ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТАЗА ТАБЫСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН АУДАРУ НОРМАТИВІ ТУРАЛЫ ЖОБА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Қалалық мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін
аудару нормативі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                           140 бабының 2-тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №83 қаулысына сәйкес қала әкімдігі              ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, жауапкершігілі шектеулі серіктестіктердің таза табысының бір бөлігін         45 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілеген тәртіпте:
  3. осы қаулыны Түркістан қаласының аумағында таратылытын мерзімді баспа басылымдарында жариялануын және Түркістан қаласы әкімдігінің интернет –ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
  4. «Түркістан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі /Қ.Төлентаев/, «Түркістан қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі /П.Мұсаев/, «Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі /Б.Букебаев/ ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының тиісті бөлігін қала бюджетіне толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау жүктелсін.

         3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4.   Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Төрежановқа жүктелсін.

                   Қала әкімі                                                                   Б. Әшірбеков

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…