ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Түркістан қаласында жалпы өңiрлiк өнiм 67 млрд. теңгенi құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артты (2012 ж. 56 млрд. теңге).    Оның ішінде ауылшаруашылыққа – 40 пайызы, өнеркәсіпке – 15 пайызы, орындалған құрылыс жұмыстарының көлеміне – 24 пайызы және өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметке – 25 пайызы тиесілі.

  Өнеркәсiп

Қалада  өнеркәсіп саласында 54 кәсіпорын, оның 11 ірі және орташа (қызметкерлер саны 50 адамнан артық), 34  шағын (қызметкерлер саны 50 адамға дейін), 9-ы қосалқы қызмет түрлері бойынша жұмыс жасайды.

Кәсiпорындарда 9 млрд. 852 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2012 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өстi (2012 ж. 7 млрд. 153 млн. теңге).

2013 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының (ФИИР) Индустриаландыру картасына 336 млн. теңгеге  3 жоба іске қосылды.

Атап айтқанда: «Тұран» шаруа шаруашылығы, тамшылатып суаруға арналған полэтилен құбырларын шығару зауыты,  өсімдік майын шығару зауыты, сондай-ақ жеке кәсіпкер Құдайбергенов жиһаз жасау фабрикасы. Оларда жаңадан 112 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар,  2044 млн. теңгені құрайтын 8 жоба ұсынылып «ОҚО бизнесі» аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды.                                                                                                                 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Бағдарламаның инвестициялық жобалардың инфрақұрылымдарын  жеткізіп беру бағыты бойынша жалпы құны 966,2 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетілген. Атап айтқанда, Индустриалды аймаққа 847 млн.теңге, Қалалық автовокзал бойынша 10 млн. теңге, «Баянды құрылыс» ЖШС – 64 млн. теңге, «Мұзды Тау» ЖШС- 46 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілуде.

         Индустриалды аймақ

       Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету мақсатында қалада Индустриалды аймағын құру үшін 103 гектар жер телімі арнаулы қордан бөлініп, жалпы құны 4 млрд. 103 млн.теңге құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Шағын және орта бизнес

                                                                              

Іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артып, 10200 бірлікті құрады ал жұмыспен қамтылғандар 2,5% өсіп 29053 адамға жетті, жалпы өндірілген өнім көлемі 43 млрд.теңгені құрап 2,1%-ға артты.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 1 млрд. 219млн. теңгеге 476 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда, «Ырыс» микрокредит ұйымы арқылы 172 жобаға 354 млн.теңге, «Түркістан несие серіктестігі» арқылы 209 шаруашылыққа 619 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 95 шаруашылыққа 251 млн.теңге көлемінде несиелер берілді.

 «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС арқылы 720 кәсіпкерлерге кеңес берілсе, «Экспортер 2020» бойынша 1 кәсіпкер СТ1, 3 кәсіпкер «СТ КZ» сертификатын алып, 242 адам кәсіпкерліктің негіздері тақырыбында оқытылды.

Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 23 млрд. 955 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 98 %-ды құрады.

Ірі қара мал басы 71 мың 491 бас, өткен жылмен салыстырғанда 109%-ға, қой – ешкі 366 мың 535 бас, 102% – ға,  құс 91 мың 202 бас, 106% артса, түйе 1 мың 872 бас, 98%-ға, жылқы 7 мың 92 бас, 97%-ға, шошқа 2 мың 311 бас, 68%-ға кеміген.

Мал өнімдері: ет – 7 мың тонна өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға, сүт 59 мың тонна, 8%-ға, жұмыртқа 10 млн. дана,  4%- ға, жүн 718 тонна,  5% - ға өсті.

Мал шаруашылығын  асылдандыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда қой шаруашылығынан 6 асыл тұқымды шаруашылық бар.  13030 бас сиыр қолдан ұрықтандырылып,  тапсырма 100,2% - ға орындалды.

2013 жылы облыстық бюджет арқылы типтік үлгіде 6 қолдан ұрықтандыру бекеті  салынды.

 «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 шаруашылық қатысуда. Оның ішінде 7 шаруашылық қаржы институттарынан 68,6 млн теңге несие алып, 395 бас ірі қара аналығын және 20 бас асыл тұқымды бұқа сатып алса, 5 шаруашылық өз қаражаты есебінен 245 бас, барлығы 640 бас ірі қара мал аналығы сатып алынып, тапсырма (600 бас) 106,6%-ға орындалды.

2013 жылы 700 басқа арналған 5 мал бордақылау алаңы салынып, тапсырма (600 бас) 116,7%-ға орындалды.

