БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ, ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРҒА БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТАР ( МЕКТЕПТЕР, АУРУХАНАЛАР, БАЛА БАҚШАЛАР ЖӘНЕ ТБ)

Бюджеттің орындалуы туралы ақпарат,

Оның ішінде пайдалану туралы, әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлінген бюджеттік қаражаттар  ( мектептер, ауруханалар, бала бақшалар және тб)

Слайд №1

Қаланың жалпы өңірлік өнімі 47303,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артты. Оның ішінде өнеркәсіп саласына 14,0 пайыз (6626,7 млн.теңге), ауылшаруашылық саласына 33,8 пайыз (16035,0 млн.теңге), орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3 пайыз (6270,0млн.теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 38,9 пайызы (18371,5 млн.теңге) тиесілі.  Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 190, мың теңгені құрады).

Орташа жалақы  111874 теңгені құрап, 15,1 пайызға, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20435 теңгені құрап,14,0 пайызға артты.

Бюджет

Слайд №2

Қала бойынша 2016 жылдың 8-айында бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 101,0 пайызға орындалды немесе 197,5 млн. теңгеге  (жоспар – 18831,4 млн. теңге, нақты- 19028,9 млн. теңге), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3103,7 млн.теңгеге артық.

Оның ішінде  өзіндік жергілікті түсімдер 1415,3 млн. теңгеге жоспарланып,  1608,9 млн. теңгеге немесе 193,6 млн. теңгеге артығымен орындалып,  113,7 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 326,8 млн.теңгеге артық.

Слайд №3

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспардағы 18831,4 млн.теңгенің 18670,3 млн. теңгесі игеріліп, 99,1 пайызға орындалды. Игерілмеген 161,1 млн.теңгенің 91,4 млн.теңгесі (57,0 пайыз) объективті себептермен, 69,7 млн.теңгесі (43,0 пайыз) субъективті себептермен игерілмеді.

2016 жылға қала бюджетін қалыптастыру барысында салықтың 4 түрі (көлік, мүлік, жер, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы) бойынша 55,6 млн.теңге трансферттер ретінде қала бюджетінен ауылдық округтеріне беріліп, ауыл округтеріне қатысты шығындар қала бюджетінен қысқартылды. Жалпы алғанда, жыл бойында ауыл әкімдері өзін-өзі басқарудың қолма-қол есеп шоттарына 4 түсім мен 4 салық түрі бойынша қосымша резервтерді анықтап, жоспарға қосымша қаржылар түсіріп, ауылдың бірқатар өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндігі болады. Осы мақсатта 2016 жылға  2881,0 мың теңге  жоспарланып, есепті мерзімде 2138,0 мың теңге түсті.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл округтерінің инфрақұрылымдарын дамытуға  14 нысанға 92,5  млн.теңге жоспарланып, 56,3 млн.теңгесі игерілді.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде 3 траншпен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ауылдық округтерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарына жалпы 519,9 млн. теңге, оның ішінде  білім беру саласының 2 нысанына 13,2 млн. теңге, дене шынықтыру және спорт саласының 3 нысанына 16,6 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аббаттандырудың 12 нысанына 192,6 млн.теңге, көлік инфрақұрылымының 14 нысанына   297,6 млн.теңге  тартылды.

                            Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

Слайд №4

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 6626,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп,  нақты көлем индексі 108,5 (обл.104,5) пайызды құрады.

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі 248,3 млн.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 109,1 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 5297,9 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 106,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 762,5 млн.теңгені, 113,6 пайызды, сумен жабдықтау 317,9 млн.теңгені, 117,3 пайызды құрады.

Слайд №5

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  жалпы құны 3973,4 млн.теңгеге 18 жоба енгізілді. Оларда 860 жұмыс орын ашу көзделген. Осыдан құны 2293,0 млн.теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылып, 519  жұмыс орны ашылды, оларда 786,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі 10,5 пайызды құрады.

