«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫН ӘЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕСІНЕ» СӘЙКЕС 2014-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Тұрғын үй саласы бойынша:

             Қол жетімді тұрғын үй -2020 бағдарламасы аясында Түркістан қаласы бойынша қала халқының жылдан жылға өсіп, жас отбасылардың көбейуіне байланысты, аталған бағдарлама аясында, 2013 жылға жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 80 пәтерлі бір үй халық игілігіне құрылысын бастау жоспарланып отыр. Қала бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 706 адам, ал ауыл округ бойынша 104 адам. Аталған құылысқа 2013 жылы Республикалық бюджеттен 70,192 млн тенге бөлініп отыр. 2014 жылға 5 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Аталған құрылыс аяқталса, 400-ге жуық отбасы баспаналы болады. 2015 жылға 5 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жоспарда. Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда біріншіден, қала халқын жайлы да, тұрақты тұрғын үймен қамтиды, екіншіден әлеуметтік мәселелердің шешімі яғни, қосымша тұрақты жұмыс орындары ашылады.

            Елбасының саясатын жүргізу мақсатында баспанасыз жүрген жас отбасыларға, түрлі санаттағы мүгедектерге 2015-2018 жылдарға көп қабатты 97 тұрғын үй құрылысы жоспарлануда. Халыққа салынатын тұрғын үйлер коммуналдық аренда негізінде беріледі. 

Мәдениет саласы бойынша:

      Түркістан қалалық мәдениет үйіне 2014 жыл мен 2015 жылдар аралығында инвестициялық жобалар қарастырылмаған.

2016 жылға Бабайқорған ауыл округіне жалпы соммасы 25000,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен,  Иассы ауыл округі Еңбекші Дихан ауылына 22000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен, Сауран ауыл округі Ынталы ауылына 25000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен, Түркістан қаласы Бекзат мөлтек ауданына 25000,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен  құрайтын,  клуб – кітапхана ғимараттарын салу жоспарланған.

2017 жылға Қарашық ауыл округі Құмтиын ауылына жалпы соммасы 22000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен,  Шаға ауыл округі Шаға ауылына 20000,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен, Оранғай ауыл округі Бостандық ауылына 20000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен, Оранғай ауыл округі Қосқорған ауылына 21000,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен құрайтын,  клуб – кітапхана ғимараттарын салу жоспарланған.

2018 жылға Жүйнек ауыл округі Шыпан ауылына жалпы соммасы 20000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен,  Жүйнек ауыл округі Шекербұлақ ауылына 20000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен, Шорнақ ауыл округі Аша ауылына 22000,0 млн. теңге облыстық бюджеттен, Шорнақ ауыл округі Қосмезгіл ауылына 25000,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен құрайтын,  клуб – кітапхана ғимараттарын салу жоспарланған.

Автожол саласы:

Түркістан қаласы аумағында бүгінгі таңға 1756,72 шақырым автокөлік жолдары болса, оның Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының ұзындығы 169,5 шақырымды облыстық маңызы бар  жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдар желісінің ұзындығы 250,3 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар ішкі-шаруашылық 179,4 шқ және ішкі көше жолдарының ұзындығы 1086,02 шақырымды құрайды, Төселім типтері бойынша 354 шақырымы (асфальтты) қара қиыршық тасты, 495,68 шақырымы қиыршық тасты, 236,34 шақырымы топырақ жолдар.Қала ішіндегі 485 көшелердің ұзындығы 564,23 шақырымды құрайды, оның 193,14 шақырымы (асфальтты) қара қиыршық тасты, 249,3 шақырымы қиыршық тасты, 121,77 шақырымы топырақ жолдарды құрайды. Ауыл округтерінің елді мекендеріндегі 480 көшелердің ұзындығы 521,79 шақырымды құрайды, 160,86 шақырымы қара қиыршық тасты 246,38 шақырымы қиыршық тасты, 114,57 шақырымы топырақ жолды құрайды.
      Автомобиль жолдары желісін сақтау және дамыту; автомобиль жолдары желісін дамытудың басымдықтарын белгілеу; автомобиль жолдарының, көпірлердің көліктік- пайдаланымдық көрсеткіштерін жақсарту; автомобиль жолдарының учаскелеріндегі жөндеу аралық мерзімдерді сақтау; автомобиль жолдарының бойындағы орманды қорғау көшеттерін дамыту;автомобиль жолдарының пайдалану ресурстарын көбейту, сапалы басқарудың халықаралық стандарттарын автожол саласына енгізу; саланың құқықтық және нормативтік техникалықбазасын жетілдіру, техникалық реттеуге көшу, саланың кадр әлеуетін арттыру. 

