мың теңгеге «Төлеби» кітап үйінен  408 кітап, мемлекттік тапсырыс бойынша «Отырар» кітапханасынан 428 кітап тегін берілді және жеке тұлғалардан 3448 кітап сыйға алынды.  

 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының  басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша  «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 бірлікпен жұмыс жасайды. 2017 жылы 3 түрлі деңгейдегі 322 тыңдаушыға сертификаттар тапсырылды. Оның ішінде ағылшын тілінен-125 тыңдаушыға, орыс тілінен-85 тыңдаушыға, қазақ тілінен 112 тыңдаушыға.

Газеттер мен журналдар арқылы және телерадиохабарларын  тарату арқылы     мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер бойынша  35 249,0 мың теңге игерілді.  Оның ішінде: Газет арқылы: 12 249,0 мың теңге

- Түркістан газеті 220 000 см 2 басылып  50 теңгеден  11 000,0 мың теңге,

-ЖШС «Түркістан-тынысы» діни газет 24 980 см2  басылып 1249,0 мың теңге жаратылды.

Телевидение арқылы: 23 000 мың теңге:

Оның ішінде : ЖК «Джусупов Алмас» облыстық телеарнадан сюжеттер мен хабарларға-1315,78 минутқа 10,0 млн.теңге, «Тұран-Түркістан» телеарнасы ЖШС- на 2600 минутқа 13,0 млн.теңге игерілді.

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 10,4 млн.теңге игерілді.  Оның ішінде:  «Жастар  орталығы » коммуналдық қазыналық мекемесінде жыл басында  5 бірлік жұмыс атқарса, жыл аяғында  Түркістан қаласы әкімдігінің 26.07.2017 жылғы №1265 қаулысымен  штат 10 бірлікке ұлғайды.  

Қала бойынша Жастар саясаты мақсатында 11 түрлі: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру және құқықтық сауатылығын арттыру мақсатында іс шара», «"Салуатты өмір салтын ұстану" кіші футболдан жарыс»,  «"Біз таланттарды іздейміз" ауыл жастары арасында түрлі бағыттағы спорттық, патриоттық іс шара, "Танылмаған талант" жас әншілер байқауын өткізу, Дүниежүзілік жастар және халықаралық студенттер күніне орай "Мәңгілік ел жастары -нұрлы болашаққа" атты мүшәйра ұйымдастыру, Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар рухани жаңғырту" атты бағд.мақаласын жастарға түсіндіру мақсатында іс-шара семинар ұйымдастыру және т.басқа да іс шараларға 2, 7млн. теңге игерілді.

Спорт саласы  бойынша жоспарланған  239,5 млн. теңге қаржының игерілуі  100 пайызды құрады.

 «Ұлттық және спорттық  түрлерін  дамыту» бағдарламасымен  200,4 млн. теңгеге игерілді.

         Осы бағдарламамен  «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», №3 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», және «Жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»,    №4 «Балалар мен жасөспірімдер  спорт  мектебі» қаржыландырылды.           Жаттығушы балалар саны 2093.

«Аудандық  деңгейде  спорттық жарыстар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша  26 жарыс түрлері өткізіліп,  5,0 млн. теңге толығымен  игерілді.

«Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама  командаларының мүшелерін дайындау  және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бюджеттік бағдарламасы бойынша  облыс және республика деңгейіндегі  27 жарыс түрлеріне  қаралған 10,3 млн. теңге игерілді.

«Отын-энергетика кешені»функционалды тобы бойынша  320,2 млн.теңге игерілді. Бұл топ бойынша облыстық бюджеттен Түркістан қаласының квартал ішіндегі тарату газ өткізгіш жүйелерінің құрылысының ЖСҚ –на  (2-ші және 3-ші кезек) 170,5 млн.теңге игеріліп сараптама қорытындылары алынды. Ескі Иқан ауылдық округін газбен қамтамасыз ету құрылысына 95,7 млн.теңге, Үшқайық ауыл округі Теке, С.Қожанов, Нұртас, Жалаңтөс және де 6 елді мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысының ЖСҚ-ларына 54,0 млн.теңге игерілді. Нысандардың ЖСҚ-ы 2018 жылға өтпелі.

      «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары»функционалды тобы бойынша игерілгені 326,3 млн.теңге.

 «Ауру жануарларды союды ұйымдастыру» бағдарлдамасышегінде 55 ІҚМ мен 194 бас уақ мал жануарлардың санитарлық сойылу жұмыстарына  0,8 млн. теңге, «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою қызметі» бағдарламасы бойынша6,5 млн.теңгеге 8958бас қаңғыбас ит пен мысықтар аулап жойылды.   Ауру малдарды алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардын, жануардан алынатын өнімдер шикі заттын  құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойыншабруцеллез ауруымен ауырған 194 уақ малдардың иесіне  өтемақы (10,9 мың теңге) есебінде  2,1 млн. теңге    55 бас ірі қара малдарға (71,4 мың теңге) 3,9 млн.теңге,«жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу»  бағдарламасымен 32,8 млн.теңге игерілді.Оның ішінде:  ірі қара малдарды бүрку 184 706 бас,  уақ малды тоғыту 888 260  басқа  жүргізілді. Үй іргелік қора жайлардың 2 319 058  шаршы метргезалалсыздандыру жұмыстары, мал иірімдері, суаттар, бұталарды 883 400 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстары атқарылды. Күзгі кезеңдегі энзоотиялық іс-шараларына 4 512 литр парисар инсектоакарацидтік препараты мен 25 620 кг инсектоакарацидтік делтаметрин ұнтағы жұмсалды,  үй іргелік қора-жайлар мен оған жапсарлас аумақтарда 2 319 058 шаршы метрге механикалық тазартулар (мал қиларын шығару, әктеу, сылау) жүргізіліп, барлығы 824,0 тонна күл-қоқыс пен қилар шығарылды.«Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру»бағдарламасы бойынша202,5 млн. теңге толық игерілді.