Слайд №6

2016 жылы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасына 18664,4 млн.тенгеге 7 жоба енгізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы құны 1074,4 млн.теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, оларда 197 жаңа жұмыс орны ашылады, толық қуатында жұмыс істегенде 3574,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі. 2017 жылы 2 жоба іске қосылып, 120 жұмыс орны ашылады, 9953,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі.

Атап айтқанда:

- «Айбек ЛТД» ЖШС-сі,   57 жаңа жұмыс орны, жоба құны 216,4 млн.теңге, құрылыс материалдарын шығарады;     

 - Мобелла» ЖШС-сі, 20 жұмыс орны, жоба құны 391,0 млн. теңге, құрылыс материалдарын шығарады;

-«Cordial» ЖШС-сі, 60 жаңа жұмыс орны, жоба құны 200,0 млн. теңге, жылына 7 мың комплект жұмсақ жиһаз  шығарады;

- ЖК «Grand Miks», 30 жаңа жұмыс орны, жоба құны 200,0 млн. теңге, жылына 24 мың дана корпустық жиһаз  шығарады;

- «Жәрдем-НГ» ЖШС-сі, 30 жаңа жұмыс орны, жоба құны 100,0 млн. теңге, құрылыс материалдарын шығарады;

-«Golden Camel Grоup LТD» ЖШС-гі,  50 жаңа жұмыс орны, жоба құны 4726,0 млн. теңге,  тамшылап суғару бойынша қондырғылар шығарады.

-«Golden Camel Grоup LТD» ЖШС-гі, 70 жаңа жұмыс орны, жоба құны  12 831,0 млн. теңге, қуаттылығы тәулігіне 80 тонна түйе сүтін терең өңдейді,  жылына 1200 тн. түйенің құрғақ сүтін  өндіреді.

Индустриалды аймақ

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта (40 га) 847,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген.

Аймаққа кіріп-шығу теміржол тұйығының және газ жүйесін тарту  құрылысын жүргізуге 4,3 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сметалық құны 193,4 млн.теңгені құрады.

Жалпы аймақта 7 488,7  млн.теңгеге 14  жоба, 609 жұмыс орны құрылады.

Индустриалды аймақтың 40 га-ның 32,2 га-на  14 жоба орналастырылған болса, 3,4 га инфрақұрылым  жүйесіне бөлініп беріліп, қалған 4,4  га резервтегі жер көлемін құрап отыр.

Бүгінгі таңға 3 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтті («Түркістан трасса», «Азрет жол құрылыс», «Kadiris»), 98 жұмыс орны ашылып, 410  млн. теңге инвестиция тартылды.

Слайд №7

2016 жылы  индустриалды аймақтан  жоба құны 916,4 млн.теңге құрайтын, 227 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 5 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.

Слайд №8

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 13 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру қажет болса, есепті мерзімде 8 жоба мақұлданған. Оның ішінде:

-банк несиелерін субсидиялау- 7 жоба жоспарланған. Барлығы 230,0 млн.тенгеге 15 жоба ұсынылып, 2 жоба мақұлданды:

1. ЖК Қанжігіт Айгүлдің жылыжай салу жобасы (180 млн.теңге);

2.»Мұзды тау»  ЖШС-нің балмұздақ шығаратын  құрал-жабдықтарды сатып алу (60,0 млн.теңге)     

- банк несиелерін кепілдендіру – 2 жоба жоспарланып,  20,0 млн теңгеге 14 жоба ұсынылған.

- қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – 2 жоба жоспарланған.

Есепті мерзімде, 5 916,0  млн теңгеге 4 жоба ұсынылып,  мақұлданған. Олар:

-"Cordial" ЖШС-216,0 млн.теңге;

- «Жәрдем –НГ» ЖШС-сі-100,0 млн. теңге;

-"Golden camel group LTD" ЖШС-5600,0 млн.теңге

«Grand Miks» жеке кәсіпорны- 320,0 млн. теңге.

-гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба жоспарланған. 20 жоба ұсынылып, 2 жоба грант алған:

  -   ЖК «Нұрғали», «Тоқыма өнімдерін өндіру жобасы»;

-  ЖК «Аңсар»,  «Шахмат фигураларын шығару жобасы».

-Экспорттаушы кәсіпорындардың банк несиелерін субсидиялау бойынша 1 жоба жоспарланған.

Шағын және орта бизнес

Слайд №9

Кәсіпкерлік саласында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілері 12885 бірлікті құрап (2015ж. 8-айда 13569), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,0 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылған адам саны 33062 құрап, 4,2 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 47303,0млн. теңгені құрап, 2,2 пайызға артты. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-сі  арқылы рұқсат беру құжаттары бойынша кеңес беру - 630, бизнес жоспар жасауға-77, заңгерлік қызметі және заңгерлік кеңес -174 адамға берілген,кәсіпкерлік кеңес беру - 1133, 329 азамат даярлау курстарын өтті,  барлығы 2343 адамға қызмет көрсетіліп, 2015 жылдың тиісті мерзімімен (1472 адам) салыстырғанда 59,2  пайызға артты.

Слайд №10

 «Максимум» АИО арқылы  өткен жылы 154 жоба 406,6 млн. теңгеге қаржыландырылса, есепті мерзімде 139 жоба 344,9 млн.теңгеге қаржыландырылды.

«Ауылшаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы өткен жылы 140 жоба 461,5 млн. теңгеге қаржыландырылса, есепті мерзімде 140 жоба 384,7 млн. теңге  қаржыландырылды.

                                Ауыл  шаруашылығы

Слайд №11

Қаланың ауылшаруашылығы саласында 16035,0 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайызға артты (обл.103,1 пайыз).

Оның ішінде, мал шаруашылығы 10071,3 млн.теңгені құрап, 101,2 пайыз, егін шаруашылығы 5963,7 млн.теңгені құрап, 100,5 пайыз болды.

Слайд №12

2016 жылы 43660,0 га жерге егін егіліп, егіс көлемі 106,2%-ға игерілді (жоспар 41100 га), оның ішінде, астық 7164,8 га (2015 ж - 5850 га), дәндік жүгері 4532,6 га (2015 ж - 7988 га), көкөніс 3843,7 га (2015 ж – 3013 га), бақша 6470,7 га (2015 ж - 6897 га), майлы дақылдар 953,5 га (2015 ж - 668 га), картоп 767,7 га (2015ж - 887 га), мақта 6627,6 га (2015 ж - 3800 га), мал азықтық дақылдар 13299,4 га (2015 ж - 13900 га) жерге егілді.

Слайд №13

Көп жылдық екпелерді (1531,7 га жеміс, жүзім) қоса есептегенде 45191,7 га суармалы жер игеріліп, тапсырма (42000 га) 107,6%-ға орындалды.

Жаңадан жайылым жерлердің санатын суармалыға ауыстыру арқылы 467,5 га жер айналымға қосылып, тапсырма (300 га) 155,8%-ға орындалды.

Терең қопсыту технологиясы 6634,5 га жерге қолданылып, 102,1 пайызға орындалды.

Слайд №14

Қала бойынша  үстіміздегі жылы 7,0 гектар жылыжай салу жоспарланып,  5,0 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 71,4 пайызға орындалды, жалпы көлемі 44,1 гектарға жетті, саны 520 бірлікті құрады.

Слайд №15

Тамшылатып суару әдісін 700 гектар жерге енгізу жоспарланса, 1070 гектар жерге енгізіліп, жылдық жоспар 152,8 пайызға орындалды. Оның ішінде «Тұран» шаруа қожалығының 340 га мақта алқабына, қалғаны көп жылдық екпелерге қолданылды.

