ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2014 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

Түркістан  қаласының 2014 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық                      дамуы туралы

Бюджеттің кірістері 22 млрд. 984,9 млн. теңгеге орындалып, 100,5 пайызға немесе 103,2 млн.теңгеге артық орындалды. 2013 жылмен салыстырғанда 3 млрд. 790,0 млн.теңгеге артты.  Оның ішінде, өзіндік кірістер 1 млрд. 866,7 млн. теңгеге немесе 106,1 пайызға, жоспар 107,6 млн.  теңгеге  артық орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 22 млрд. 847,7 млн.теңгеге игеріліп, 99,85 пайызды құрады, немесе 34,0 млн теңге игерілмеді. Оның ішінде, 29,0 млн теңге (85,3 пайыз) объективті себептермен, 5,0 млн. теңге (14,7 пайыз) субъективті себептермен игерілмеген.

Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Қалада өнеркәсіп саласында 34 кәсіпорын, оның 9 ірі және орташа, 12  шағын, 13-і қосалқы қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде жалпы өнеркәсіп өнім көлемі  12 млрд. 552 млн. теңгені құрап, өткен жылмен (10 млрд. 023 млн.теңге) салыстырғанда нақты көлем индексі 9,7 пайызға артты (обл.көрсеткіш 104,5 пайыз).

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 408,9 млн.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 93,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібі 10 млрд.808,4 млн.теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 113,1 пайызды құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру 995,9 млн.теңгені, нақты көлем индексі 103,1 пайызды, сумен жабдықтау 338,8 млн.теңгені, нақты көлем индексі 118,8 пайызды құрады.

                     

2014 жылы Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына жалпы  құны 2 млрд. 140 млн.теңгеге 5 жоба облыстық аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, енгізілді.

Кәсіпкерлік                           

Іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілер саны  11658, жұмыспен қамтылған адам саны 30732 және өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 55,1 млрд.тенге. 2013 жылмен салыстырғанда субъектілер саны 14,3%, жұмысшылар саны 5,7% және өнім көлемі 10,2 %-ға өсті.

Есепті мерзімде,  «Максимум» АИО арқылы,  136 жоба 641,5 млн. теңгеге қаржыландырылып, 2013 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты (354,2 млн.теңгеге 172 жоба).

«Ауылшаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» арқылы  2013 жылы 95 жоба 251,4 млн. теңгеге  қаржыландырылса, есепті мерзімде 192 жоба 635,6 млн.теңгеге қаржыландырылып, өткен жылмен салыстырғанда  2,5 есеге өсті.

                                 Ауыл  шаруашылығы  

Есепті мерзімде,  25 млрд. 710,1 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға артық (обл.көрсеткіш 101,6 пайыз).

Оның ішінде мал шаруашылығы 10 млрд.662,8 млн.теңгені құрап, 102,8 пайыз, егін шаруашылығы 15 млрд.047,3 млн.теңгені құрап, 101,2 пайыз болды.

Тамшылатып суару әдісі 1115 га қолданылып, тапсырма (700 га) 159,3%-ға орындалды.

7,13 га жылыжай салынып, жылдық тапсырма  (7 га) 101,8%-ға орындалды.

Қала бойынша жалпы сыйымдылығы 19640 тонна құрайтын 8 бірлік жеміс-көкөніс сақтайтын қоймалар бар. Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1537 ірі қара мал аналығы және 75 бас асыл тұқымды бұқалар  сатып алынып, тапсырма (600 бас) 2,7  есе, 176 мал бордақылау алаңы іске қосылып, тапсырма (120 бірлік) 146,6%-ға орындалды.

Мал өнімдері: 13781,6 тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, сүт 59142,4 тонна өндіріліп, 0,5 пайызға, жұмыртқа 9856 мың дана өндіріліп, 3,0 пайызға, қырқылған жүн 718,9 тоннаға жетіп, 0,1 пайызға артты.

Мал басы бойынша ірі қара мал 65,9 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға, қой-ешкі 339,5 мың бас, 4,0 пайызға, жылқы 7,4 мың бас, 0,4 пайызға,  құс 95,0 мың бас, 10,1  пайызға артты. Түйенің саны 1889 басты (97,6 %), шошқа 1,3 мың бас немесе 56,3 пайызды құрады.

18 қолдан ұрықтандыру бекеттерінде 13611 бас сиыр қолдан ұрықтандырылып, жылдық тапсырма (13455 бас) 101,2%-ға орындалды.

                                              Әлеуметтік сала 

Қала халқының саны  253,1 мың адамды құрады (қала-157,8 мың адам, ауылдарда-95,3 мың адам). Оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық 85,5 мың адам. Өздігінше жұмыспен қамтылған 54311 азаматтарды формалды секторға өткізу  жоспарланып, есепті мерзімде  52426 азамат қамтылып, 96,5 пайызға орындалды.

Қала бойынша орташа айлық жалақы 80560 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 17662 теңгені құрап, 12,6 пайызға артты.

 Жұмыссыздар саны 4360 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  346 адамға азайды. (2013 жыл- 4706). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз (2013 жылы -5,5 пайыз) болды.

Жаңадан 3286 жұмыс орны ашылды (2013 жылы-2307), оның ішінде  кәсіпкерлік саласында-296, сауда саласы-784, денсаулық - 4, білім - 90,  ауыл шаруашылығы-179, «Максимум» АИО арқылы-690, басқа да салаларда-1243.

Жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 3892 азаматтың 3801-і жұмыспен қамтылып, жұмысқа орналасқандардың үлесі 97,7 пайызды құрады.

Ресми жұмыссыздар саны 346 адамды құрап, ресми жұмыссыздық  деңгейі  0,40 пайызды құрады (2013 жылы - 376 адам, 0,44 пайыз).

Атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасына (226 адам) 2 млн.693 мың теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 1 млн.643,9 мың  теңгеге кеміген (2013 жылы - 90 отбасы 571 адам).

18 жасқа дейінгі жәрдемақы 27324 балаға (7226 отбасы) 485,2 млн. теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 млн. теңгеге артқан (2013 жылы-7875 отбасы 28897 бала).

1702 отбасына 21,2 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы көрсетілді (2013 ж.-2326 отбасы, 28,3 млн.теңге).

                                     Денсаулық сақтау

Қала тұрғындарына  428 дәрігер, 1354 кіші медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. 

Облыстық бюджеттен 244,0 млн.теңге қаржы бөлініп, Оранғай, Жүйнек елді мекендерінде дәрігерлік емхана, Шерт фельдшерлік амбулаториялық бекеті,  Шойтөбе медициналық бекет  құрылыстары салынып, пайдалануға берілді. «Туберкулезге қарсы диспансер» мекемесін қоршауға және зонаға бөлуге 21,5 млн.теңге қаржы игерілді.

Одан бөлек, республикалық бюджеттен (жалпы құны 5 млрд. 519  млн.теңге) 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы аяқталды.

Материалдық – техникалық  базаны  нығайтуға   225,0 млн.  теңге  қаржы  бөлініп, игерілді, 2013 жылмен салыстырғанда 3,3 есе артық.    

Сәбилердің шетінеу көрсеткіші 1 мың туылғанға шаққанда  12,1 құрап (туылғаны-7695, шетінегені-93), 2013 жылмен салыстырғанда 1,3-ке  кеміді (туылғаны -7634, шетінегені-102).

                                     Білім саласы    

Білім беру саласын қаржыландыруға 2014 жылы  14 млрд. 592,2 млн. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда  30,3 пайызға артты (2013 жылы-11196,6 млн.теңге). 

Жалпыға міндетті білім қорына  99,3 млн.теңге қаржы бөлініп, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының  ыстық тамағына, киім-кешектеріне және т.б. жұмсалды (2013 ж.- 77,5 млн.теңге).

Мектеп бітіруші 2288 түлектердің 954-і ҰБТ-ке қатысты, оқушылардың білім сапасының орта баллы – 81,65 құрап (2013 жылы -78,2 балл), облыс көлемінде 2 орынды иемденді.

«Алтын белгі» белгісіне 106 үміткерлер ішінен ақтағаны - 46 оқушы, 35 "Үздік аттестатқа" үміткерлердің ақтағаны - 11 оқушы. 2013 жылы 25 «Алтын белгі», 18 «Үздік аттестат» ақталған болатын.

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 21255 құрайды. Жалпы 41 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 28 балабақшада 5197 бала, 13 жекеменшік балабақшада 1459 бала, 63 шағын орталықтарда  9605 бала, барлығы 16261 бала балабақшамен қамтылып, 76,5 %  құрап отыр.

                                       Инвестиция

2014 жылы негізгі капиталға 21 млрд.694 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 96,7 пайызды құрады.

Оның ішінде, 5 млрд.796,1 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен,  4 млрд. 993,9 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 6 млрд.945,9 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен,   3 млрд. 958,5 млн. теңгесі қарыз қаражаттары  есебінен тартылды.

Қалада 44 мың 916 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,4 пайызға артық.

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Оранғай ауылын сумен қамтамасыз ету (2 кезек) (455,0 млн.теңге), Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,2,3,4,5,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылысына (1 046,9 млн.теңге), Түркістан қаласына дейін су өткізгіш имараты түйіннен су ақынның құрылысына (200,0 млн. теңге) 1701,9 млн. теңге бөлініп,  құрылыстары жүргізілді. Нәтижесінде қала халқының 83,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылды.

Сарқынды су

Түркістан қаласының кәріз желілерін салу (2-кезең) және кәріздік тазалау құрылғыларының құрылысын аяқтауға   300,0 млн. теңге  бөлініп,   игерілді. 17 КНС, 71,5 шқ жүйелері салынды.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету

Түркістан қаласы «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету (39,9 млн. теңге), Кентау тас жолы бойындағы «Новая» 35/10 кВ қосалқы стансасының (279,0 млн.теңге), Түркістан қаласындағы 110/35/10 кВ «Коммунальная» қосалқы стансасының құрылыстарына (330,7 млн. теңге) 649,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Газбен қамтамасыз ету

«Бейнеу-Шымкент» магистралды газ өткізгішінің 1285 шақырымындағы №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ таратушы стансасының және автоматтандырылған газ таратушы стансасынан Ескі Иқан елді мекеніне дейін газ жеткізгіш құбырының құрылысына 490,0 млн. теңге игерілді.

Автомобиль жолдарын салу

Қала аумағында 38,9 шақырымды құрайтын жалпы саны 48 көшеге 617,4 млн. теңге бөлініп орташа жөндеуден өткізілді.

Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 12 көше (296,1 млн. теңге), «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 9 көше (56,8 млн. теңге), жергілікті бюджет есебінен 27 көше (264,5 млн. теңге).

Сонымен қатар 4,2 млн.теңгеге 255 жол белгілері ортнатылды.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…