Түркістан қаласының 2017 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы туралы

Ағымдағы жылдың 9 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты. Қаланың жалпы өңірлік өнімі 73 197,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 13,6 пайыз ( 9 943,3 млн.теңге), ауылшаруашылық саласына 43,2 пайыз (31 648,7млн.теңге), орындалған құрылыс жұмыстарына 9,9 пайыз (7  210,0 млн.теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 33,3 пайызы (24 395,5 млн.теңге) тиесілі.  Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 280,5 мың теңгені құрайды (2016 ж. 9 айда 244,7 мың теңге).

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі9943,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  8,1 пайызға  артты  (облыс – 100,2%, 1 орын) (жылдық жоспар – 103,8 %).

Кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 276,9  млн. теңгені құрады, өткен жылға 1,3 пайызға артты (жылдық жоспар – 101,2 %).

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 8048,0 млн.теңгені құрап, 9,4пайызға артты (жылдық жоспар – 103,8 %).

Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру– 4,9%-ға, жеңіл өнеркәсібі – 87,4 % - ға, резенке және пластмасса бұйымдарын өндіру– 29,5 % - ға, өзге металл емес минералдық өнімдер – 43,1 % - ға, машина жасау – 7,5 % - ға, жиһаз жасау 17,3% - ға артты. 

Киім өндіру саласында өнім 18,6 % - ға төмендеген.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру өндірісінде өнім көлемі 1173,0 млн.теңгені құрап, 14,3 % - ға артты.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесінде өндірілген өнім көлемі               445,3 млн. теңгені құрап, 5,0% - ға артты.

2017 жылы  өңірлік картаға енгізілген индустриалды аймақта орналасқан  жоба құны 400,0 млн.теңге құрайтын, жаңадан 110 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 2 жобаның  іске қосылуы күтілуде.

Атап айтқанда:

 1.Құрылыс бұйымдарын өндіретін  «Стройсервис ХХІ» ЖШС. Жоба құны 200,0 млн. теңге.  Ашылатын жұмыс орны – 50.

2. «Cordial Exclusive» ЖШС (жұмсақ жиһаз шығару цехы). Ашылатын жұмыс орын саны 60. Жоба құны 200 млн.теңге.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31648,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады (облыс – 102%, 15 орын) (Жылдық жоспар – 103,3%).Оның ішінде:

-         мал шаруашылығы 13 001,4 млн. тг., 103,3%.

-    өсімдік шаруашылығы 18 647,3 млн.тг., 99,4 %.

Мал басы: ІҚМ басы 89,3 мың бас, 107,9 %-ға, қой-ешкі 448,3 мың бас, 100,1%-ға, жылқы 10,5 мың бас,  105,3%-ға, түйе 3,1 мың бас, 111,9%-ға, құс 112,0 мың бас, 109,3%-ға артты, шошқа 1,0 мың бас, 92,0%-дықұрады.

Мал өнімдері:  ет 10,1 мың тонна, 105,4%, сүт 50,3 мың тонна, 101,2 %, жұмыртқа 9,0 млн. дана 107,0% құрады, жүн 768,1 тоннаболып, 101,5%-ға артты.

Егіс көлемі 44025,8 га (тапсырма 43700га) құрады, оның ішінде астық – 5706,4 га (7164,8 га), дәндік жүгері – 2996,5 га (4532,6 га), мақта -10682 га (6627,6 га), көкөніс-3037 га (3843,7 га), бақша -6094,2 га (6470,7 га), майлы дақылдар-862,8 га (953,5 га), картоп-736,2 га (767,7 га), малазықтық дақылдары- 13 884,4 га (13299,4 га)

Қала бойынша жаңадан суармалы жерлердің жағдайын жақсарту, айналымға қосу тапсырмасы ағымдағы жылы 400 га болса, нақты орындалғаны 517  га, немесе 129,2 %.

Қалада жылыжай салу бойынша жоспар 14 га болса, нақты 16,43 га немесе 117,4 % - ға орындалды.