2016 жылы қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1950 тонна жеңілдетілген бағада жанар-жағар май босатылды (жоспар 1950 тонна) және 3864 тонна минералды тыңайтқыштар бөлініп, 3154 тоннасы алынды, қалған тыңайтқыштарды беру мерзімі кешігуіне байланысты шаруалар басқа жерлерден сатып алып  қолданды.

Слайд №16

92 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу жоспарланып, 81 бірлік техника алынды, тапсырма 88,0 пайызға орындалды. Жалпы ауылшаруашылығы техникаларының  саны 3591 бірлікті құрап, жыл сайын артуда.

Қала бойынша жалпы сыйымдылығы 19640 тонна құрайтын 8 бірлік жеміс-көкөніс сақтайтын қоймалар бар. Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Есепті мерзімде, 6 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Ескі Иқан ауылдық округінен «Агрокомплекс-2016», Жүйнек ауылдық округінен «Фархад», Үшқайық ауылдық округінен «Дінмұхаммет и К», Жаңа Иқан ауылдық округіне «Үмітжан», Бабайқорған ауылдық округінен «Үлгілі – 2016», Оранғай ауылдық оркугінен «Қосқорған» кооперативтері.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудағы мақсат – жеке, ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, жұмыс тиімділігін арттыру және мемлекет тарапынан берілетін бар жеңілдіктерді (субсидия, жанар-жағар май, минералды тыңайытқыш, лизингке техника, құрал-жабдықтар беру, несие  т.б.) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру (өнім өндіру, сақтау, қайта өңдеу, сату, техникалық қызмет көрсету, ағын сумен т.б. қамтамасыз ету).

Слайд №17

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5381 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма  (2000 бас) 269,7 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы («Казагронесие» АҚ, «Түркістан несие», «Яссы несие» серіктестіктері) 32 жоба 313,1 млн. теңгеге қаржыландырылып, 1723 ІҚМ аналығы, 92 бұқа сатып алынды.

 «Құлан» бағдарламасы бойынша 165 бас жылқы аналығы сатып алынып, жылдық жоспар (100 бас)  165,0 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы 5 жоба 50,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, 165 жылқы, 10 айғыр сатып алынды.

 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3862 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 2100 бас), тапсырма 183,9 пайызға орындалды. Қаржы институттары арқылы 14 жоба 86,4 млн теңгеге қаржыландырылып, 3262 қой аналығы, 199 қошқар  сатып алынды.

Ағымдағы жылдың 8-айында 196 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, оның ішінде 173-і жеке кәсіпкерлердің қаржысымен ұйымдастырылса, қаржы институттары арқылы 58,5 млн.теңгеге 23 шағын мал бордақылау алаңдары ұйымдастырылды, жалпы 580 бірлікті құрады.

Биыл 41 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жалпы 111 бірлікті құрады.

 «Жұртшылық табынға (падаға) асыл тұқымды бұқа алу» бойынша 50 бас бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, 86 бас бұқа сатып алынды, жылдық тапсырма 172,0 пайызға орындалды.

Жайылым жерлерден 58 бірлік құдық қазылып, тапсырма (15 бірлік) 386,7 пайызға орындалды.

Слайд №18

Мал басы: ІҚМ басы 84641 бас  107,8%-ға, қой-ешкі 463491 бас 106,2%-ға, жылқы 10214 бас 108,7%-ға,  құс 101823 бас  101,3%-ға артты, түйе 2724 бас 98,8%, шошқа 1119 бас, 91,9% құрады.

Мал өнімдері: ет 8223,7 тн. 101,7%-ға, сүт 44588,6 тн.  100,7%-ға, жұмыртқа 7518,0 мың дана 100,5%-ға өсті.

Мал өнімдерінің өнімділігі:  шаруашылықтың барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 1756 кг. құрап отыр (101,6%), ал бір мекиен-тауықтан орташа алынған жұмыртқа – 135 дананы құрады (100,7%). 

