ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРГЕ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН ЖОҒАРЫЛАТУ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

(ЖОБА)

Түркістан қаласының  аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387, 444 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…