БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ МЕН ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ (ТАКСИДЕН БАСҚА) ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖОЛ ЖҮРУЛЕРІ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Ш Е Ш І М

 

Барлық білім беру ұйымдарының

күндізгі оқу нысаны бойынша білім

алушылары мен тәрбиеленушілерінің

қоғамдық көлікте (таксиден басқа)

жеңілдікпен жол жүрулері туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қаласының бюджеті есебінен қаржыландырылатын, Түркістан қаласының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:

1) 1-4 сыныптары – ақысыз жол жүру.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы     

                                 

          Қалалық мәслихат хатшысы    

1

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…