Тамшылатып суғару әдісінқала бойынша 1000 га енгізу жоспарланса, нақты 1347 га ендірілген.Жоспар 34,7 %-ға артығымен орындалған.

         Мал бордақылау алаңдарынсалудың жылдық жоспары 269 бірлік болса, 9 айда нақты 251 бірлікті немесе 93,3 % - ды құрап отыр.Жалпы 880 бірлік мал бордақылау алаңдарында 16218 бас ІҚМ-дан тірі салмақта 6810 тн ет өндірілді.

         Жанұялық сүт фермаларынсалу жоспары 60  бірлік болса, нақты 56 бірлікті немесе 93,3 % - ды құрады. Жалпы 177 бірлік жанұялық сүт аулаларында 3038,2 тн. сүт өндірілді.

 

Кәсіпкерлік

          Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13,3  мың бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7  пайызға артты.

2017 жылдың 9 айында жұмыспен қамтылғандар саны 33,9 мың адамды құрап, 2,4 %-ға өскен.

Шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер 73,1млрд. теңгеге өнім шығарып,  2,3% - ға артты.

«Оңтүстік» АИО арқылы 2017 жылдың 9 айында 176 жоба 453,3 млн.теңгеге  қаржыландырылып, өткен жылмен тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,1 % пайызға (340,5 млн.теңге) артты.

Ауылшаруашылығын  қаржылай қолдау қорынан 2017 жылдың 9 айда ғана 56 адамға 204,4 млн.тенгеге қаржыландырылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (425,5 млн.теңге)  48,0 пайызды құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020»бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша             12 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған, оның ішінде:

Екінші бағыт бойынша:

-       банк несиелерін субсидиялау– 7 жоба жоспарланып, 281,0 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданған.Атап айтқанда:

-         ЖК Орынтаева Гүлназ, (нан өнімдерін өндіру жобасы) - 30,0 млн.теңге;

-         ЖК Сауранбаев А,  (тігін цехы) - 3,0 млн.теңге;

-         ЖК Мұсабеков Т., (балаларға арналған лагерь) - 30,0 млн.теңге;

-         ЖК Азиз Акешев (қонақүй) -200,0 млн.теңге;

-         ЖК Исамбаева Баян (қонақ үй) -3,0 млн.теңге;

-         ЖК Эйбов Бадыр (жүк тасымалдау) -15,0 млн.теңге.

-         банк несиелерін кепілдендіру– 2 жоба жоспарланып 4 жоба мақұлданған:

-         ЖК Орынтаева Гүлназ, (нан өнімдерін өндіру жобасы) - 30,0 млн.теңге;

-         ЖК Сауранбаев,  тігін цехы - 3,0 млн.теңге;

-         ЖК Исамбаева Баян (қонақ үй) -3,0 млн.теңге;

-         ЖК Эйбов Бадыр (жүк тасымалдау) -15,0 млн.теңге.

 

-қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – 2 жоба жоспарланып, 1 жоба мақұлданған. («Дружба» ЖШС-нің  тері өңдеу жобасы);

 

-гранттық қаржыландыру – 1 жоба жоспарланып орындалмады;

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыарқылы 1 492 (2016 жылы 9 айда-2 337) азаматқа түрлі қызметтер көрсетілген, оның ішінде кәсіпкерлік кеңес беру- 576 (1114), бизнес –жоспар әзірлеу- 59 (63), заңгерлік қызмет - 108 (213), даярлау курстарын оқыту-396 (359),  рұқсат беру құжаттары бойынша кеңес беру -353 (588).

 

Инвестиция

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 18 951,4 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (10246,1 млн.теңге) 176,1 пайызды құрады.

 Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 566,4 млн. теңге (75,2 пайыз), жергілікті бюджет есебінен 4706,9 млн. теңге (86,5 пайыз), 13 628,6 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен (3,0 есеге),  банк кредиттері 1,4 млн.теңге (9,7 пайыз) оның ішінде 48,1 млн. теңгесі қарыз қаражаттары (70,4 пайыз)  есебінен тартылды.