16 ауру түріне қарсы барлығы ІҚМ – 646 701 бас, уақ мал – 3 016 804 бас, құс – 24204 басқа егу жұмыстары мен 2 ауру түріне қарсы аллергиялық тексерулер жүргізілді.

Серологиялық тексерулері бойынша89 563 бас ірі қара мал, 498 502 бас уақ мал бруцеллез ауруына тексеріліп нәтижесінде  55 бас ірі қара мал мен 194 бас уақ мал «оң» нәтиже бергендігі анықталып, Cайрам е/м  "Замин" сою алаңына санитарлық союға тапсырылыды.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша:

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында  8 маман  (1 денсаулық сақтау, 7 білім беру (158830 теңге)          1,3 млн.теңгеге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Банкалық қызметке 3,2 млн. теңге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен тұрғын үй алу үшін  3 маман ( 3 білім беру) 10,2 млн. теңгеге бюджеттік кредитке қол жеткізді.

      «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі»функционалды тобы бойынша шығындардың игерілуі 148,5 млн.теңгені құрады немесе 100,0%-ға орындалды. Бұл топпен Құрылыс бөлімі 24,5 млн.теңге  және Сәулет және қала құрылысы бөлімі 35,8 млн.теңгеге қаржыландырылды. Қаланың бас жоспарына 77,9 млн.теңге игерілді. Оның ішінде: Түркістан қаласы Шавгар мөлтек ауданының 970 га жоспарлау жобасын әзірлеуге-42,7 млн.теңге, (мердігері  «Даулет» ЖШС),Түркістан қаласы оңтүстік-батыс аумағына 640 га жоспарлау жобасын әзірлеуге 24,6 млн.теңге (мердігер «Улмад» ЖШС), Түркістан қаласы  аумағы шекарасынан өтетін Батыс-Қытай-Батыс-Европа транзиттік автодәліздің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге-6,1 млн.теңге (мердігер Даулет ЖШС), Жүйнек ауылы Шыпан елді мекенінің оңтайландырылған даму және құрылыс салу схемасын дайындау жұмыстарына -4,5 млн.теңге (мердігер «Улмад» ЖШС).        

     «Көлік және коммуникация»  функционалды тобы бойынша  863,7 млн.теңге игерілді. Көлік инфраструктурасын дамыту бойынша «Отырар м/ауданындағы Шымкент бағыты мен Кентау бағыты аралығына 7,7 шқ құрылыс жүргізу» ЖСҚ-н дайындау нысаны бойынша 16,9 млн.теңге, Отырар ықшамауданындағы  Қожабаев көшесінің автожолын реконструкциялау жұмыс жобасы бойынша сараптама жүргізуге-0,6 млн.теңге игерілді. Нысандар 2018 жылға өтпелі.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 24 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары       (10600 м2) 38,2 млн. теңгеге, 48 көшеге орташа жөнде жұмыстары (48,29 шқ) мен техникалық қадағалау жұмыстарына 569,6 млн.теңге,  221,3 млн.теңге МКТУ тас жолынан Отырар ықшамауданына дейінгі автожолды күрделі жөндеуге-162,4 млн.теңге, 5 көшеге жсқ мен сараптамасын дайындауға 58,9 млн.теңге игерілді.

         «Басқалар»функционалды тобы бойынша  106,6 млн.теңге игерілді.

Осы топ бойынша  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен ауылдық жерлерде барлығы 15 жоба 96,6 млн.теңгеге жұмыстар толығымен атқарылды, оның ішінде 10 ауыл көшелерінің жолдарын  орташа жөндеу жұмыстары 67,7 млн.теңге, 3 көшеге тас төсеу жұмыстары 11,1 млн.теңге, 1 спорт алаңын  ағымдағы жөндеу 6,4 млн.теңге, 1 бала бақшаға күрделі жөндеу жұмыстары 5,4 млн.теңге.

Жекеменшік әріптестік аясында 350 баланы бокс, күрес, ауыр атлетика спорт түрлерімен шұғылдануға 16,0 млн.теңгеге қаржыландырылды.

       «Трансферттер»функционалды тобы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен республикалық және облыстық бюджеттен берілген қаржыдан игерілмеген 55,2 млн.теңге және субвенция есебімен келген міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының аударымдары бойынша мөлшермесінің азаюуына байланысты 55,4 млн.теңге облыстық басқармаларға қайтарылды және ауыл округтері трансфертпен 48,1 млн.теңгеге қаржыландырылды.

 

                        Бөлім басшысы                                 З.Бимбетова

 

 

Орындаушы

К.Оспанова

 

 

 

 

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…