Қалада 1500 басқа арналған  1 инкубаторлық станса (Жаңа Иқан а/о, жеке кәсіпкерКамалбеков) және 50 басқа арналған 1 сауын фермасы ( Иассы а/о, «Нарбет» ш/қ) жұмыс істейді .

 2013 жылы жалпы 38 мың 917 га жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды, оның ішінде: дәнді дақылдар – 7 мың 772 га, майлы дақылдар – 283 га, көкөніс – 2 мың 927 га, бақша 5 мың 314 га, картоп – 634 га, мақта – 10 мың 650 га, жоңышқа – 11 мың        337 гектарды құрап, жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жоғарыда аталған дақылдардан мол өнім алынды.

Атап айтқанда: көкөніс – 80 мың тн.(103%), картоп – 9 мың тн.(110%), дәндік жүгері – 12 мың тн. (134%), астық – 14 мың тн. (3,8 есе), бақша – 116 мың тн. (82%), мақта – 24 мың тн.(70%), жеміс – 9 мың тн. (98%), жүзім – 4 мың тн. (54%)  өндірілді.

8 гектарға жылыжай орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға артты.

Тамшылатып суару технологиясы есепті мерзімде 860 га жерге кондырылып, тапсырма 123%-ға орындалып, жалпы 4134 гектар болды.

600 га жеміс-жидек, 500 га жүзім егіліп, қала аумағындағы жеміс-жидек алқабы 2993 гектарға, жүзім 2006 гектарға жетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мақсатында жаңадан 1 ет өңдеу цехы іске қосылады (Ескі Иқан а/о, «Сайтмұрат» ш/қ).

2013 жылы 116 ұсақ шаруашылық 14 жай серіктестікке іріленіп, тапсырма (90) 128,9 пайызға орындалды.

2013 жылы 66 техника сатып алынып, тапсырма (65 техника) 102%-ға орындалды.

Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 2013 жылы мемлекеттен 1 млрд.188 млн.теңге көлемінде субсидия бөлінді, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 285 млн. теңге, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге 785 млн. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға 33 млн.теңге, мал шаруашылығын қолдауға 66 млн. теңге, ағын суды жеткізіп беру бойынша көрсетілген қызметтерді субсидиялауға 19 млн.теңге.

2013 жылы бөлінген субсидия қаржылары 2012 жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен.

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 2 мың 750 тонна жанар-жағар майдың 2 мың 597 тоннасы алынып, шаруа қожалықтарына таратылып берілді.

Бюджеттiк - салықтық саясат

2013 жылға  жалпы кірістер  бойынша жоспары  19 млрд. 133 млн. теңге болса, 19 млрд.  195 млн. теңгеге орындалып, 100,3 пайыздық көрсеткішке, немесе  жоспар 61,9 млн.теңгеге  артығымен орындалды.

 Оның ішінде:

 -өзіндік  жергілікті түсімдер 2 млрд. 315 млн. теңгеге немесе жоспар 61,2 млн. теңгеге артығымен орындалды, 102,7  пайызды құрады.

 -трансферттер  бойынша  жоспарланған  16 млрд.  839 млн. теңге  100 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі  19 млрд. 125  млн.теңгені құрап, 100 пайызға орындалды. 

Бюджеттің шығыс бөлігінің 58 пайызы білім саласына, 25 пайызы тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласына,   6 пайызы әлеуметтік,  1,2 пайызы көлік және байланыс саласына, 5 пайызы мәдениет саласына жаратылды.

Бiлiм

Бiлiм беру саласына 2013 жылы 11 млрд.197 млн. теңге қаржы қаралып, 2012 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты.

Сала бойынша даму бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен 1 млрд. 609 млн. теңге бөлініп, 3 мектеп, 1 балабақша құрылысы аяқталып,  iске қосылды. 1 нысан өтпелі, 2014 жылы құрылысы аяқталады.

Есепті мерзімде 603 млн.теңгеге 20 мекемеге күрделі және 8 мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда республикалық бюджет есебінен 6 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 163 млн. теңге, 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 182 млн. теңге және жергілікті бюджет есебінен 16 мекемеге 258 млн. теңге қаржы бөлінді.

 «Балапан»  бағдарламасын  іске  асыруға   балабақшалар  ашу мектеп  құрылысынан босаған 4 ғимарат жөндеуден өтті, 1 жаңа балабақша ашылды, нәтижесінде 190 орны ашылып, 635 бала бақшаға баруға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда 32 балабақша мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 27 мемлекеттік және 5 жекеменшік балабақша, жалпы қамтылған бала саны - 5838. Мектеп жанындағы шағын орталықтар – 62, онда 8060 бала қамтылған.Түркістан қаласы бойынша 3-6 жастағы 21061 баланың 13398-і мектепке дейінгі мекемелерге қамтылған. Бұл 65,1%-ды құрайды, жоспарланған меже толық орындалды.

