ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚТЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІ

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес, Түркістан  қалалық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Түркістан қаласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы                             А.Ибрагимов

Қалалық мәслихат

хатшысы                                                     Ғ.Рысбеков

Түркістан қалалық мәслихатының

2015 жылғы ....     ........дағы

№............. шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне

тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Мөлшерлеме

(айлық есептік көрсеткіш)

Бір айға

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

 

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…