ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДАМЫЗ

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДАМЫЗ

Тұңғыш Президентіміз, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан және оның халқы өзінің 26 жылдық тәуелсіз тарихында орасан зор жетістіктерге жетті. Бүкіл әлемге елдіктің, ынтымақ пен бірліктің, тұтастық пен татулықтың нағыз үлгісін көрсетті.

Қазақстан шетел инвестициясын ең көп көлемде тартқан әлемнің 20 елінің қатарына енді. Дүние жүзі елдері арасындағы бәсекелестікте экономикасы ең жедел өсіп отырған бестікке енуі еліміздің абыройын тағы да асқақтата түсті.

Осы жылдар ішінде еліміз өркендеп, қанатын кеңге жайып, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің өзі санасатын, мойындайтын дәрежеге жеттік. Демократиялық дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстандағы экономикалық өрлеу мен саяси тұрақтылық бүгінде жемісті нәтижелерге қол жеткізуде. Күллі әлем қауымдастығы мойындаған тәуелсіз еліміздің мерейі жыл өткен сайын биіктеп, әр жылы он жылға тең келетін тарих үшін қысқа мерзімде теңдесі жоқ жетістікке жетіп отыр. Барынша дамыған отыз мемлекеттің қатарынан ойып тұрып орын алу мұратының да іс жүзіне асар қуанышты сәті алыс емес. Қазақстан халқы еркіндік пен жайлы өмір, бейбітшілік пен келісім, ұлттар достығы, әлемдік қауымдастыққа танылу мен құрмет - Тәуелсіздіктің жемісі және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесі екенін қазақстандықтар ерекше құрметпен сезінеді.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі жолындағы қажырлы еңбегі, көреген саясаты тек елімізде ғана емес одан тыс мемлекеттерде де кеңінен аталып үлгі ретінде ыстық ықыласпен айтылып, жатқаны белгілі. Халқымыз «Ырыс-береке, бақ-дәулет - ынтымаққа барады», «Бірлік бар жерде ғана береке болады» деген ұлағатты өнеге ретінде айтқан. Осынау халық даналығы біздің елімізде мызғымай жүзеге асырылып келеді. Бұл тұрғыда Елбасымыз Н.Назарбаевтың көреген басшылығының, алғы күндердің нұрлы болуы жолындағы сара мақсатының жемісі екені даусыз.

Еліміз Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын асыға күтіп, елдің алдағы кезеңдегі дамуының бағыт-бағдарына үлкен үміт артатыны рас. Президент Жолдауы ел үмітінің үдесінен шықты, бүкіл қазақстандықтар алдағы тұрған мақсатын, оған жетудің нақты жолдарын айқындап алды. Елбасы биылғы 10 қаңтар күні “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын арнады. Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор.

Биылғы Жолдауда айтылған 10 негізгі тапсырма Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дамуын анықтап бермек. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды. Президентіміз өз Жолдауында қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты болмақ.

Елбасының салихалы саясатын іске асыруда қалалық мәслихаты аппаратының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтсем. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 21-1 бабы негізінде депутат «ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзіретіне жатқызылған мәселер бойынша жүгінуге құқылы». Осыған байланысты қала әкіміне және басқа атқарушы органдардың басшыларына депутаттар тарапынан 2017 жылы 6 депутаттық сауалдар жолданып, жауаптар алынды.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттары қаламыздағы болып жатқан түрлі мәдени, спорттық шараларға қатысып, мүмкіндігінше демеушілік көмек көрсетуден шет қалған емес. Оның бір айғағы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған “ЕХРО-2017” халықаралық көрмесіне қала тұрғындарына билет алып, көптеген азаматтарға көрмені тегін тамашалап қайтуға мүмкіндік жасады. Жаңа жыл қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары қала әкімдігімен бірлесіп, аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына демеушілік көмек көрсетілді. Бұндай қайырымдылық шараларды үрдіске айналдырып алдағы уақытта да ұйымдастырылып отыратын болады. Бұдан бөлек қаламызда өткен айтулы оқиғалардың бірі «ТҮРКСОЙ» аясында қаламызда өткен іс-шараларға қатысып, қала әкімдігімен бірлесіп, өздерінің қомақты үлестерін қосты. Халық қалаулылары өздерінің депутаттық міндеттерін орындау барысында өз сайлаушыларымен кездесіп, жеке қабылдаулар ұйымдастырып келеді. Мұнымен қоса депуттар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болып, өздері тарапынан атқарған жұмыстары жайлы және өзге де мәселелер туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын жариялап келеді. Бекітілген кестеге сәйкес, жеке азаматтарға қабылдау жүргізіледі. Бұл жеке қабылдау барысында азаматтардан түскен түрлі мәселелерді шешуге күш салып келеміз. Аталған мәселелердің басым бөлігі көшелерді абаттандыру, тас төсеу, асфальт төсеу, ауыз су мен газ жүргізу, жұмысқа орналасу мәселелерімен арызданып келеді. Сол арыздарына байланысты тиісті құқықтық түсіндірме беріп, тиісті мекемелерге жолдап отырамыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қала әкімінің атқарған жұмыстарының есебін қарап, шаһар басшысына көптеген ұсыныстар берілді. Атап айтқанда: көшелерді абаттандыру және көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру; қалада туризмді дамыту жұмыстарына қолдау көрсету; жұмыссыздықты азайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдай отырып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын ерекше назарда ұстау; қалалық мәслихат депуттарының ұсыныстары мен депутаттық сауалдарына, қала тұрғындарының арыз-шағымдарына тиісті лауазым иелерінің жауапкершілікпен қарауын үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отыру; қаланы газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуді және толық әрі үнемі электр жарығымен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау; ауылдық округтердегі елді мекендерге жасалған бас жоспарға сәйкес жеке тұрғын үйлер салуға берілетін жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін қаржы бөлу жолдарын қарастыру; тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қажетті елді мекендерге бала-бақша, мектеп салу жұмыстарына ықпал ету; ауылшаруашылық саласында қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру және басты назарда ұстау мәселелері ұсынылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады. Онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Қалалық мәслихат депутаттарының бірлескен тұрақты комиссиялар отырысына, сессияларға қатысты мәселелер қаралып, сессияның күн тәртібіне енгізіледі. Қалалық мәслихаттың 6-шақырылымында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін 12 сессия отырысы өткізілді. Қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар мен бірге 52 әртүрлі шешімдер қабылданды. Оның ішінде 14 шешім нормативтік құқықтық акті ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінен заң сараптамадан өтіп, мемлекеттік тіркеуден өтті.

Қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментімен келісіліп бекітілді. Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат аппаратының штаттық кестесіне сәйкес 5 мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс атқаруда. Қалалық мәслихат аппаратының ақпараттар мен методикалық материалдарды электрондық құралдар арқылы жүргізуді қамтамасыз ететін электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі, электрондық пошта, интернет кеңістігіне компьютерлерді қосу іске асырылды. Компьютерлерге заңдар жинағы енгізілді. Қалалық мәслихаттың сайты ашылып, жұмыстар жүргізілуде. Қалалық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Елбасы Жолдауында алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, қаланың өркендеуі жолында қызмет ете береді деп сенім білдіремін.

Ғ.СӘРСЕНБАЕВ,

қалалық мәслихаттың хатшысы.

 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…