Жергілікті маңызы бар автомлбиль жолдарының үлесі 2012 жылға    49 %-ды құраған болса қазіргі таңда 52% -ға жетіп отыр. Автомобиль жолдарының қала дамуына үлесін жинақтағанда 2014 жылы 56%-ға 2015 жылы 59,1%-ға жеткізу қарастырылуда.

2014 жылға Яссы Ортақ Шойтөбе 6 шқ жолының құрылысына Облыстық бюджет есебінен қаржы бөлу қажет,

2015 жылға Шәуілдір Шымкент бағытына қала сыртынан айналма жол салуға ЖСҚ дайындауға Жергілікті бюджет есебінен 7 млн бөлу қажет.

2016 жылға Түран ауылындағы 5 шқ жолға ЖСҚ дайындауға Жергілікті бюджет есебінен 7 млн бөлу қажет.

2017жылға Яссы м/ауданының 4 жаңа көшесінің 23 шақырымына ЖСҚ дайындауға Жергілікті бюджет есебінен 7 млн бөлу қажет.

2018 жылға О.Жандосов көшесінің құрылысына ЖСҚ дайындауға Жергілікті бюджет есебінен 7 млн бөлу қажет.

Түркістан қаласының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша:

Түркістан қаласында 36 елді мекенде 44242 тұрғын үй, 243736 адам бар. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы мен 35 елді мекендері табиғи газбен қамтылмаған. Түркістан қаласы мен 3 елді мекенге 2015 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы жоспарға енгізіліп, құрылыс жұмыстарын 2015 жылы жүргізеді. Атап айтқанда:

1.Түркістан қаласы- 29995 тұрғын үйлерде 152832 халық мекендейді. 2015 жылғы жобамен ЖСҚ құны 4 500 000 мың теңге, 2016 жылғы 4 500 000 мың теңгені құрайды;

2.Түркістан қаласы Ынтымақ елді мекенінде - 1167 тұрғын үйлерде 6659 халық мекендейді. 2015 жылғы жобамен ЖСҚ құны 800 000 мың теңгені құрайды;

3. Түркістан қаласы А.Үсенов (Теке)- 475 тұрғын үйлерде 3114 халық мекендейді.2015 жылғы жобамен ЖСҚ құны 300 000 мың теңгені құрайды;

1.Түркістан қаласы Ескі Иқан елді мекенінде - 2158 тұрғын үйлерде 14698 халық мекендейді.2015 жылғы жобамен ЖСҚ құны 800 000 мың теңгені құрайды.

Қалған елді мекендерге 2016 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда 2016 жылғы жоспарға Ораңғай, Шорнақ, Нұртас, Бабайқорған ауылдар, 2017 жылғы жоспарға Сауран, Ынталы, Қарашық және Жүйнек ауылдары, 2018 жылға Ибата, Еңбекші Дихан, Қосмезгіл және Абай ауылдары енгізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:

Қаламызда 36 елді мекеннің 27-ы  ауыз су құбырынан, 7-і құдық суынан, 1-ұңғы суынан және 1-і бұлақ суынан пайдалануда. Оның ішінде 20 елді мекенге 24 сағат таза су берілуде. Елді мекендердегі халықтың 69 пайызы (69605 адам), қала халқының 69,6 пайызы (106429 адам), жалпы тұрғындардың 69,4 пайызы (169034 адам) бүгінгі таңға орталықтандырылған су  құбырынан ауыз су пайдалануда.

