ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 20 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №10/56-V «2013-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №10/56-V «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет   туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы №19/166-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №9/71-V «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру  енгізу  туралы»  Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізілімінде №2388 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы     №10/56-V«2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2177 нөмірімен тіркелген,                  2013 жылғы 12 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан қаласының 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 17  463 058  мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 2 181 586 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 8 187 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64 022 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 15 209 263 мың теңге;

2) шығындар – 17 488 002 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 10 464 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 12 982 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –  2 518 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)–  -35 408 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                              35 408 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 12 982 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 518 мың теңге;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 24 944 мың теңге.»;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      «2. 2013 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативі қалалық бюджетке 86 пайыз, облыстық бюджетке 14 пайыз болып белгіленсін.».

Аталған шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы                     Е.Тәңірбергенов                                                                                                     

Қалалық мәслихат хатшысы                                              Ғ. Рысбеков

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…