2016 ЖЫЛҒЫ ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2016 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық  дамуы мен жергілікті бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепке

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  I. Қаланың  2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық  дамуы

Қаланың жалпы өңірлік өнімі 92546,0 млн. теңгені құрап (2015 жылы 72624,6 млн.теңге), өткен жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 14,8 пайыз (13677,8 млн.теңге), ауылшаруашылық саласына 40,2 пайыз (37186,3 млн.теңге), орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8 пайыз (11863,5 млн.теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 32,2 пайызы (29818,4 млн.теңге) тиесілі.  Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 357,7 мың теңгені құрады (2015 жылы 285,7 мың теңге).

Орташа жалақы  87117 теңгені құрап (обл. 95104 теңге), 16,0 пайызға, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20298 теңгені құрап (обл. 20648 теңге), 13,7 пайызға артты.

Бюджет

Қала бойынша 2016 жыл бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 101,0 пайызға орындалды немесе 270,6 млн. теңгеге  (жоспар –27985,3 млн. теңге, нақты- 28255,8 млн. теңге), 2015 жылмен салыстырғанда 6299,7 млн.теңгеге артық.

Оның ішінде  өзіндік жергілікті түсімдер 2534,8 млн. теңгеге жоспарланып,  2805,4 млн. теңгеге немесе 270,6 млн. теңгеге артығымен орындалып, 110,7 пайызды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 769,5 млн.теңгеге артты.

Бюджеттің шығыс бөлігі 27985,3 млн.теңгеге жоспарланып, 27928,9 млн. теңгесі игерілді немесе 99,8 пайызға орындалды. 56,3 млн.теңге объективті себептермен игерілмеді (үнемделген қаржы).

Өнеркәсіп

Қала бойынша 56 кәсіпорын, оның ішінде 8 ірі-орта, 36 шағын, 12-і қосалқы  қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды. Оларда ағымдағы жылы 13677,8 млн. теңгенің (2015 жылы 11701,7 млн.теңге)  өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады  (обл.104,4 пайыз).

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 489,2 млн.теңгеге (2015 жылы 351,9 млн.теңге) орындалып, нақты көлем индексі 105,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 11373,5 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 103,9 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 1309,4 млн.теңгені, 119,4 пайызды, сумен жабдықтау 505,7 млн.теңгені, 118,0 пайызды құрады.                                                          

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  2010-2016 жж жалпы құны 4465,7  млн.теңгеге 18 жоба енгізілді. Оларда 885 жұмыс орын ашу жоспарланған. Осыдан 2010-2016 жж құны 2493,0 млн.теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 574 жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім көлемі 1610,2 млн.теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 11,8 пайызды құрады.                                                                                                  

Индустриалды  аймақ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта (40 га) 847,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Жалпы аймақта 11028,2 млн.теңге, 14  жоба, 720 жұмыс орны құрылады. (Индустриалды аймақтың  34,4 гектарында  14 жоба орналастырылған болса, 5,6 га   инфрақұрылым  жүйесі  құрап отыр.)

Бүгінгі таңға 4 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті («Түркістан трасса» ЖШС, «Азрет жол құрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Гранд микс» ЖК), 128 жұмыс орны ашылып, 610,0  млн. теңге инвестиция тартылды.

Шағын және орта бизнес                                                     

Белсенді шағын және орта бизнес субъектілері саны  12700 бірлік (2015 жылы 12868 бірлік), жұмыспен қамтылған адам саны 33308 (32654) құрап 2,0 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 87,2 млрд.теңгені құрап, 2,1 пайызға, бюджетке төленген салық 1657,1 млн.теңгені құрап, 4,2 пайызға артты.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2016 жылы 3317 азаматқа қызметтер көрсетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 23,1 пайызға артқан (2015 жылы - 2695). Оның ішінде, рұқсат беру құжаттары бойынша - 1005, кәсіпкерлік кеңес беру - 1495, бизнес жоспар жасау - 91, заңгерлік қызмет - 260, даярлау курстарын  оқыту – 467 қызмет көрсетілген.

 

Ауыл  шаруашылығы

2016 жылы қаланың ауылшаруашылығы саласында 37186,3 млн. теңгенің (2015 жылы 24991,8 млн.теңге) ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артық (104,9 пайыз). Оның ішінде, мал шаруашылығы 15555,6 млн.теңгені құрап, 102,0 пайыз, егін шаруашылығы 21630,7 млн.теңгені құрап, 109,6 пайыз болды.

2016 жылы жалпы 43660 га жерге егін егіліп, егіс көлемі 106,2%-ға игерілді (жоспар 41100 га), оның ішінде, астық 7164,8 га (2015 ж - 5850 га), дәндік жүгері 4532,6 га (2015 ж - 7988 га), көкөніс 3843,7 га (2015 ж – 3013 га), бақша 6470,7 га (2015 ж - 6897 га), майлы дақылдар 953,5 га (2015 ж - 668 га), картоп 767,7 га (2015ж - 887 га), мақта 6627,6 га (2015 ж - 3800 га), мал азықтық дақылдар 13299,4 га (2015 ж - 13900 га) жерге егілді.

Көп жылдық екпелерді (1934,55 га жеміс, жүзім) қоса есептегенде 45429,0 га суармалы жер игеріліп, тапсырма (42000 га) 108,1%-ға орындалды.

Жаңадан жайылым жерлердің санатын суармалыға ауыстыру арқылы 533,5 га жер айналымға қосылып, тапсырма (300 га) 177,8%-ға орындалды.

2016 ж. терең қопсыту технологиясын 6634,5 га жерге ендіріп, тапсырма 102,1%-ға орындалды (6500 га).

Қала аумағында 2017 жылдың 1 қаңтарына көлемі 47,46 гектар болатын                533 дана жылыжайлар бар. Облыс бойынша жылыжайлардың 4,2 пайызын құрайды. Жылыжайлардың басым бөлігі тұрғындардың үйіргелік жерлерінде орналасқан. Олардың көлемі 0,01-0,1 гектарды құрайды.

Тамшылатып суару әдісін 700 гектар жерге енгізу жоспарланса, 2433,5 гектар жерге енгізіліп, жылдық жоспар 347,6 пайызға орындалды. Оның  340 га «Тұран» шаруа қожалығының мақта алқабына, қалғаны көп жылдық екпелерге қолданылды.Тамшылатып суару әдісі қолданылған жалпы жер көлемі соңғы үш жылда 6052 гектарды құрады.

