ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАҢТАРДАҒЫ №11/73-V «ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫН ТҮЗЕТУ ТУРАЛЫ» ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

ЖОБА

Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №11/73-V «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабының 3 тармағына  сәйкес,  Түркістан  қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №11/73-V «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2245 тіркелген, 2013 жылғы 18 наурыздағы «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;

шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/61-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2176 нөмірімен тіркелген) Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық салық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                   Қалалық мәслихат

                                   сессиясының төрағасы                                             А.Ибрагимов

                                   Қалалық мәслихат

                                   хатшысы                                                                      Ғ.Рысбеков

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…