2013 жылы 7 балабақша нысандарына 28 млн.теңге қаралып,   ЖСҚ дайындалды, оның 5-і ауылдық округтерде.

                                                                             

Мектеп бітіруші 2792 түлектердің (оның ішінде қазақ-орыс бөлімі 1493 бала) 1140-ы ҰБТ қатысуға өтініш беріп, 1136-ы (76,1%) оқушы қатысты, оқушылардың білім сапасының орта баллы - 78,22 құрап (2012 жылы -71,09 балл), облыс көлемінде 2 орынды иемденді.

Денсаулық сақтау

Қала тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында 12 аурухана, 6 емхана, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 медициналық пункт, 17 дәрігерлік амбулатория жұмыс атқарып жатыр.  Тұрғындарға 438 дәрігерлер, 1356 орта буын мейірбикелер қызмет етеді.  

          Есепті мерзімде, ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы аяқталып, іске қосылды (Жоба құны 1 млрд. 34 млн.теңге).

Одан бөлек, 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр (Жоба құны 5 млрд. 402 млн.теңге).

Облыстық бюджеттен 107 млн. теңгеге 3 елді мекенге фельдшерлік акушерлік бекетінің құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Ескі Иқан және қалалық орталық  ауруханаларының ғимараттарын  күрделі жөндеу жұмыстарына 525 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

Әлеуметтiк сала      

Есепті мерзімде, халық саны  249 мың адамды құрады. Оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсендісі 85,5 мың адам. Жалпы жұмыссыздар саны 4700 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 800 адамға азайып, жұмыссыздық деңгейі 6,7 пайыздан 5,5 пайызға кеміді.

Жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 4428 азаматтың 4299-і жұмыспен қамтылып, жұмысқа орналасқандардың үлесі 97,0 пайызды құрады.

Қала бойынша жыл басынан 2307 жаңа жұмыс орны ашылды.

Нәтижесінде ресми жұмыссыздық деңгейі  0,44 пайызды құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек 90 отбасына 4,3 млн. теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,2 млн. теңгеге кеміген (2012 жылы - 317 отбасы).

18 жасқа дейінгі жәрдемақы  28 мың 897 балаға 469 млн. теңге төленіп, өткен жылмен салыстырғанда 62 млн. теңгеге артқан (2012 жылы – 28 мың 23 бала).

2013 жылы жекелеген санаттағы азаматтар мен  мүгедектердің  денсаулығын сауықтыру мақсатында бюджеттен бөлінген қаржы есебінен сауықтыру орындарына 1028 азамат жолдамамен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттен бұл іс-шараларға 12,6 млн. теңге бөлінген.

Сондай-ақ, 1 млн. 994 мың теңгеге 93 мүгедек қол-арбамен қамтамасыз етілді.939  адамға 10 млн.625 мың теңгеге әлеуметтік  көмек көрсетілді.

Мәдениет саласы

Мәдениет саласына 1 млрд 40 млн. теңге бағытталып, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе артты.

Мәдениет саласында есепті мерзімде түрлі тақырыптарда 3289 іс-шара өткізілді (2012 жылы - 2170).

Қала кiтапханаларында кiтап қоры 600 мыңнан астам данаға жеттi, оқырмандар саны 48 мың адамды құрады.

Есепті мерзімде, жергілікті бюджеттен орталық кітапхана құрылысына 36 млн.теңге қаржы қаралып, іске қосылды. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 41 млн.теңге қаралып, 10 ауылдық мәдени ошақтары ағымдағы жөндеуден өтті.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,7 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Спорт, туризм

                                                                                               

Спорт саласында есепті мерзімде 188 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 2012 жылмен салыстырғанда 60 жарысқа артып отыр. Қалада спортпен тұрақты шұғылданушылар 43 мың адам болып, қала халқының 17 пайызын құрады.

Есепті мерзімде, қала орталығындағы Балуан Шолақ стадионынан облыс бюджетінен 260 млн. теңгеге салынып жатқан «Жабық жүзу бассейнінің» құрылысы аяқталуға жақын, биыл іске қосылады. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен  жалпы құны 222 млн.теңгені құрайтын спорт сауықтыру кешені салынуда.

Туризм саласы

2013 жылы қаламызға келген туристер саны 701 мың адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда  15 пайызға артты.