2016 жылы қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 3600 тонна жеңілдетілген бағада жанар-жағар май босатылды (жоспар 4030 тонна) және 3864 тонна минералды тыңайтқыштар бөлініп, 3154 тоннасы алынды, қалған тыңайтқыштарды беру мерзімі кешігуіне байланысты шаруалар басқа жерлерден сатып алып  қолданды.

94 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жоспарланып, тапсырма 102,2 пайызға орындалды. Жалпы ауылшаруашылығы техникаларының  саны 3604 бірлікті құрап, жыл сайын артуда.

Мал шаруашылығы

Мал өнімдері: ет 14,7 мың тн 102,9%-ға, сүт 62,4 мың тн 100,9%-ға, жұмыртқа 10,2 млн. дана 101,0%-ға өсті.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7132 бас ірі қара мал алынып, тапсырма  (2000 бас) 356,6 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы («Казагронесие» АҚ, «Түркістан несие», «Яссы несие» серіктестіктері) 45 жоба 430,9 млн. теңгеге қаржыландырылып, 2343 ІҚМ аналығы, 124 бұқа сатып алынды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша 206 бас жылқы аналығы сатып алынып, жылдық жоспар (100 бас)  2 есе орындалды. Қаржы институттары арқылы 6 жоба 58,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 191 жылқы аналығы, 14 айғыр сатып алынды. Өз қаржысы арқылы 15 бас бие, 1 бас айғыр сатып алынды.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 8663 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2100 бас), тапсырма 4,1 есе орындалды. Қаржы институттары арқылы 23 жоба 171,45 млн теңгеге қаржыландырылып, 6331 қой аналығы, 357 қошқар  сатып алынды.

 «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығын дамыту іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспары» аясында 245 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма (230 бірлік),  106,5  пайызға орындалды. Жалпы 629 бірлікті құрап,тірі салмақта 5275 тн ет өндірілді.

2016 жылы 39 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып,  44 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылды, тапсырма 112,8 пайызға орындалды. Жалпы 114 бірлікті құрап, 1778 тн сүт өндірілді.

«Жұртшылық табынға (падаға) асыл тұқымды бұқа алу» бойынша 50 бас бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, 95 бас бұқа сатып алынды, 190,0 пайызға орындалды. Жайылым жерлерден 61 бірлік құдық қазылып, тапсырма (15 бірлік)   406,7 пайызға орындалды.

Мал тұқымын асылдандыру бойынша қалада 6 асыл тұқымды қой шаруашылығы бар. Оларда 18691 бас асыл тұқымды уақ мал, сонымен бірге асыл тұқымды 3109 бас ІҚМ мал өсірілуде.

Түркістан қаласы бойынша тұқымдық түрлендіруге 14309 бас ІҚМ аналықтары қатысуда, ол жалпы ІҚМ аналықтарының (27443 бас) 52,1%-н құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласында ашылған жобалар:

-  Оранғай ауылдық округінен жоба құны 110 млн.теңге, қуаттылығы 9 тн/сағ көкөніс өңдеу цехы іске қосылды.

- Шаға ауылдық округінен құны 130 млн.теңгеге, қуаттылығы тәулігіне 15 тн құрама жем дайындайтын цех іске қосылды.

-“Яссы құс” шаруа қожалығы етті және жұмыртқа бағыттағы шағын құс фабрикасы жобасының І-ші кезеңі 2016 жылы іске қосылып, 12 мың бас етті бағыттағы және 22 мың бас жұмыртқа бағыттағы тауық өсірілуде. 2016 жылы  жалпы 4,4 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, қала бойынша өндірілетін жұмыртқаның  30,4 пайызын құрады. Жобаның ІІ-кезеңі 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 312 млн теңгені құрап, қосымша 22 мың жұмыртқа бағыттағы тауық өсірілетін болады. 2017 жылы “Яссы құс” ш/қ-да 90 тонна тауық еті және 10,8 млн. дана жұмыртқа  өндірілетін болады.

-Шорнақ ауылдық округінен жоба құны 175,0 млн.теңгеге 300 бас ІҚМ мен жылқы бордақылауға арналған мал бордақылау кешені наурыз айында іске қосылды.

-Жүйнек ауылдық округінен жоба құны 705 млн.теңге 3000 бас ІҚМ бордақылау кешенінің құрылысы қараша айында аяқталып, ІҚМ сатып алынуда.

- Иассы ауылдық округінен жеке кәсіпкер Кенжетаев Абдулла жоба құны 85,0 млн.теңгеге  120 бас ІҚМ арналған мал бордақылау алаңын іске қосты.

Білім саласы

Есепті мерзімде, қала бюджетінің 61,4 пайызы  немесе 17153,7 млн. теңгесі білім беру саласына бағытталды.

Білім беру саласының құрылыстарына 674,2 млн.теңге, атап айтқанда,  Төреқұлов  атындағы мектеп құрылысына 202,0 млн.теңге, 120 орынды Шорнақ ауыл округіндегі балабақша құрылысына 210,7 млн.теңге, Жүйнек ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Қарашық ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Сатыпалды көшесіндегі 280 орынды балабақша құрылысына 146,1 млн.теңге игерілді.

Сонымен қатар, 397,5 млн.теңгеге 7 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Одан бөлек, «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 балабақшаны  ағымдағы жөндеуге 12,5 млн.теңге жаратылды.

Қала бойынша барлығы  73 мектеп, оның ішінде  ауылдық жерлерде 40 (20 аралас, 20 қазақ), қалада 33 (17 аралас, 16 қазақ) мектеп орналасқан. Оларда 53810 оқушы білім алуда.

2015-2016 оқу жылында мектеп бітіруші 2631 түлектердің  1493-і  немесе 56,7 пайызы (1148 қазақ, орыс, 345 өзбек) ҰБТ тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша  орташа білім көрсеткіші – 81,59 баллды құрап, (85,0 балл) облыс көлемінде 4 орында.

145 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер ішінен 66 оқушы (45,5%),  59 «Үздік» аттестат алуға үміткерлер ішінен өз білімін 40 оқушы (67,8%) растады.

 «Балапан» бағдарламасы

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 21664 құрайды. Жалпы 54 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 32 балабақшада 6145 бала, 22 жекеменшік балабақшада 2555 бала, 63 шағын орталықтарда 9209 бала, барлығы 17909 бала балабақшамен қамтылып, 82,7%  құрап отыр.

