ҮЙ ІРГЕСІНДЕГІ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНЕ САЛЫНАТЫН БАЗАЛЫҚ САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

ЖОБА

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 382 бабына сәйкес, Түркістан  қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Түркістан қаласы үшін (ауылдық жерлерді қоспағанда) көлемі 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 1,0 теңгеге дейін төмендетілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                                   А.Ибрагимов

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                            Ғ.Рысбеков

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…