Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы мәлімет

Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған іс-шаралар туралы мәлімет

(2018 жылдың мамыр айына дейінгі мәліметтерге сәйкес)

Елбасымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай қаламызда бағдарламалық мақаланы насихаттауда осы жылдың сәуір айында бекітілген желілік кестеге сәйкес, қала және елді мекен тұрғындарының қатысуымен еңбек ұжымдарында 139  кездесулер өткізіліп, 27300- тұрғын қатысқан.

Ал мақаладағы басым бағыттар бойынша «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жобалық Кеңсенің ұйымдастыруы мен тапсырмаларына сәйкес Түркістан қаласындағы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталсақ.

Қала әкімімен бекітілген 2017 жылғы 23 мамырда «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын Түркістан қаласында іске асыру жөніндегі жылдық жоспар жасалынды. Сонымен қатар, осы бағдарламаны  жүзеге асыру бойынша қала әкімі аппаратының басшысынан, дербес бөлім басшыларынан, жергілікті мекеме басшыларынан және жергілікті жоғары оқу орындарының, арнайы, орта білім беру мекемелерінің басшыларынан, Үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларынан комиссия құрылған (қаулы №1301, 07.08.2017).

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру структурасы бойынша «Туған жер» арнайы жобасының аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 кіші бағдарламалар құрылған.

Осы бағдарламалық бағыттар бойынша қаладағы салалық бөлімдерде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауапты мамандар жұмыстар жасауда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында(бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген мақсатқа және нәтижелерге жету үшін НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР:

  Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға айқындалған:

1)             бәсекелік қабілет;

2)             прагматизм;

3)             ұлттық бірегейлікті сақтау;

4)             білім культі;

5)             Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6)             сананың ашықтығы атты 6  басымдықты түсіндіру.

Бағдарламаны түсіндіру 6 арнайы жоба, атап айтқанда:

1)             «Туған жер»;

2)             «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»;

3)             «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»;

4)             «100 жаңа оқулық»;

5)             «100 жаңа есім»;

6)             «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» атты арқылы жүзеге

асырылады.

 «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы

1.     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспары жасалынып, бөлім басшысы тарапынан бекітілген. Білім бөліміне қарасты барлық мекемелерге жоспары жолданып жұмыс атқарылуда.

2.     Қалалық білім бөлімі жанынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде насихаттық топ құрылып, кесте бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

3.     «Рухани жаңғыру»бағдарламасының логотипі қазіргі таңда білім беру мекемелерінде 100 пайыз орындалып, арнайы бұрыштар ұйымдастырылған.

4.      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оқушылардың санасында түсінік қалыптасқан.

5.     «Өрле Қазақстан»кіші жобасы бойынша семинарлар, кездесулер, пікір-талас т.б іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шараларға 45000 оқушы қамтылды.

6.  Барлық білім беру ұйымдарының кітапханаларында Буккросинг орындары белгіленіп, онда түрлі тақырыптағы оқулықтар қойылған.«Лидер Reader ON»кешенді іс шарасының жасалынып, мектептердің кітапханаларында стендтер жасалынып үздік оқырмандар анықталып, тоқсандық қорытындысы жасалынды.

7.   «Сөз тілдің көркі»кіші «Абай даналығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында жобаның Ережесін білім бөлімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №08-01-17/1662 санды хатын барлық білім ұйымдарында іске асыру үшін жолданған. Қазіргі таңда барлық мектептерде күнделікті сабақтарда, қосымша сабақтар мен тәрбие сағаттарында Абай мұрасына талдау жасап, ақын шығармашылығын жан-жақты үйретуде.

  Бүгінгі таңда бөлімге қарасты 30 жалпы орта мектепте және 4 мектеп- гимназиясы мен мектеп-лицейлерінде «Абай әлемі» клубтары ашылып,  оған мүшелікке 600 оқушы тартылды. «Абай даналығы» жобасы шеңберінде «Абай оқулары» конкурсының қалалық кезеңі 2018 жылдың  16 наурызында өткізілді.