 Денсаулық сақтау

2016 жылы денсаулық сақтау саласында Шорнақ ауыл округінде ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысына 100,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 247,0 млн теңге, нысан өтпелі.

Одан бөлек, «Бекзат» мөлтек ауданындағы №3 ересектер емханасының филалына 33,7 млн.теңгеге, Үшқайық ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке 18,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Психоневрологиялық интернаттың жатын корпусының құрылысын аяқтауға 199,4 млн.теңге қаржы жаратылып іске қосылды.

Сондай-ақ, «№3 облыстық перинаталдық орталықтың»  150 койкалық қосымша құрылысының ЖСҚ дайындауға  15,0 млн.теңге қаржы игерілді.

 Әлеуметтік сала

Қалада халық саны 258,7 мың адамды, оның ішінде экономикалық  тұрғыдан белсенді халық саны 89,6 мың адамды құрады. Ресми жұмыссыздар саны 327 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 53 адамға кеміп, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрады.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында 4280 адамды қамту жоспарланса, нақты 5013 адам қамтылды, немесе 117,1 пайызға орындалды.

Бағдарламаның 1 бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету». Бұл бағытты ұйымдастыру мақсатында жалпы 35 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен  666, 7 млн.теңге бөлінді. Жобаны жүзеге асыру барысында 233 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның  124 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланса, мекеме арқылы 276 адам, орталық арқылы 176 адам жолданды.   

Бағдарламаның 2 бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»

Жалпы бағдарламаға қатысушы 193 азамат 540,6 млн. теңге несиемен қаржыландырылды. Оның ішінде 88-і өз ісін ашуға, қалған 105 азамат өз ісін кеңейтуге алған.

Бағдарламаның 3 бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу»

 -90 азамат қайта даярлау курсына жіберілді.

 - 533( жоспар 500) нысаналы топтағы азаматтар әлеуметтік жұмысқа жолданды, 106,6%. 116 мекемеде 533 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 

-394( жоспар350) адам жастар практикасына жолданды, 112,6%. 95 мекемеде 160 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

-443 (жоспар 650) жұмыссыз азаматтар  16 мекемеге ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

-3299 (жоспар 2504 адам) адам тұрақты жұмысқа орналасты, 131,7 %.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты 2 компоненті «еңбек күші жетіспейтін өңірлерге еңбек күші мол өңірлерден ерікті түрде қоныс аударту».

   Түркістан қаласы бойынша 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысына  5 отбасы  23 адам қоныс аударды.

Қоныс аударған отбасылар үймен қамтамасыз етілген, және отбасы басшылары жұмыспен қамтылған. Және көшіп барған жеріндегі «Жұмыспен қамту орталығы» тарапынан көшіп бару шығындарына субсидия төленді.

Мәдениет және спорт, туризм

Мәдениет саласында  жыл басынан 1240 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 228,6 мыңға жуық адам қамтылды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне орай «25 жұлдызды күн» атты түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды.

Спорт саласында 320 іс-шаралар өткізіліп, 62500 адам қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда 20 іс-шараға, 6800 адамға артып отыр.

Түркістан қаласында 366 спорт нысандары бар. Оның ішінде: 3 стадион, 4 спорт кешені,  20 ату тирі, 258 спорт ойын алаңдары, 2 теннис корты, 6 жүзу бассейні, 76 спорт залдары және 1 ыңғайластырылған спорт залдар бар.

 2016 жылы «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша Шорнақ, Аша, Қаражон елді мекендерінен ашық спорт алаңдары салынып, «Бекзат» мөлтек ауданында  спорт кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.

Туризм саласы

Түркістан қаласының ішкі және сыртқы туризммен 2015 жылы  жалпы 1025,0 мың адам қамтылған. Оның ішінде  шетелдіктер саны-20, 425 мың адам.  2016 жыл 1060,0 мың адам, оның ішінде 22,593  мың адам шетелдіктерге туризм бойынша қызмет көрсетілген. 

2016 жылдың тамыз айында  қала орталығында туристер шоғырланатын аймақта “Туристiк ақпараттық орталығы” ашылған.  Қазіргі таңда  Түркістан қаласында Интернет желісіне қосылған сенсорлық тақтайша (терминал) қойылып, бекітілген  2 туристік маршрут енгізілген. 2017 жылы еуропалық стандартқа сәйкес шет тілін меңгерген гид, экскурсоводтардың, қонақ үйлер мен мейрамханалардың дерек қоры және туристерге арналған көлік қызметі ұсынылатын болады.

Құрылыс

2 тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 596,0 млн. теңге қаржы бөлініп нысан толығымен аяқталып пайдалануға берілді, сонымен қатар «Отырар» мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымына республикалық бюджеттен 669,0 млн. теңге бөлініп қаржы толығымен игерілді. Сондай-ақ, «Отырар» мөлтек ауданындағы көп қабатты 60 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 120 млн. теңге бөлініп аталған нысандардың құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, «Отырар» мөлтек ауданында «Қазақстан ипотекалық компаниясының» қаржыландыруымен 9 қабатты 72 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бүгінгі күнге Түркістан қаласы бойынша баспана кезегінде 4250 отбасының 264-і баспанамен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстарына 2016 жылға жалпы  2599,8 млн.теңге, атап айтқанда Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылыстарына 1691,4 млн. теңге, Қарашық елді мекенін ауыз сумен қамту (2-кезек) бойынша 251,9 млн.теңге, Тұран елді мекеніндегі  су өткізгішінің құрылысына 452,4 млн.теңге, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысына 204,1 млн.теңге жаратылды.

Нәтижесінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету 90,0 пайызды құрап отыр.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

«Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (1 кезек)» нысаны бойынша құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілді. Аталған нысан бойынша 2016 жыл соңында 7500 абонент табиғи газбен қамтылып, 16,4 % құрады.

Электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына 1060,7 млн.теңге, атап айқанда «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысына 66,6 млн. теңге, Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы  тұрғындар алқабын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 460,7 млн.теңге, Ыждыхат тұрғындар массиві Айтеке би көшесіндегі үйлерге электр жүйелерінің құрылысына 380,2 млн.теңге, Орталық тұрғындар  массивінің электр жүйелерінің құрылысына 153,2 млн.теңге игерілді.

Автокөлік жолдары

Түркістан қаласында 1365 көше, оның ішінде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.

