ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МҮЛКІН МҮЛІКТІК ЖАЛҒА АЛУҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ КЕЗІНДЕ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

You are here

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МҮЛКІН МҮЛІКТІК ЖАЛҒА АЛУҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ КЕЗІНДЕ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕМЕСІН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

 
 

Жоба

Түркістан қалалық коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру қағидасының 50-тармағына 
сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкесбекітілсін.
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  3. осы қаулыны Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
  4. осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің орынбасары С. Төрежановқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                      Б.Әшірбеков

Түркістан қаласы
әкiмдiгiнiң 2014 жылғы

«___» __________
№ ___ қаулысына
қосымша

Түркістан қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген тиісті жылға арналған 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіші жалдау ақысының (Рс) мөлшерлемесі болып белгіленсін.

  1. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = Рс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,

мұнда:

Ап – жылдық жалдау ақысы;

Рс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының мөлшерлемесі;

S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;

Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;

Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;

Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;

Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;

Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;

Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.

  1. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = С х Nam /100 х Кп

мұнда:

Ап – жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.

100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;

Nam – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;

Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).

Мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде – 0 көлемінде.

Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау бойынша 1 шаршы метрге сағатына төлеу мөлшерлемесі айына жұмыс күндерінің және тәуліктегі жұмыс сағаттарының санына мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін математикалық бөлу жолымен анықталады.

С. м. 1 ш. м. = С: 22:8х Н.к х Н.с.

(ай сайынғы құны: 22:8 х нақты күндері х нақты сағаттары), мұнда:

С. м. 1 ш. м. – сағатына 1 ш. м. төлемі бойынша мөлшерлеме;

С – жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі;

22 – 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;

8 – күніне жұмыс сағаттарының саны;

Н. к. – нақты жұмыс істеген күндер;

Н. с. – нақты жұмыс істеген сағаттар.

Сағатына 1 шаршы метрге мүліктік жалдау бойынша төлем мөлшерлемесі өтініш берушінің жұмыс кестесін ұсынуына сәйкес мүлік толық емес күнге жалға берілген жағдайларда (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) қолданылады.

Білім беру мекемелеріндегі үй жайларды мүліктік жалға (жалдауға) ұсынылған жалдау ақысының есебі оқу жылына жүргізіледі (тиісті жылдың
1 қыркүйегінен бастап 31 мамыр аралығында).

Біржолғы іс-шараларды жүргізу кезінде жалдау ақысының есебін шаршы метр жалдайтын алаңына 100,0 теңгені көбейту жолымен жүргізсін.

р/т

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс типін ескеретін коэффициент (Кт):

1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

 

1.4спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)

0,7

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)

2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)

3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін комму-никациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түріне 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):

 

4.1 облыстық мәні бар қалалар (Түркістан) үшін

1,8

 

4.2 кент, село (ауыл)

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):

5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, «Қазпошта» 
АҚ-ның есеп айырысу-кассалық орталықтары, банкоматтар, терминалдар үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады):

Түркістан қаласы

қалған елді мекендер

2,5
2,0

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

1,5

5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру


1,1
0,9
0,8

5.6 мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) коммуналдық заңды тұлғалар-дың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы асхана мен буфеттер үшін

0,5

5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):

6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0

 
 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…