                                        Білім саласы

 Есепті мерзімде, қала бюджетінің 57,7 пайызы  немесе 10778,9 млн. теңгесі білім беру саласына бағытталды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  2817,7 млн.теңгеге артық.

Слайд №19

Білім беру саласының құрылыстарына 679,4 млн.теңге, атап айтқанда,  Төреқұлов  атындағы мектеп құрылысына 202,0 млн.теңге, 120 орынды Шорнақ ауыл округіндегі балабақша құрылысына 210,7 млн.теңге, Жүйнек ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Қарашық ауыл округіндегі 120 орынды балабақша құрылысына 57,7 млн.теңге, Сатыпалды көшесіндегі 280 орынды балабақша құрылысына 151,1 млн.теңге жоспарланып, 672,9 млн.теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, 416,8 млн.теңгеге 7 мектепке күрделі жөндеуден өтті.

Одан бөлек, «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2 балабақшаны  ағымдағы жөндеуге 13,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 1 балабақшаны ағымдағы жөндеуге 13,5 млн.теңге жоспарланды.

Слайд №20

2015-2016 оқу жылында мектеп бітіруші 2631 түлектердің  1493-і  немесе 56,7 пайызы (1148 қазақ, орыс, 345 өзбек) ҰБТ тапсырды. Жалпы ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша  орташа білім көрсеткіші – 81,59 баллды құрап, (85,0 балл) облыс көлемінде 4 орында.

145 «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер ішінен 66 оқушы (45,5%),  59 «Үздік» аттестат алуға үміткерлер ішінен өз білімін 40 оқушы (67,8%) растады. Өткен жылы 70 оқушы «Алтын белгі», 29 оқушы «Үздік» аттестат алған болатын.

2015-2016 жылы бітіруші түлектердің 449-ы грантқа, 132-сі «Серпін» бағдарламасы  бойынша жоғары оқу орнына түсті.

Слайд №21

 «Балапан» бағдарламасы

Қала бойынша 3-6 жастағы бала саны 22073 құрайды. Жалпы 53 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік 31 балабақшада 6038 бала, 22 жекеменшік балабақшада 2548 бала, 63 шағын орталықтарда 9339 бала, барлығы 17925 бала балабақшамен қамтылып, 81,2%  құрап отыр. Жыл басынан Түркістан қаласынан 150 орындық «Еркем ай», Шорнақ ауылынан 75 орынды «Ғажайып» жекеменшік балабақшалары, 120 орынды мемлекеттік балабақша іске қосылды. 

                                      Денсаулық сақтау

2016 жылы денсаулық сақтау саласында  Шорнақ ауыл округінде ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысына 100,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құны 247,0 млн теңге, нысан өтпелі.

Одан бөлек, Бекзат мөлтек ауданындағы №3 ересектер емханасының филалына 33,7 млн.теңгеге, Үшқайық ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке 18,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Психоневрологиялық интернаттың жатын корпусының құрылысын аяқтауға 199,4 млн.теңге қаржы қаралды.

Сондай-ақ «№3 облыстық перинаталдық орталықтың»  150 койкалық қосымша құрылысының ЖСҚ дайындауға  15,0 млн.теңге қаржы жоспарланды.

Түркістан қаласында 408 дәрігер, 1386 жұмыс жасайды, дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 15,8 (облыс көрсеткіші – 25,0), орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 54,5 (облыс көрсеткіші – 79,4) құрады.

                                      Әлеуметтік сала

Слайд №22

2016 жылы Кешенді жоспар бойынша  4280 адамды,  оның ішінде 3057 адам жұмыссыздар, 1223 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 458 табысы аз адамдар санатынан қамту жоспарланған.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылы 8-айда 3017 адамды қамту жоспарланса, нақты 3149 адам қамтылып,  104,4 пайызға орындалды. Оның ішінде:                                                                       

 -жұмыссыздар – жылдық жоспар 3057 адам, 8-айдың жоспары 2024 адам, қамтылғаны 2024 адам, 100,0%.             