2016 жылы 15 (16,5 шқ) көшеге тас төсеуге, 10 (6,9 шқ) көшені орташа жөндеуге, 16 көшені ағымдағы жөндеуге 233,3 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыл округтеріндегі 5 (6,6 шқ) көшені орташа жөндеу жұмыстарына 32,2 млн.теңге қаржы жаратылды.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 14 көшені (20,4 шқ) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 255,7 млн. теңге игерілді.

Инвестиция

Негізгі капиталға 20679,4 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

 Оның ішінде, 1335,5 млн. теңгесі   республикалық   бюджет  есебінен (30,4 пайыз), 6344,5 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен (118,9 пайыз), 10661,2 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен (130,3 пайыз),  2264,6 млн. теңгесі қарыз қаражаттары (88,2 пайыз)  есебінен тартылды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11863,5 млн.теңгені құрады (100,1 пайыз). Пайдалануға берілген тұрғын  ғимараттардың жалпы алаңы 51999 шаршы метрді құрап, 34,4 пайызға артты. Тұрғын үй құрылысына 3602,2 млн.теңге (2,5 есе) инвестиция бағытталды.

2016 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджеттің

                       атқарылуы туралы

                                                                                                                                

Жергілікті бюджеттің кірістері  28 млрд. 165,3 млн.теңгені құрап, жоспар 101,0%-ға орындалды және 2015 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 6 млрд.365 млн.теңгеге көп немесе 29,2 %-ға жоғары.

  Оның ішінде:

  Жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 2534,8 млн.теңгені құрап, жоспар 110,7%-ға орындалды және 2015 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 0,7 млр.теңгеге көп немесе 37,8 %-ға жоғары.

 Салықтық түсімдер 2 390,9 млн.теңгенің орнына 2 632,2 млн.теңгені құрап, жоспар 110,1%-ға немесе 241,3 млн.теңге асыра орындалды. 2015 жылмен салыстырғанда түсімдер 0,7 млн.теңгеге көбейген. Оның ішінде:

 Салықтық емес түсімдер жоспары 172,8 %-ға орындалды немесе  18,7 млн.теңгенің орнына 32,4 млн.теңге түсіп  жоспар 13,7 млн.теңгеге асыра орындалды және 2015 жылмен салыстырғанда 18,9  млн.теңгеге аз.

Трансферттердің түсімдері 25 359,9 млн.теңгені құрады немесе жоспар 100%-ға орындалды.

 Облыстық бюджеттен 25359,9 млн.теңге нысаналы трансферттер түсті, атап айтқанда ағымдағы нысаналы трансферттер 8903,1  млн.теңгені, нысаналы даму трансферттері 6 510,3 млн.теңгені, субвенциялар 9 946,5 млн.теңгені құраса, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы  резерві есебінен  401,0 млн.теңге бөлінді.

Қаржылардың функционалдық топ бойынша игерілуі:                                                                                                                                 

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету» функционалды тобы бойынша жоспар 99,9%-ды немесе шығындар 926,5 млн.теңгені құрады.

Бұл топта мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын, атап айтқанда, қалалық мәслихат аппараты, қала әкімінің аппараты, ауыл округтерінің аппараттары, экономика және қаржы  бөлімі мен кәсіпкерлік және туризм бөлімі қызметтерінің қаржылары  қамтамасыз етілген.

 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу» (3 транш) бағдарламасымен 401,6 млн.теңгеге ауыл округтеріндегі 31 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Қорғаныс» функционалды тобының шығындары 48,5 млн.теңгеге, 100,0%-ға орындалды. Бұл топта әскери іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына 18,8 млн.теңге және қала ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-шараларына 29,7 млн.теңге қаржыландырылды.

 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» функционалды тобы бойынша бюджет қаржысының орындалуы 100,0%-ды немесе шығындардың игерілуі 43 млн.теңгені құрады. Бұл топ бойынша 274,271 шқ жол бөлу сызықтары  11,4 млн.теңге, 21 дана күн сәулесінен қуат алатын жол белгілері мен 184 дана жол белгілерін орнатуға 11,2 млн.теңге,  2 көшеге (Тәукехан-Нұрмаханов, Саттарханов-Тұтқабаев)  бағдаршам орнатуға 6,8 млн.теңге, 38 дана бағдаршам нысанын пайдалану және қызмет көрсету, ауыстыру жұмыстарына 10,1 млн.теңге және  38 дана бейне бақылау камераларын күтіп ұстауға 1,7 млн.теңге  және 1 мөлтекаудандағы 3 тұрғын үйдің алдына бейнебақылау орнатуға 1,8 млн.теңге жұмсалды.                                                                                                                                                                        

 «Білім беру» функционалды топ бойынша 17 млрд.153,7 млн.теңге қаржы қаралып,  100,0%-ға орындалды.

 Жалпы  білім беруді  68-мектеп, 2-мектеп интернат, 1-кешкі оқыту мектебінде қамтамасыз ету үшін 12 млрд  576,7 млн.теңге игерілді.  Жалпы оқушы саны – 55956. Оларға 3371 штат бірлігі, 5333-мұғаалімдік жүктеме қызмет атқарды.

Білім қорына игерілген қаржы 134,0 млн.теңге.  Оның ішінде:  аз қамтамасыз етілген  отбасылардың 2867 балалардың тамағына  124,2 млн. теңге,  377 баланы киім-кешекпен қамтамасыз етуге 6,7 млн.теңге, 10 жетім балалардың көмегіне – 0,3 млн. теңге. 128  баланың  жазғы сауықтыру лагеріне  баруына 2,8 млн.теңге игерілді.

"Назарбаев  зияткерлік  мектептері" ДБҰ-ның  оқу  бағдарламалары  бойынша  біліктілігі  арттырудан  өткен  733 мұғалімдердің  үстеме ақыларына 289,7 млн.теңге игерілді. Оның ішінде:  I-дәрежелі 146 адам,  II- дәрежелі  99 адам, III-дәрежелі 488 адам. 

«Орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2013 жылғы 4 қараша №447 бұйрығына сәйкес 4 мектеп 8495 оқушымен 133 штат бірлігі мен 718 педагогикалық жүктемесімен 673,4 млн.теңгеге қаржыландырылды

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытуға 82,7% пайыз қамту мақсатында шағын орталықтарда 771, балабақшаларда 1290 штат бірлігі мен мұғалімдік жүктеме жұмыс атқаруда.  «Балапан» бағдарламасы бойынша 2 521,2 млн.теңге  игерілді.    

