2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу

2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті. Ал Түркістан облысы бойынша зейнетақы жинақтары 29,3 млрд. теңгеге өсіп,  жинақтардың жалпы сомасы 568,3 млрд. теңгені құрады.

2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Ал жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 1 шілдесі аралығында 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды. 

Жалпы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 5,6 миллионнан астам адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударды. Ал олардың 70 пайызы (шамамен 4,1 млн адам) зейнетақы жарналарын жылына кемінде алты рет аударады. Бұл ретте олардың төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 407,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы 5,9 миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 756,1 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары. Түркістан облысы бойынша 1029546 ЖЗШ тіркелген, оның ішінде МКЗЖ есебінен 23756 шот және ЕЗЖ есебінен 1035 шот тіркелді.

Қор экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жарналары бірнеше жыл бойы түспеген шоттарды белсенді ету мақсатында оларды өңдеу жұмыстарын қолға алды.

Салымшылардың дерекқорында 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген немесе тұрақты түсіп тұрмаған шоттар анықталды. 2018 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында 218,4 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Солардың 13 пайызы, яғни 29 мыңға жуық адам қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Ал 50,65 мың шотқа жарналар аударылды. Осы кезең аралығында Түркістан облысы бойынша 9422 салымшымен байланыс орантылып, 2668 шотқа жарналар аударылды. Экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

2018 жылдың алғашқы жартысында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 100,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,8 млрд теңге болды.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kzсайтында).                                      

                                                                                                        

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

                                                                                          БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…