8.     «Тарих мұрасы»кіші бағдарламасы аясында білім бөліміне қарасты барлық білім беру бөлімінде «Өлкетану» факультатив сабағына байланысты авторлық бағдарлама құрып, оқушыларға өлкеміздің тарихы мен табиғатын т.б тақырыпта сабақтар өтуде.

9.     «Туған жерге туыңды тік»іс-шарасы аясында барлық білім беру мекемелерінде саяхатқа бару іс-шарасы жасалынап, кесте бойынша демалыс күндері ата-аналарының демеу көрсетуімен киелі орындарғабарады. Қазіргі таңда келіп түскен мәліметтер бойынша 40 000 оқушы Түркістан қаласның тарихи-мәдени орындарына ежелгі Күлтөбе қаласы,ортағасырлық Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кешені, Есімхан кесенесі, Рабия Сұлтан бегім кесенесі, Қылует жер асты мешіт музейі, Ортағасырлық монша, Құмшықата жер асты мешіті,Түркістан тарихи музейі,Әль-Қожа ата кесенес, Гауһар ана кесенесі барған.

10.«Отбасы әлемі»кіші жобасы бойынша «Ұл мен қыз-ұлт намысы» кешенді    іс-шарасы аясында(ұл мен қыз тәрбиесіне басымдық танытқан, ата тәрбиесі, әже тәрбиесі бойынша тәрбие сағаттары) барлық білім беру мекемелерінде тәрбие сағаттары өтіліп, хаттама, суреттері жинақталды.

11.«Туған ел»кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда сабақ өткізу кестесі бойынша білім бөліміне қарасты барлақ мектептерде сабақтар өткізілді. Мысалы: «Қ.А.Ясауи кесенесінде», «Есімхан кесенесінде», «Рабия Cұлтан бегім кесенесі», «Әль-Қожа ата кесенесінде», Түркістан тарихи музейі, Ежелгі Күлтөбе қаласы, Ортағасырлық монша, Қылует жер асты мешіт музейі, Құмшықата жер асты мешіті, Тарихи-мәдени этнографиялық орталық музей, «С.Ерубаев мұражайында», «Н.Оңдасынов музейі», «Н.Төреқұлов музейі», Саз,өнер мектептерінің базасында, Абай атындағы орталық кітапхана және бөлімшелерінде   5-7 сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы, география, Қазақ әдебиеті, музыка пәндері бойынша мұғалімдер сабақ өтті. 10664 оқушы қамтылды.

12.Барлық білім беру мекемелерінде «Ұлы дала тұлғалары» іс-шарасы аясында қазақстан тарихының көрнекті қайраткерлері туралы білімді, тарихи деректі және мысалдарды көпшілікке таныту, қоғамдық сананы қазақстандық отаншылдық рухта қалыптастыру, жасампаздық белсенділік пен тәуелсіздіктің әлеуетін күшейту мақсатында тәрбие сағаттарын, кездесулер, семинарлар өткізген.

13. «Сөз – тілдің көркі» кіші жобасы аясында «IX қалалық Махамбет оқулары және жас жыршылар» атты оқушылар арасында  байқау  бойынша  жүзеге  асырылатын   іс-шаралар жоспарына сәйкес,   2018  жылдың 15 нарыз күні «А. Байтұрсынов атындағы  №1 жалпы орта мектеп»  КММ-сінде оқушылар арасында «IX қалалық Махамбет оқулары және жас жыршылар» атты қалалық байқау өткізілді.

14.«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асатын іс – шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы 16 наурызда «№ 22 жалпы орта мектеп» КММ – сінде оқушылар арасында «Жас өнертапқыш»атты ғылыми жобалар байқауы өткізілді.

15.2018 жылдың 10  наурыз  күні  «М.Әуезов атынағы жалпы орта мектеп»  КММ-сінде мұғалімдер арасында «Ата дәстүр – асыл  қазына»  атты тарихи танымдық кеш өткізілді.

16. Барлық білім беру ұйымдарында ұлттық сананы жаңғырту бағытында түрлі іс-шаралар, кездесулер, байқаулар, лекциялар, ашық сабақтар, тәрбие сағаттар мектептің жылдық жоспарына енгізіліп, жоспар бойынша өткізілуде.