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметіне жергілікті бюджеттен 423,4 млн. теңге игерілді.  1 ауылдық бала бақшада, 6 мектепке дейінгі қалалық балабақшаларда және «31 бастауыш мектеп бала бақша кешені» мекемсінде 403,9 штат бірлігі жұмыс істеуде.

Күрделі жөндеуге: облыстық бюджеттен 189,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 133,2 млн.теңге игерілді. Оның ішінде:

№4 С.Сейфуллин атындағы жом- 87,0 млн. теңге, №10 Әл-Фараби атындағы жом- 34,2 млн. теңге, №31 Абай атындағы жом- 68,2  млн. теңге,М.Әбенова атындағы жом- 54,9 млн. теңге, А.Байтұрсынов атындағы жом- 31,6 млн теңге, Шорнақ жом-46,7 млн. теңге.    Жетім баланы  (жетім балаларды) және  ата-аналарының  қамқорынсыз қалған  баланы (балаларды) күтіп ұстауға, қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлеміне  177 балаға (21210 теңгеден)  44,9 млн.теңге игерілді.

      19 Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу үшін 17 тәрбиешінің  айлық жалақысына 5,2 млн. теңге, 19 балаға киім-кешек алуға 5,1 млн. теңге  игерілді.

      Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алуға 244,9 млн.теңге  жұмсалды.

 Оның ішінде: республикалық бюджеттен 1 -сыныптарға  «Менің Отаным Қазақстаным» оқу кітаптарын және 1-8 сыныптарға арналған кітаптарды  сатып алуға 169,7 млн.теңге,

жергілікті бюджеттен Атаулы мектеп» кітап баспасынан 4508 дана, «Келешек» баспасынан 9083 дана, «Арман -ПВ» баспасынан 12846 дана, «Білім» баспасынан 2600 дана, «Мектеп» баспасынан 38923 дана, «Жазушы» баспасынан 3405 дана, «Көкжиек-Горизонт» баспасынан 6524 дана, «Бөбек» баспасынан 6800дана «Алматы кітап »баспасынан  14300 дана, «Атамұра»  баспасынан 16300 дана, «Macmilan»  21418 дана, «Express Publishing»6800 дана

  кітаптар және тасымалдау қызметтеріне 75,2 млн.теңгеге  игерілді..

     Әлеуметтік табиғи және техногендік сипаттағы төтнше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның  төтенше  резерві  есебінен  «Қарашық атындағы жалпы орта мектебі»-7,7 млн.теңге, «Балақаев атындағы жалпы орта мектеп»-7,6 млн. теңге, «№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы»-6,1 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 203,4 млн.теңге қаралып, 100%-ға игерілді. Бағдарлама шеңберінде қаладағы 200 орындық Н.Төреқұлов атындағы №8 орта мектеп құрылысы және Шаға ауыл округіндегі  орта мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілді. Нысандар 2017 жылға өтпелі.

  «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 472,3  млн.теңге қаржы толық 100%-ға игерілді. Оның ішінде:

  -Сатыпалды көшесіндегі 280 орындық балабақша құрылысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен 106,5 млн.теңге және облыстық бюджеттен 39,6 млн.теңге қосымша қаржыландырылды.

-Шорнақ ауыл округі Қызыл Әскер елді мекенінде 120 орындық бала бақша құрылысына-210,8 млн.теңге,

-Жүйнек ауылдық округі 120 орындық бала бақша құрылысына -57,7 млн.теңге,

-Қарашық ауылдық округі 120 орындық бала бақша құрылысына -57,7 млн.теңге.

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандандыру»  функционалды тобы бойынша қаржылардың игерілуі 1 395,2 млн.теңгені  құрап, 100 пайызды құрады.

Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету» бағдарламасы бойынша игерілгені 193,3 млн.теңге. Оның ішінде:

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 100,1 млн. теңге, Жастар практикасы бойынша 80,2 млн.теңге,  Кадрларды кәсіптік даярлауға бөлінгені 5,5 млн теңге.

 Әлеуметтік жұмыс  орындарына 116 мекемеге  533 адам жіберілген,жастар практикасы бойынша   95 мекемеге 160 азамат жолданған, 40 азамат қайта даярлау курсына жіберілген.

Ұлттық қордан қайта даярлау курстары бойынша 7,2 млн теңге игерілді, оның ішінде:

-55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы 20 жұмыссыздар қайта даярлау курсында оқытылды. Оның ішінде: тігінші мамандығына-10 азамат, автокөлік жөндеу слесары мамандығына-10 азамат,

-18-24 жастағы жалдамалы қызметкерлерге 30 азамат қайта даярлау курсында оқытылды. Оның ішінде: аспазшы-10,тігінші-3,автоэлектрик-14, автокөлік жөндеу слесары-3. 

Жергілікті бюджеттен еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарға 24,0 млн теңге игеріліп, 443 жұмыссыз азаматтар 16 жұмыс беруші мекеме арқылы жұмыспен қамтылды, оның ішінде Зияратшылар орталығына 5 адам, Жарық тазалыққа-223 адам, ІІБ –на жолданған «Сарбаздар» 79 адам, Салық басқармасына -15 адам, ауыл округтеріне 122 адам.

Ауылдық жерлерде тұратын 2 мың денсаулық сақтау,  білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мамандары қатты отынмен 4,2 млн. теңге әлеуметтік көмек алды.

Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі бойынша 37 жалғыз басты қарт зейнеткерлер, 155 мүгедек балалар, барлығы 201 адамға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 23,25 әлеуметтік қызметкерлер ауыл әкімшіліктерінде 84 мұқтаж азаматтарға қызмет етеді.

Атаулы әлеуметтік көмекпен 1 отбасы 12 адам, тұрғын үй көмегімен 1908 отбасы 11538 адам, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақылармен 8321 отбасы 31359 адам, Өрлеу жобасы бойынша 162 отбасы 992 адам қамтылды.

          Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша  1221 әр түрлі санаттағы     адамдарға қызмет көрсетілді.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 320 мүгедек балалар (1 АЕК 9 ай) материалдық көмекпен қамтамасыз етілді.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, 1598 мүгедектер арнайы гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді, оның ішінде:  балаларға арналған 107001 дана памперс,  ересектерге арналған памперс 162979 дана,  несеп қабылдағыш 22824 дана.