 -өздігінен жұмыспен қамтылғандар- жылдық жоспар 1223 адам, 8-айдың жоспары 993 адам, қамтылғаны 1125 адам, 113,3%.

  -аз қамтылғандар – жылдық жоспар 458 адам, 8-айдың жоспары 362 адам, қамтылғаны  379 адам, 104,7%.   

    Слайд №23

Бағдарламаның 1 бағыты(жергілікті инфраструктураны дамыту арқылы және елді мекендерге орналастыру арқылы жұмыс орындарын ашу):

3 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 132,1 млн.тенге, ал жергілікті бюджеттен 14,7 млн. теңге бөлінді. Жобаны жүзеге асыру барысында 49 жұмыс орындары ашылуы, оның 25 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланып, нақты 32 адам жолданды.  

Слайд №24

Бағдарламаның 2 бағыты (ауылды жерлер мен тірек ауылдарында кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру):                  

 2016 жылы  176 азаматты 582,8 млн.теңгеге шағын несиелендіру жұмыстарына жоспарланған, оның ішінде 356, 8 млн.теңгесі 3 млн.теңгеге дейін 136 азамат және 226,0 млн.теңгеге 6 млн.теңгеге дейін 40 азамат жоспарланған. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға 60 адам жоспарланып, 61 азамат  оқытылып сертификат берілді.

  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» есебінен 140 азаматқа 384,7 млн. теңгешағын несие берілді. 140 азаматтың ішінен 53-і өз ісін ашуға, қалған 87 азамат өз ісін кеңейтуге қаржыландырылған. Қосымша 62 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.

Слайд №25

Бағдарламаның 3 бағыты (оқыту және қажетті шегінде қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыру):                                                   

- 531 нысаналы топтағы азаматтар 116 мекемеге әлеуметтік жұмысқа жолданды, тұрақты жұмыспен 23 адам қамтылды. Келісім-шартқа сәйкес жыл соңына дейін 531 адам толығымен тұрақты жұмыспен қамтылады. Тапсырма 106,2 пайызға орындалды.

- 359 адам 94 мекемеге жастар практикасына жолданды, тұрақты жұмыспен 110 адам қамтылды. Тапсырма 102,6 пайызға орындалды.

-245 жұмыссыз азамат 16 мекемеге ақылы қоғамдық  жұмысқа жолданды (жылдық жоспар 400).                                                                        

-1702 адам (бос жұмыс орындарына 821 адам, жаңа жұмыс орындарына 564 адам) тұрақты жұмысқа орналасты, тапсырма 107,2 пайызға орындалды (жылдық жоспардың 68,0%);

-90 адам қайта даярлау курсына жіберілді.

          Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты көппәтерлі 2 тұрғын үй құрылысына 596,2 млн.теңге жоспарланып, толығымен игерілді, сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына 586,6 млн.теңге жоспарланып, 300,0 млн.теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастауға 40,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Одан бөлек, Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы құны 1374,0 млн.теңгеге 72 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Слайд №26

Ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстарына 2016 жылға жалпы  2611,4 млн.теңге, атап айтқанда Түркістан қаласын сумен жабдықтау 1,7,8 сақиналары бойынша магистральді желілерінің құрылыстарына 1691,4 млн. теңге, Қарашық елді мекенін ауыз сумен қамту (2-кезек) бойынша 251,9 млн.теңге, Тұран елді мекеніндегі  су өткізгішінің құрылысына 453,3 млн.теңге, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысына 214,8 млн.теңге жоспарланып, 1920,3 млн.теңгесі игерілді.

Қазіргі таңда 216,0 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту 83,5 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін қосымша 15,8 мың адам қамтамасыз етіліп, 90,0 пайызға жетеді деп  күтілуде.

