ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА КЕЛЕМІЗ

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА КЕЛЕМІЗ

Талай сындарлы кезеңдерден сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның бүгінде жеткен жетістігі аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәні терең, мазмұны бай мақаласында баса айтылған ұлттық кодымызды сақтап қалу, рухани болмысымыздан ажырамау сияқты жолдарды оқығанда көкейде жүрген дүниенің тамырын тап басқандай болды.

Расында да, рухымызды қайта жаңғыртып, салт-санамызды саралап, өшкенімізді жаңғыртып, өткенімізді таныдық. Мемлекеттік қуатын нығайтқан еліміз тарихи жаңару жолында тың серпін алып, өз беделін қалыптастырды. Әлемнің дамыған озық елдерімен терезесін теңестіріп, олармен саяси-экономикалық, рухани-мәдени тығыз байланыс орнатты. Шартарапқа шарапатын тигізген бейбіт өмір салтын ұстана отырып, еліміз құлашын кеңге жайып келеді. Тәуелсіз еліміздің сәулеті мен дәулетін, өткені мен бүгінін, кемел келешегін ой елегінен өткізіп, жұмыр жердің бетінде Қазақстан деген қуатты елдің бар екенін әлем мойындады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - рухани дамуымыздың бағдарламасы. Сондықтан, Елбасы айтқандай, руханиятқа қатысты мәселелер бірінші орында тұруы тиіс. Халықтың рухының бүтіндігі, халықтың жоғын тауып беру - бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселелерге Елбасы нақты тоқталып, өз мақаласында негізгі проблемаларды және оларды қалай өзгерту керектігін айтып берді. Елімізде тұрақтылық пен келісім салтанат құрып, түсіністік пен жауапкершілікті жоғары қойғанда ғана Елбасы атап көрсеткен мақсаттарға жете аламыз. Ендеше «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрбір азамат осы мақсаттарды орындауға өз үлесін қосуы керек.

Гүлшат БЕЙСЕНОВА,

№21 колледждің оқу өндіріс шебері.

 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…