           -3 ымдау тілінің маманы 66 мүгедекке  858 сағат қызмет көрсетті және жүріп тұруы қиын 1-топтағы 582 мүгедектерге 558 жеке көмекшілер қызмет етті. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша – Инватакси қызметі 193 мүгедекке қызмет көрсетті.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»   функционалды тобы бойынша жоспардағы  5 млрд. 876,3 млн.  теңгенің  игерілуі  5 млрд. 845,2 млн. теңгені құрап, 31,1 млн.теңге игерілмеді. Атқарылуы  99,5 пайыз.

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «ҚР ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт» есебінен №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп- гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстары республикалық бюджеттен 73,6 млн.теңгеге, облыстық бюджеттен 1,2 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау бағдарламасы бойынша Отырар м/а №1 және №2 тұрғын үйдің құрылыстарына 596,2 млн.теңге игерілді. Нысан өз мерзімінде қабылданып нәтижесінде 120 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Отырар м/а №3-№10 тұрғын үйлердің құрылыстарына 120,0 млн. теңге игерілді. Нысандар 2017 жылға өтпелі.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру бағдарламасы бойынша:

Ұлттық қордан-Отырар мөлтек ауданының тұрғын үйлеріне инженерлік инфрақұрылымдардың  құрылысына  586,6 млн. теңге жоспарланып, игерілгені 556,2 млн. теңге. 30,4 млн. теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы. Нысан 2017 жылға өтпелі.

Жергілікті бюджеттен-Айналма жолдың бойындағы   көп қабатты   тұрғын үйлер үшін  сыртқы  инженерлік желілер салу және аумақты абаттандыру    құрылысына 68,1 млн. теңге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданды.

Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту бағдарламасы бойынша:

 1)М.Әбенова көшесін абаттандыру (жаяу жүргіншілер жолы және көшені жарықтандыру) жұмыстарына 73,2 млн.теңге;

 2) 19 мектеп Шекті Тілеу Жолдаяқ батыр көшелерін абаттандыру 107,8 млн.теңге игерілді. Нысандар пайдалнуға қабылданған.

Коммуналдық меншіктегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру бағдарламасы  бойынша жылу қазандығының көмірді жеткізу лентасының алғашқы бөлігіне нақты көмірдің шығынын өлшейтін электронды көмір өлшегіш құрал (тараз) сатып алуға-1,6 млн. теңге, жылу қазандығынан шығатын жылу энергиясын өлшейтін құрал сатып алуға-2,0 млн.теңге жұмсалды.

Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасына  1 062, 9 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

  1. «Бекзат мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысына (І кезек)» 66,6 млн.

 теңге игерілді. Нысан пайдалануға беріліп 1430 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылды.

  1. Шәуілдір тас жолы бойындағы тұрғын үй массивтерін электр желілерімен

қамтамасыз ету құрылысына 105, 4 млн. теңге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданып, 416 тұрғын үй сапалы электрмен қамтамасыз етілді.

  1. Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы тұрғындар алқабын электр қуатымен

 қамтамасыз ету құрылысы (3 кезек) 355, 3 млн. тенге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданып, 1110  тұрғын үй сапалы электрмен қамтамасыз етілді.

  1. "Ыждыхат" тұрғын массивін электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 380,2  млн.теңге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданып, 1387  тұрғын үй сапалы электрмен     қамтамасыз етілді.
  2. "Орталық" тұрғын массивін электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 153, 2 млн. теңге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданып, 699  тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылды.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасына  2 355, 1 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

  1.  «Түркістан қаласының көшелік су өткізгіштер жүйелерінің құрылысы (1 сақиналы)»

451,9 млн.теңге игерілді. (2014 ж-5,0млн.теңге, 2015 жылы 303,0 млн.теңге)

Нысан пайдалануға қабылданып, 3514 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілді.

2) «Түркістан қаласының көшелік су өткізгіштер тораптарының құрылысы (7 сақиналы торап)» 690,2млн. теңге игерілді.

Нысан пайдалануға қабылданып, 5056 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілді.

3) «Түркістан қаласының көшелік су өткізгіштер жүйелерінің құрылысы (8 сақиналы)»

549,3млн.теңге игерілді.

Нысан пайдалануға қабылданып, 5010 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілді.

4) «Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысы»-на  204,1 млн. теңге игерілді. Нысан пайдалануға қабылданып, 806 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілді.

5) «Тұран елді мекенінде су өткізгіштер құрылысы (ІІ кезек)»-на  452,4 млн. теңге игерілді.

Нысан пайдалануға қабылданып, 2503 абонент сапалы ауыз сумен қамтылды.

6) «Қарашық а/о Қарашық ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысы (2 кезек)»-на 

251,9 млн. теңге игерілді. 933 абонент ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілді

 «Ескі Сауран елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Қаражон елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Шаға елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Бершін төбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «Шойтөбе елді мекенін сумен қамтамасыз ету құрылысы», «А.Үсенов елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету» нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 20,9 млн. теңге игерілді. ЖСҚ-лар 2017 жылға өтпелі.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша қаланың негізгі көшелері мен қоғамдық орындарын түнгі уақыттарда жарықтандыру мақсатында 37 нысанда 7712 жарық көзін үздіксіз жанып тұруын қамтамасыз етуге 98,8 млн. теңге игерілді.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 157,5 млн.теңге игерілді. Онда  қаланың негізгі 52 көшесінің және 19,9 шқ авто жол жиектері іргетас маңын сыпыру, тазалау жұмыстары, 75 шқ негізгі көшелер бойындағы көгалды аймақтағы қоқыстарды тазалау жұмыстары, айына бір реттен 34,4 мың метрді тас арықтарды қолымен тазалау, негізгі 7 көшенің16,9 шқ жол бетін автокөлікпен жуу, қаланың негізгі көшелерінің бойындағы пайда болдған бей-берекет жатқан 112 шқ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары атқарылды.

 Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу бағдарламасы бойынша «Қарашық-1», «Қарашық-2», «Қаракөз», «Шойтөбе», «Батыс», «Бірлік» мұсылмандар және «Христиандар» зираттарын  күтіп ұстау жұмыстарына  4,3 млн. теңге игерілді.

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша  156,6 млн. теңге игерілді.