Облыстың негізгі капиталына салынған жалпы инвестиция  312 263,0 млн.тенге, қала инвестицияның үлесі 6,0 пайызды құрады.Жалпы инвестицияда ішкі инвестициялардың көлемі 14 282,3 млн. теңгені құрап, 41,6  пайызға артқан (2016 ж. 9 айы – 10086,3 млн.тг.).

Сыртқы инвестициялардың көлемі4669,0млн. теңгені құрап, 29,2есеге артты (2016 ж. 9 айы – 159,8 млн.тг.).

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір үлесі өнеркәсіп (32,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (28,7 %), көлік және қоймалауға (3,4 %) келеді

Ағымдағы жылдың қорытындысымен инвестиция көлемі 109,0% (22,7 млрд. тенге) деңгейінде болады деп жоспарлануда.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі7210,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 94,8 пайызды құрады  (Жылдық жоспар - 100%).

Құрылыс жұмыстарының көлемінен күрделі жөндеу жұмыстарының үлесі 5,3% (385,1 млн. тг.)және құрылыс - монтаж жұмыстарының үлесі 89,6% (6461,9 млн.тг.) құрап отыр.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы76,0 мың шаршы метрді құрап, 66,5 пайызға артты  (Жылдық жоспар – 37,0 мың ш.м.).

           

Әлеуметтік сала

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында                244,0 млн. теңге бағытталған. 2017 жылдың 9 айында 5045 адам қамтылып, жылдық жоспар 95,9 % құрады (жылдық жоспар – 5258 адам).

Қалада жыл басынан 4316 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 9 айда 5,1 пайызды құрады (ОҚО – 5,2 %), (Жылдық жоспар – 5,4 %).

 

 

Экономика және қаржы

бөлім басшысы                                                          З.Бимбетова                  

        

 

 

 

2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасындағы  2017 жылға арналған индикаторларға қол жеткізу мақсатында:

1.Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына және аудан, қала әкімдеріне:

- Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жоспарланған жобаларды жүзеге асырып, өнеркәсіп өнімі бойынша жоспарланған 102,1%-ды 2017 жылдың қорытындысымен қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- жұмыс жасамай тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тіркеуден алу жұмыстарын жеделдету, жылдың соңына дейін бұл индикаторға қол жеткізу;

2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына және аудан, қала әкімдеріне:

- ауыл шаруашылығының жалпы көлемі бойынша есептің статистика органдарында тіркелуін қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығының жалпы көлемі бойынша 2017 жылдың жоспарланған 103,7%-ға қол жеткізу.

3.Облыстықжұмыспенқамтудыүйлестіружәнеәлеуметтікбағдарламаларбасқармасына, аудан, қала әкімдеріне:

- жалпы жұмыссыздық деңгейін, оның ішінде әйелдер және жастар жұмыссыздығын төмендету мақсатында, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жұмыс орындарын ашу.

 

4.Облыстықденсаулықсақтаубасқармасына, аудан, қала әкімдеріне:

- ана, бала өлімі және әлеуметтік аурушаңдық пен олардан өлім деңгейін төмендету шараларын жүргізу.

5. Ішкі істер департаментіне, жергілікті полиция қызметіне,  аудан, қала әкімдеріне:

- облыстың даму бағдарламасындағы қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша жоспарланған индикаторлардың орындалуын  қамтамасыз ету.

6. Облыстық басқарма басшыларына,  аудан және қала әкімдеріне статистика органдарыменбірлесіп:

- әр-бір іске қосылған жобалардың, өндірілген көлемдерін статистика органдарымен есепке алынуын қамтамасыз ету, әр сала бойынша 2017 жылдың соңына дейін қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

 

Басқарма басшысы                                                    А.Сәбитов

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…