ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 16 ШІЛДЕДЕГІ №985 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН, ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АТА-АНАНЫҢ АҚЫ ТӨЛЕУ МӨЛШЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Түркістан қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

Түркістан қ.                    

«Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытуға мемлекеттік білім беру

тапсырысын, жан басына шаққандағы

қаржыландыру және ата-ананың ақы

төлеу мөлшерін бекіту туралы»

Түркістан қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 16 шілдедегі №985

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

           

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті   мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43- бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен   оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №985 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2792 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде «Туркістан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

         кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4- тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

       Осы қаулының қосымшаларына сәйкес, №1 және №2 қосымшаларына өзгерістер енгізілсін.  

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                 Ә.Өсербаев

                                                                                                  Түркістан қаласы әкімдігінің

                                                                                               2015 жылғы « ___ » __________

                                                                                               № _____ қаулысына №1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Түркістан қаласы

13 965

13 300

1855

                                                                                                         

                                                                                                 Түркістан қаласы әкімдігінің

                                                                                                  2015 жылғы «____ » _________

                                                                                                  № _____ қаулысына №2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар

Шағын орталықтар

Санаторлық

үлгідегі балабақша

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақша, шағын орталық)

қалалық жерде

ауылдық жерде

балалар толық күн болатын

балалар жарты күн болатын

18 376

25 055

12 578

6 289

23 000

18 376

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…