Көгалдандыру бойынша «Жеңіс» және «Парасат» саябағын, Б.Саттарханов және Тәуке хан даңғылындағы, Тыныштығұлов,  С.Қожанов, Әмір-Темір, Байбұрт көшесі, «Есімхан» алаңының маңайындағы, «Жасыл аймақ»,  қаланың негізгі көшелерінің бойындағы ағаш бұталарын қырқу, кронасын қалыптастыру және ағаш діңін әктеу жұмыстары.Н.Ондасынов аллеясын, «Арбат» - «Алматы алаңы» аллеяларын, «Альфараби» ескерткішінің маңайындағы көгалды аумақ,«Жібек жолы керуені» нысаны маңайындағы көгалды аумақ, «Дәріхана» (Аптека) аумағына көгалды аумақ,, «Назарбаев», , көшелерінің бойындағы және Батыс Қытай-Батыс Европа трассасындағы шыршаларды күтіп ұстау жұмыстары және осы аталған аумақтардағы бұрын отырғызылған ағаштармен гүлдерді күтіп, баптау, жаңадан 232 мың түп гүл отырғызу, ағаш, гүлдерді суғару, оның ішінде ағаш, гүлдерді механикалық жолмен суару жұмыстары жүргізуге 49,1 млн. теңге бөлінді. 

Қаланы абаттандыру бойынша 107,5 млн.теңге игеріліді.

Бильбордтардың, тартпалардың (перетяжка) бетіндегі 4825 м² банерлер жаңаланды.

Б.Саттарханов, С.Қожанов, Темір жол вокзалының алдындағы аланды, аспа көпірді тағы басқа нысандардың бойындағы жиек тастар (бордюр) мен жарық бағаналары  сырланды.

Архитектуралық декоративтік «Жылқылар» және «Түйелер керуені» мүсіндері орнатылды.

Негізгі көшелердің бойына декоративті (0,6 см-2610,0 мың және 1, 2 см  шарбақтар орнатылды,

Түркістан қаласы, Шәуілдір тас жолы бойындағы 220 га жер айналдыра шұңқыр қазылды,. 

Б.Саттарханов мөлтек ауданындағы 150 га жерді суландыру жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді,  ПЭ құбырларын орнатылды,

Тыныштықұлов көшесінің 51 дана жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді.

«Желкен» жалаулары мен жалаушаларды жуу, тазалау және ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

«Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік» функционалды тобы бойынша:

Мәдениет саласы  бойынша 2016 жылға  нақтыланған бюджеттің жоспары 284,9 млн. теңгені  құрап ,   игерілуі  100 пайызды құрады.

«Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік  бағдарламасы бойынша   қалалық «Мәдениет үйі» МКҚК қаржыландырылды. Оның ішінде:

Мәдениет үйі – 51 штат;

Ауылдық клубтар -30,5 штат.

Қаладағы түрлі деңгейдегі  21 мерекелік іс – шараларға 3070,0 мың теңге игерілді.                   

           «Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi» бюджеттік бағдарламасы бойынша   2 мекеме қаржыландырылды.          Орталықтандырылған кітапхан ММ –де 624017 кітап қоры бар. Оқырман саны 51763.  облыстық Пушкин атындағы кітапханадан 8005,0 мың теңгеге 4863 дана кітап қайтарымсыз алынды.

«Түркі тілдес халықтардың кітапханасы» мекемесінде 35429 кітап қоры бар.Оның ішінде қазақ тілінде 16441, орыс тілінде 13543, шет тілінде 5445. Оқырман саны 3000. Жыл көлемінде келуші саны 19500. Жыл ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 100,0 мың теңгеге «Төлеби» кітап үйінен  37 кітап, мемлекттік тапсырыс бойынша «Отырар» кітапханасынан 233 кітап тегін берілді және жеке тұлғалардан 2534 кітап сыйға алынды, жалпы 2804 кітаппен толықтырылды.  

 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының  басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша  «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 бірлікпен жұмыс жасайды.

Газеттер мен журналдар арқылы және телерадиохабарларын  тарату арқылы     мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер бойынша  21268,8 мың теңге игерілді.  Оның ішінде:

Газет арқылы: 10,2 млн. теңге:

- Түркістан газеті 180 000 см 2 басылып  9,0 млн.теңге,

 -ЖШС «Түркістан-тынысы»  25 000 см2  басылып 1,2 млн. теңге жаратылды.

Телевидение арқылы: 11,0 млн. теңге:

Оның ішінде : ЖК «Жүсіпов» облыстық телеарнадан сюжеттер мен хабарларға-625 минутқа 3,7 млн.теңге, «Тұран-Түркістан» телеарнасы ЖШС- на1463,76 минутқа 7,3 млн.теңге игерілді.

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 10,4 млн.теңге игерілді.  Оның ішінде :  «Жастар  орталығы » коммуналдық қазыналық мекемесі 5 бірлік жұмыс атқарады. 

Қала бойынша Жастар саясаты мақсатында 11 түрлі: «Қазақ елінің болашағы –Жастар!» атты тақырыпта әдеби шығармашылық өткізу, «Үздік жас кәсіпкер» байқауы,  «Түркістан жастар көзімен» жастар арасында байқау, қала әкімі кубогы үшін «Жайдарман» ойындарын өткізу, «Түркістанымды жырлаймын» жас ақындар мүшайрасы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай іс шара өткізу және т.басқа да іс шараларға 1,8 млн. теңге игерілді.

Спорт саласы  бойынша 2016 жылға  нақтыланып жоспарланған  181,8 млн. теңге қаржыларының игерілуі   100 пайызды құрады.

 «Ұлттық және спорттық  түрлерін  дамыту» бағдарламасымен  123,8 млн. теңгеге игерілді. Игерілуі 100  пайыз.

         Осы бағдарламамен  «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», №3 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», және «Жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»,

   №4 «Балалар мен жасөспірімдер  спорт  мектебі» қаржыландырылды.            Жаттығушы балалар саны 1814.

«Аудандық  деңгейде  спорттық жарыстар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша  26 жарыс түрлері өткізіліп,  5,0 млн. теңге толығымен  игерілді.

«Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама  командаларының мүшелерін дайындау  және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бюджеттік бағдарламасы бойынша  облыс және республика деңгейіндегі  25 жарыс түрлеріне  қаралған 7,4 млн. теңге игерілді.