2013 жылы Түркістан қаласы МКТУ тұрғын үй массиві (9, 10, 11 сақиналы торабы) мен Ескі Иқан ауылының тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге 2012 жылы қаржы бөлініп, 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде Түркістан қаласының, Ескі Иқан ауылынан және 2013 жылыға қаржы бөлінген Тұран тұрғын үй массивінің тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі. Барлығы 38140 адам, яғни қала халқының 85,0 пайызы сумен қамтамасыз етіледі.

Оранғай, Аша және Бабайқорған  елді мекендеріне 24 сағат су беру мақсатында 2015 жылғы жоспарға енгізілді.

Түркістан қаласын 100 пайыз сумен қамтамасыз ету мақсатында №1,2,3,4,5,7,8 сақиналы тораптарының құрылыс 2013 жылы бастауға қаржы бөлінді, құрылысы 2014 жылы аяқталады деп күтілуде. Яғни аталған нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін сақиналы тораптардың ішкі көшелік су жүйелеріне ЖСҚ дайындап, құрылысын жүргізгенде ғана қала халқын қамту 100 пайыз жетеді. Осы ішкі жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін дайындалатын ЖСҚ-ға 30 000,0 мың теңге қажет. Сонда ғана магисталды құбырлар аяқталысымен 2015-2016 жылдары ішкі су жүйесін магистралды су құбырымен ғана іске асыруға болады және қала халқы 100 пайыз сумен қамтылады.

         Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша 2015 жылғы жоспарға Қарашық, А.Үсенов, Аша, Қосмезгіл, Бабайқорған, қала ішілік су жүйелерін  ағымдағы жөндеу және Түркістан қаласының ішкі су құбырларының құрылысы  (№ 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8 магистральды құбырлары) енгізілді.

            2016 жылға жоспарға «Түркістан қаласының ескі су құбырларын қайта құру» жұмыс жобасы енгзілді.

            2018 жылғы жоспарға Шаға, Бершін төбе, Қаражон, Ойық, Шорнақ ауылдық округіндегі 32-разъезд елді мекені, Шойтөбе және Ескі Сауран ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыс жобалары енгізілді.

            Жалпы алғанда басым бағыттар бөлінісіндегі үш жылға арналған басым бюджеттік инвестициялық тізбесі бойынша 2014-2016 жылдарға облыстық бюджеттен 1439749 мың теңге, республикалық бюджеттен 2765645 мың теңге, барлығы 4205349 мың теңге қаржы қарау қажет.

Электро энергия саласы бойынша:

      Түркістан қаласында 36 елді мекенде 44242 тұрғын үй, 243736 адам бар.34 елді мекен толығымен электр энергиясымен қамтамасыз етіліп отыр. 1 елді мекенге биылға электр жүйелерін жүргізу жоспарланып отыр.

      Ауылдық округтердегі жалпы трансформаторлардың саны мен электр жүйелерінің шақырымы және тапшылығы:

