ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН БЕЛЕС

ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН БЕЛЕС

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында елiмiздiң келешегiне зор сенiммен қарауға болады. Елбасы елдiң бүгiнi мен болашағы туралы ой толқындарын қуатты сезiм ағысымен жүректен өткiзе отырып толғана, тебiрене сыр шерткенде, таңданысты жасыру мүмкiн емес. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйiспеншiлiгi сүйсiнтедi.

Ұлттық болмыс пен бiрегейлiктi сақтай отырып, сананы жаңғырту және бiлiмдiлiкке ұмтылу Елбасы мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрiлген. Тәуелсiздiктiң нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшiн қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруi, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды iлгерiлетуi маңызды. Бұл - Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабiлеттiлiктiң» бiр шарты.

Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретiнде бәсекеге қабiлеттiлiктi ұсынады. Бүгiнгi таңда жеке адам ғана емес тұтас халықтың өзi бәсекелестiк қабiлетiн арттырса ғана табысқа жетуге мүмкiндiк алатынына Ұлт көшбасшысы ерекше назар аударып отырғаны бекер емес. Өйткенi әлемдiк бәсекеге қабiлеттiлiк ұлтымыздың экономикада ғана емес рухани әлемде де озық болуын қажет етерi сөзсiз. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бiрге ұлттық бiрегейлiктi сақтауды да талап етедi. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүрiмiз, тiлiмiз бен музыкамыз, әдебиетiмiз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгi қалуы тиiс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрi жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берiлерi анық. Жоғары оқу орындарында ол одан әрi тереңдетiлуi тиiс. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттық тәрбиенi бiрiншi кезекке қойғаны абзал.

Р.ТӨЛЕП,

Иассы ауылдық округi әкiмiнiң кеңесшiсi.

 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…