Слайд №27

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Түркістан қаласының  квартал ішіндегі  тарату газ өткізгіш жүйелерінің құрылысына 725,9 млн.теңге қаралып, 524,0 млн.теңгесі игерілді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының ІІ және ІІІ кезеңдерінің ЖСҚ әзірлеуге 18,0 млн.теңге,  Үшқайық ауылдық округінің Теке, Жалаңтөс, Қожанов елді мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылыстарының ЖСҚ әзірлеуге 9,0 млн.теңге игерілді.

 «КазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында «Бекзат» мөлтек ауданында 3000 абонентті табиғи газбен қамтамасыз етуге өтінім алып, газ құбырларын жүргізген, бүгінгі таңда 5100 тұрғын (940 абонент) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Қала тұрғындарын газбен қамтамасыз етудің 1-ші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан жыл соңында іске қосылып, нәтижесінде 45360 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 19,5 пайызды құрайды. 

Слайд №28

Электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына 1133,2 млн.теңге, атап айқанда «Бекзат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысына 66,6 млн. теңге, Түркістан-Шәуілдір тас жолы бойындағы  тұрғындар алқабын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына 512,3 млн.теңге, Ыждыхат тұрғындар массиві Айтеке би көшесіндегі үйлерге электр жүйелерінің құрылысына 400,7 млн.теңге, Орталық тұрғындар  массивінің электр жүйелерінің құрылысына 153,4 млн.теңге жоспарланып, 817,9 млн.теңге игерілді.

Слайд №29

Автокөлік жолдары

Түркістан қаласында 1365 көше, оның ішінде қалада 875 көше (764 шқ), ауылдық жерлерде 490 көше (520 шқ) бар.  

2016 жылы 15 (16,5 шқ) көшеге тас төсеуге, 10 (6,9 шқ) көшені орташа жөндеуге, 16 көшені ағымдағы жөндеуге 235,2 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауыл округтеріндегі 9 (6,6 шқ) көшені орташа жөндеу жұмыстарына 68,3 млн.теңге қаржы жоспарланып, 211,5 млн. теңге игерілді.

Одан бөлек, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 14 көшені (20,4 шқ) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 297,6 млн.теңге бөлініп отыр.

                                     Мәдениет және спорт, туризм

Мәдениет саласында  жыл басынан 810 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 141,8 мыңға жуық адам қамтылды.

Спортсаласында 200 іс -шаралар өткізіліп, 21200 адам қамтылған.

«Бекзат» мөлтек ауданындағы спортзал құрылысына 172,2 млн.теңге қаралып, есепті мерзімде 160,0 млн.теңгесі игерілді.  

«Жол картасы 2020» бағдарламасының 3 траншы бойынша 3 елді мекенде (Шорнақ, Аша, Қаражон) спорт алаңдарын ағымдағы жөндеуге 16,6 млн.теңге жоспарланып отыр.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Туризм саласы

Қаламызға келген туристерді орналастыруға 820 орынды 20 қонақ үйі жұмыс істейді. Сонымен қатар төрт жұлдызды қонақ үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қолөнер шеберлері орталығының ғимаратында Туристік ақпараттық орталығы құрылып жұмысын бастап жатыр.

Слайд №30

Есепті мерзімде  қалаға 751,1 мың туристер мен зияратшылар, оның ішінде 12,2 мың адам алыс, жақын шетелдерден келген ( 2015 ж. 8 айда 740,7 мың адам, оның ішінде шетелден- 11,5 мың адам).

 Қоғамдық қауіпсіздік

Есепті мерзімде, қалада 1915 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 10,2 пайызға өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 105 жағдай тіркеліп, 23,9 пайызға кеміді.

Қылмыстың ашылуы 67,6 пайызды құрады (обл.70,8 пайыз).

Қоғамдық орындарда 312 құқық бұзушылықтар тіркеліп, 0,3 пайызға кеміді.

 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…