  1. Қарашық ауылдық округінде – трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 25 дана,жалпы қуаттылығы 2225 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 124 шақырым. Тапшылығы 6 дана трансформатор орнату қажет.
  2. Жүйнек ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 37 дана,жалпы қуаттылығы 4048 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 127,42 шақырым. 
  3. Шаға ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 36 дана,жалпы қуаттылығы 3671 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 100 шақырым. 
  4. Оранғай ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 25 дана,жалпы қуаттылығы 2554 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 92 шақырым. Тапшылығы 5 дана трансформатор орнату қажет.
  5. Үшқайық ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 26 дана,жалпы қуаттылығы 2060 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 214 шақырым. Тапшылығы 2 дана трансформатор орнату қажет.
  6. Жаңа Иқан ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 17 дана,жалпы қуаттылығы 1764 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 95 шақырым. Тапшылығы 2 дана трансформатор орнату қажет.
  7. Сауран ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 25 дана,жалпы қуаттылығы 2130 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 86 шақырым. Тапшылығы 6 дана трансформатор орнату қажет.
  8. Ескі Иқан ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 77 дана,жалпы қуаттылығы 14730 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 183 шақырым. Тапшылығы 8 дана трансформатор орнату қажет.
  9. Бабайқорған ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 48 дана,жалпы қуаттылығы 3053 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 256 шақырым. Тапшылығы 8 дана трансформатор орнату қажет.
  10. Иассы ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 6 дана,жалпы қуаттылығы 646 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 38 шақырым. Тапшылығы 3 дана трансформатор орнату қажет.
  11. Шорнақ ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 87 дана,жалпы қуаттылығы 10148 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 267 шақырым. Тапшылығы 10 дана трансформатор орнату қажет.
  12. Жібек жолы ауылдық округінде - трансформаторлар (КТП-10/0,4кВ) саны 64 дана,жалпы қуаттылығы 4032 кВ. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы (ВЛ-10 кВ, ВЛ-0,4кВ) 80 шақырым. Тапшылығы 2 дана трансформатор орнату қажет.

І. 2013 жылға Түркістан қаласын электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылысы жүргізіліп отырған нысан:

 Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрлендіру – жалпы сметалық құны: 302,240 млн. тенге

ІІ. 2014 жылға Түркістан қаласын электрмен қамтамасыз ету бойынша жоспарланып отырған құрылыс нысандары:

Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету -

 жалпы сметалық құны: 412,844 млн. тенге

Түркістан қаласы Кентау тас жолы бойындағы «Новая» 35/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы - жалпы сметалық құны: 369,937 млн. тенге

Түркістан қаласындағы 110/35/10 кВ «Коммунальная» қосалқы стансасының құрылысы -  жалпы сметалық құны: 1462,974 млн. тенге

Түркістан қаласы Орталық тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету – жалпы сметалық құны – 230,00 млн.тг

Түркістан қаласы Ыждыхат тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету – жалпы сметалық құны – 300,00 млн.тг

ІІІ. 2015-2016 жылдарға Түркістан қаласын электрмен қамтамасыз ету бойынша жоспарланып отырған құрылыс нысандары:

Түркістан қаласындағы Шәуілдір тас жолындағы тұрғындарды электрмен қамтамасыз ету (ІІ кезек) - жалпы сметалық құны: 230,00 млн. тенге

Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету(ІІ кезек) - жалпы сметалық құны: 400,00 млн. тенге

Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрлендіру(ІІ кезек) -  жалпы сметалық құны: 400,00 млн. тенге

Түркістан қаласы Үшқайық а/о Жалаңтөс е/м электрмен қамтамасыз ету – жалпы сметалық құны – 35,00 млн.тг

Түркістан қаласы Үшқайық а/о Қожанов е/м электрмен қамтамасыз ету – жалпы сметалық құны – 96,00 млн.тг

Түркістан қаласы елді мекендерінің трансформатор қондырғыларын жаңарту- жалпы сметалық құны – 10,00 млн.тг

Түркістан қаласындағы Шәуілдір тас жолындағы тұрғындарды электрмен қамтамасыз ету (ІІІ кезек) - жалпы сметалық құны: 400,00 млн. тенге

ІV. 2017-2018 жылдарға Түркістан қаласын электрмен қамтамасыз ету бойынша жоспарланып отырған құрылыс нысандары:

Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрлендіру(ІІІ кезек) -  жалпы сметалық құны: 250,00 млн. тенге

Түркістан қаласы елді мекендерінің трансформатор қондырғыларын жаңарту- жалпы сметалық құны – 20,00 млн.тг

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…