ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ОРНАЛАСТЫРУ, ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАЛАРЫН, ДЕПУТАТТЫҚ ӨКІЛДІК ЖӘНЕ ЭТИКА ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ КӨШІЛІК ТЫҢДАУЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ

Түркістан қаласы                                       №1                             24.06.2015 жыл.  сағат 12:00

   Қатысқан:123                                                                                                                           

Қолдағандар: 123, қолдамаған: 0

 Комиссия  төрағасы:  М.Дүйсебеков №9 округінің депутаты, қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы. 

Жүргізуші: М.Дүйсебеков тұрақты комиссия төрағасы                                                 

Комиссия  мүшелері: Б.Тұрды, А.Ибрагимов, Ғ.Сәрсенбаев, М.Ибраим.              

Қатысушылар: Қала әкімі орынбасарыД.Тәңірбергенов, қалалық  мәслихат  аппаратының  басшысы  Н.Абдужаппаров,  «Түркістан», «Туркистон» газетінің директор-редакторы А.Оспан, ономастика мәселелері бойынша құрылған жұмысшы топтың мүшесі, ХҚТУ профессоры Х.Тұрсын, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұ.Мұстафаева, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жұмабекова.     

КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

Түркістан қаласындағы атауы жоқ, нөмірленген №323 көшеге Соғыс ардагері Құдас Жүнісбековтың есімін беру туралы.

                                     

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия төрағасы М.Дүйсебеков хабарлама жасады.

М.Дүйсебеков: Құрметті  депутаттар,   құрметті  көпшілік   тыңдауына   қатысушылар!

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық  құрылысы  туралы»  1993 жылғы   8 желтоқсандағы Заңның және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге,  елді   мекендердің құрамдас  бөліктеріне   атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын   нақтылау  мен өзгерту  кезінде  тиісті   аумақ  халқының  пікірін  ескеру  қағидаларын  бекіту  туралы»  2014 жылғы  24 ақпандағы   №138   Қаулысының  нормаларына  сәйкес, Түркістан қаласындағы №323 көшеге Құдас Жүнісбековтың есімін беру туралы хат келіп түсті.

 Жоғарыда  аталған  нормативтік   құқықтық   актілердің  және   хаттың  негізінде,  тұрақты комиссиялардың   көпшілік  тыңдауы  ұйымдастырылып  отыр. Осы мәселе бойынша жан-жақты талқылап, лайықты бағасын беріп, Ұлы Жеңіске қосқан үлесі үшін қаламыздағы жаңа көшелердің бірі -323 көшеге есімін беру үшін өздеріңізбен пікір алмассақ.

Түркістан қаласы  әкімдігінен  келіп  түскен хат бойынша,  сөз Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұ.Мұстафаеваға беріледі.

Ұ.Мұстафаева: Құрметті  депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына  қатысушылар! 

Құдас Жүнісбеков 1912 жылы туылған. Ол 1936-1939 жылдары Душанбе қаласында 20- байланыс эскадроның командирі, 1939-1941 жылдарыКолхозбад және Куйбышев аудандарында әскери комиссар, 1941-1942 жылдары Тәжікістанда жасақталған 122-ұлттық полктің рота командирі, 1942-1943 жылдары 2-Украина майданында атқыштар ротасының, 1943 жылы атқыштар батальонының командирі болып қызмет жасады. 1944 жылы жараланып, капитан дәрежесімен елге оралды. Елге келгеннен кейін де қажырлы еңбек етті. 1957 -1958 жылдары Түркістан ауданы, Шаға ауылдық кеңеңсінің төрағасы, 1959-1960 жылдары «Жамбыл»  кеңшарында партком хатшысы, 1961-1968 жылдары Түркістан «Киіз үй» фабрикасының бас инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. ОҚО партия комитетінің кәмпеске, ұжымдастыру науқандары және ашаршылық жылдары Тәжікстаннан 250 шаңырақты бастап туған жерге алып келді. Құдас Жүнісбековтың майдандағы ерліктері үшін «Александр Невский», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жж. ҰОС Жеңістің 20 жылдығы», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Сондықтан да, Қ.Жүнісбековты майдандағы ерлігі мен батырлығын ескеріп және елге еткен еңбегі үшін қаламыздағы №323 көшеге есімін беру құптарлық іс деп санаймын және осы ұсынысты қолдауларыңызды сұранамын.

 М.Дүйсебеков: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Хабарламашыға қоятын сұрақтарыңыз болмаса келіп түскен хат бойынша ой пікірлеріңізді айтуды сұранамын.

А.Ибрагимов: қалалық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі.

Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

Соғыс ардагері Қ.Жүнісбековтың есімін қаламыздағы №323 көшеге берілсе, бұл біздер үшін үлкен құрмет пен абырой деп есептеймін, айтылған ұсынысты қолдаймын.

   Б.Тұрды: қалалық мәслихатдепутаты, комиссия мүшесі.

   Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!

   Иә, Құдас ЖҮнісбековтың майданда көрсеткен ерлігі мен батырлығын, елге істеген еңбегін бағалап, есімін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында қаламыздағы №323 көшеге беру игі істердің бірі есептеймін.

             М.Дүйсебеков: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Тағы басқа ұсыныс пікірлеріңіз бар ма? Ұсыныс-пікірлеріңіз болмаса тиісті қаулы қабылдауымыз керек. Сіздерді қаулымен таныстырайын. Күн тәртібіне ұсынылған мәселені тыңдап талқылай келекомсиссия отырысы 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

     1. Соғыс ардагері Құдас Жүнісбековтың есімін қаламыздағы нөмірленген №323 көшеге  беру туралы қала халқының пікірі бірауыздан мақұлдансын.

     2. Көпшілік  тыңдау бойынша  тұрақты комиссия   отырысы   хаттамасының  көшірмесі,  ұсыныс  беруші, яғни   Түркістан қаласы  әкімдігіне  Заңнамаға сәйкес  туындайтын  іс-шараларды (интернет-ресурстарында  орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау   және  т.б)  жүргізу үшін жолдансын.

     3. Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  Түркістан қалалық маслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі  тұрақты  комиссиясының   төрағасы М.Дүйсебековке жүктелсін.

Отырыс  төрағасы                                  М.Дүйсебеков

Комиссия мүшелері,

қалалық мәслихат депутаттары:    Б.Тұрды

         А.Ибрагимов

М.Ибраим,

Ғ.Сәрсенбаев 

25.06.2015

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…