«Отын-энергетика кешені» функционалды тобы бойынша  823,9 млн.теңге игерілді. Бұл топ бойынша Түркістан қаласының квартал ішіндегі тарату газ өткізгіш жүйелерінің құрылысы (1-ші кезек) облыстық бюджеттен 714,7 млн.теңге, қалалық бюджеттен 11,3 млн.теңгеге қоса қаржыланды.Нысан пайдалануға беріліп, 4529 абонент табиғи газбен қамтылды.

Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының ЖСҚ (2 кезек), (3 кезек) және Үшқайық ауыл округі Теке, С.Қожанов, Нұртас, Жалаңтөс елді мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысының ЖСҚ-ларына 9,0 млн.теңге игерілді.Нысандар 2017 жылға өтпелі.

      «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары» функционалды тобы бойынша жоспары 300,8 млн.теңге, игерілгені 282,4 млн.теңге, жоспар 93,9%-ға орындалды.

Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 21 сібір жарасы ошақтарының көмінділеріне 3,1 млн. теңге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауру жануарларды союды ұйымдастыру» бағдарлдамасы шегінде 52 бас жануарлардың санитарлық сойылу жұмыстары  0,8 млн. теңге, «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою қызметі» бағдарламасы бойынша 6,4 млн.теңгеге 9466 бас қаңғыбас ит пен мысықтар аулап жойылды. Ауру малдарды алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардын, жануардан алынатын өнімдер шикі заттын  құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша бруцеллез ауруымен ауырған 103 уақ малдардың иесіне  өтемақы (10,9 мың теңге) есебінде  1,1 млн. теңге    56 бас ірі қара малдарға (71,4 мың теңге) 4,0 млн. теңге игерілді.  «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу»  бағдарламасымен 23,4 млн.теңге игерілді.  Көктемгі кезеңде 2139 литр креолин-х инсектоакарацидтік препаратпен 87 174 ірі бас қара малдар бүркілді,  уақ малды тоғыту 422 291 басқа жүргізілді. Үй іргелік қора жайларға 9276 кг дельтрит ұнтақ инсектоакарацидтік препараты жұмсалып, 2 319 058  шаршы метрі залалсыздандырылды. Күзгі кезеңде 2343 литр креолин-х инсектоакарацидтік препарат жұмсалып, ірі қара малдарды бүрку 95 742 бас,  уақ малды тоғыту 462 078 басқа жүргізілді. Үй іргелік қора жайларға 9276 кг дельтрит ұнтақ инсектоакарацидтік препараты жұмсалып, 2 319 058  шаршы метрі залалсыздандырылды.

 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 157,8 млн. теңге толық игерілді.

«Жануарлардың аса қауіпті  ауруларының профилактикасы бойынша 15 ауру түріне қарсы барлығы ІҚМ - 504 156 бас, уақ мал – 2 398 200 бас, құс – 468 413 басқа егу жұмыстары мен 2 ауру түріне қарсы аллергиялық тексерулер жүргізілді.

Серологиялық тексерулері бойынша Лабораторияда  84 245  ірі қара мал, 381 579 уақ мал бруцеллез ауруына тексеріліп нәтижесінде 58 бас ірі қара мал мен 103 бас уақ мал «оң» нәтиже бергендігі анықталды. «Оң» нәтиже берген 56 бас ІҚМ мен 103 бас уақ мал «Түркістан СТК мал сою бекетіне санитарлық союға тапсырылды. «Оң» нәтиже берген 2 бас ІҚМ жойылды.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша:

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында  20 маман  (3 денсаулық сақтау, 16 білім беру, 1 мәдениет) (148470 теңге)  3,0 млн.теңгеге көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Банкалық қызметке 2,7 млн. теңге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен : тұрғын үй алу үшін  5 маман (1 мәдениет, 1 спорт,  3 білім беру) 15,7 млн. теңгеге бюджеттік кредитке қол жеткізді.

      «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалды тобы бойынша шығындардың игерілуі 107,6 млн.теңгені құрады немесе 100,0%-ға орындалды. Бұл топпен Құрылыс бөлімі 23,9 млн.теңге  және Сәулет және қала құрылысы бөлімі 45,7 млн.теңгеге қаржыландырылды. Қаланың бас жоспарына 38,0 млн.теңге игерілді. Оның ішінде: Түркістан қаласы Х.А.Яссауи атындағы мавзолейдің буферлік аумаққа жапсарлас жер учаскісіне қабылданған концепцияға сәйкес жүргізілетін құрылыс жұмыстарының егжей тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге-5,1 млн.теңге, (мердігері  «Қазқайтажаңарту» РМК), Шавгар мөлтек ауданының 970 га жоспарлау жобасын әзірлеуге-15,0 млн.теңге (мердігері Даулет ЖШС), Түркістан қаласы оңтүстік-батыс аумағына 640 га жоспарлау жобасын әзірлеуге 14,2 млн.теңге (мердігер «Улмад» ЖШС), Түркістан қаласы  аумағы шекарасынан өтетін Батыс-Қытай-Батыс-Европа транзиттік автодәліздің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге-3,7 млн.теңге (мердігер Даулет ЖШС).       

     «Көлік және коммуникация»  функционалды тобы бойынша  257,0 млн.теңге игерілді. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 15 көшеге тас төсеу (16,3 шақырым), 14 көшені орташа жөндеу жұмыстары (7,13 шақырым) , 15 көшеге ағымдағы жөндеу (10497,2 м2) 233,3 млн. теңгеге  жүргізілді. Бұл топ бойынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын ұстауға 14,0 млн.теңге қаржы игерілді.

         «Басқалар»функционалды тобы бойынша  91,7 млн.теңге игерілді. Осы топ бойынша  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен ауылдық жерлерде 28 жоба, оның ішінде  5 ауыл көшелерінің жолдарын орташа жөндеу, 2 көшеге тас төсеу, 1 балалар балабақшасының балалар алаңын  ағымдағы жөндеу, 11 елді мекеннің абаттандыру жұмыстары, 8 елді мекендегі көшелерді жарықтандыру жұмыстары  толығымен атқарылды.

      «Трансферттер» функционалды тобы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен игерілмеген 23,8 млн.теңге және білім беру саласына бойынша «Орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландыру» шеңберінде 4 мектептің республикалық бюджеттен қаржыландырылуына байланысты субвенция қаржысы 166,5 млн.теңге облыстық басқармаларға қайтарылды және ауыл округтері трансфертпен 55,6 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Бөлім басшысы                                                                 М.Таңғатаров

Орындаушылар:

К.Оспанова

Т.Усенбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…