Туризмді дамыту мақсатында қолөнер  орталығының құрылысы жүргізіліп, іске қосылды. Бұдан бөлек, 200 орынға арналған туристерге  қызмет көрсету орталығы салынып жатыр.

Қалаға туристерді көптеп тарту мақсатында бес жұлдызды қонақ үй  құрылысын салу үшін жер көлемі анықталып, жеке инвестор есебінен биыл құрылысы басталады деп күтілуде.

        Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

       Түркістан қаласында республикалық және жергілікті бюджеттерден 80 пәтерлік және 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысына 88 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде.

     «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту мен дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша

       Түркістан қаласында жалпы 105 көпқабатты үйлер бар.

       2013 жылы 120 млн. теңгеге Түркістан қаласындағы 11 көпқабатты үйлерге (Т.Бокин көшесіндегі 10 үй және 1 мөлтек аудандағы 1 көпқабатты үй) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

        Ауыз сумен қамтамасыз ету                                                                                         

        Жыл басында 36 елді мекеннің 27-сі немесе 169 мың адам орталықтандырылған таза сумен қамтылып, 69,4% құрады.

           2013 жылы жаңадан жүргізіліп жатқан 4 нысанның құрылысына 1 млрд.965 млн. теңге бөлініп, игерілді. Нәтижесінде таза ауызсумен 198 мың тұрғын қамтылып, қамту  жобамен 82 пайызға жетті.

Сарқынды су                                                                           

        Түркістан  қаласы  канализация  тазарту  имараттарының құрылысына 354 млн.теңге, «Түркістан  қаласының  канализациялық  жүйелері» құрылысына 248 млн. теңге  қаржы  бөлініп, игерілді.

         Электрмен қамтамасыз ету

Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін электрлендіру  нысанына 294 млн.теңге бөлініп, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қарашық ауылындағы Қарашық көшесін жарықтандыруға 7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді.

Сонымен бірге, Орталық тұрғын үйлер массиві және Айтеке би көшесіндегі тұрғын үйлердің электр жүйелері құрылысының  ЖСҚ-на 5 млн. 940 мың теңге қаралып, игерілді. Құрылысының  жалпы құны 561 млн теңгені құрайды.

Автожол саласы

Қала бойынша 654 млн.теңгеге 45,5 шақырымды құрайтын 32 көше орташа жөндеуден өтті.

Атап айтқанда: Облыстық бюджеттен 10 көшеге 184 млн. теңге,

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 21 көшеге 461 млн. теңге, сондай-ақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1 көшеге 9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.

        Инвестиция

Негізгі капиталға 21 млрд. 289 млн. теңге инвестиция тартылып, оның ішінде 5 млрд. 549 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен, 3 млрд. 991 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 3 млрд. 618 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы есебінен, 8 млрд. 131 млн. теңгесі қарыз қаражаттары есебінен тартылды.

Қалада 34 мың 990 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға артық.

 Қылмыс

2013 жыл жалпы қылмыс саны 1711 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға артты. Оның ішінде ауыр қылмыстар 161 құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға азайды. Қылмыстың ашылуы 67,6 пайызды құрады, 2012 жылы 58 пайызды құраған.

Осы уақытқа дейін қала көлемінде 68 учаскелік полиция инспекторына 1 ғана учаскелік полиция пункті  қызмет еткен болса, олардың саны қазіргі таңда 13-ке жетіп отыр. Оның ішінде 26,5 млн.теңгеге 5 учаскелік полиция  пункті өткен жылы  сатып алынған болса, 3 учаскелік полиция пункті 2013 жылы сатып алынып іске қосылды.  Одан басқа жергілікті бюджет есебінен 5,0 млн.теңгеге 2 учаскелік полиция пункттері салынды. Сонымен қатар 8 млн. 400 мың теңгеге қала ішіндегі көпшілік шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бақылап отыратын 18 бейнекамерадан тұратын полицияның 2 тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел бақылау бекеттері орнатылды, қажетті техникалық жабдықтармен, компьютермен, бейне бақылау камераларымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп қылмыстың алдын алуда және жолын кесу бағытында тәулік бойы қызмет атқарып, оң нәтиже көрсетуде. Осы бейне-бақылау камералары  орнатылғаннан бері 2 тонаушылық және 306 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 90 құқық бұзушылық бойынша 154 мың теңге өндірілді, 212-сі сотқа жолданды, 4-не ескерту берілді.

Автокөлік паркі де біршама жаңартылып, 14 автокөлікпен толықтырылды, 36 техникалық жабдықтар алынды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…