17. Барлық білім беру ұйымдарында өзі туып-өскен жерінен, өз өлкесінен шыққан танымал азаматтарға арнайы бұрыштар, стендтер дайындау тапсырылған, 65 пайыз мектепте ол орындалған.

 «Атамекен» кіші бағдарламасы

«Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірдегі түлектерді өздері оқыған білім ұяларындағы материалдық-техникалық базасын жақсартуға және мұқтаж білім алушыларға әлеуметтік жәрдем көрсетуге ынталандыру бойынша «Алтын ұям» кіші жобасы бойынша 10,20 жыл бұрын бітірген түлектермен кездесу аясында  Абай атындағы жалпы орта мектеп түлектерімен кездесу барысында мектепте құрылған музыка пәнінен ашылған домбыра үйірмесіне 10 домбыра сыйға берген. Ал А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебін 40 жыл бұрын бітірген түлектердің ұйымдастыруымен математика кабинетіне ардагер ұстаз Сейітов Әмірбек ағайдың есімі беріліп, кабинетке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және оқу-материалдық құралдармен жабдықталды.Сондай-ақ аталған мектепте кәсіпкерлер Нұржан Шалаев пен Ералы Якудаев демеушілігінен түскен 200 000 теңгеге мектепте тарихи – өлкетану мұражайы ашылып, жиhаздармен қамтамасыз етілді. Кәсіпкер М.Қазыхановтың демеушілігімен әлеуметтік көмекке мұхтаж 49 оқушыға 245 000 теңгелік аяқ киімдер алынып берілді. «Ердің атын елі шығарар» қайырымдылық акциясының аясындаАманкелді атындағы жалпы орта мектебі 20 жыл бұрын бітірген түлектер азаматтық бастама көтеріп, ауған жерінде қаза тапқан қос боздағымыз Аппаз Мамыраймов пен Нұрлан Сейдуалиевке арналған ескерткіш мемориалдық тақта ашылды. Бұл мемориалдық тақтаға қаржы бөліп жасатқан «Дидар – 2030» ЖШС-ның директоры, жеке кәсіпкер Нұрахметов Амантай.

1.       «Атамекен» кіші бағдарламасындағы «Табысқа апарар жол» жобасы шеңберінде« 03.03.2018 және 30.10.2018 жыл аралығында жоспарланған іс-шаралар кестесіне сәйкес, студент жастардың қатысуымен кәсіпорындарға семинар-тренингтер өткізілді. 1. Сәуір айының 12 жұлдызында «Табысқа апарар жол» жобасы шеңберінде «Стройсервис 21» кәсіп орнында №21 кәсіптік колледж студенттерінің қатысуымен экскурция өткізілді.Аталған экскурсия жұмысына техникалық білім алып жатқан 30 студент жас қатысты.

«Еріктілер корпусы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерікті жастармен бірлесе үй жұмыстарына көмек көрсетуді ұйымдастыру. Сәуір айының 13 жұлдызында Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі   Садуакасов Халиулла атаның үйінде Түркістан этнопедагогикалық колледжінің белсенді студенттері үй шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етті. Қайрымдылық шарасына 30 студент жас қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,«Жаңа  гуманитарлықбілім.  Қазақ тіліндегі  100 жаңа оқулық»атты тақырыпта жастармен кездесу өткізу. Мамыр  айының 14 жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық Қаазақ – Түрік  университетінің  кіші мәжіліс залында, «Жаңа  гуманитарлықбілім.  Қазақ тіліндегі  100 жаңа оқулық»атты тақырыпта жастармен кездесу өтті.  Қамтылған  жастар саны 280. Түркістан қаласындағы спорт мектебінде  2002-2003 ж.т жасөспірімдер арасында «Түркістанның Жас барысы» атты тақырыпта турнир болып өтті. Іс-шараның мақсаты жастарды салауатты өмір салтына насихаттау . Шара аясында жеңімпаз жасөспірімдер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өтілген іс-шара әлеуметтік желілерде  жарияланды.Шараға жалпы саны 70 жас қамтылды.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша «Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау» жобасы шеңберінде меценаттар мен демеушілер есебінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған "Мейрім", "Шапағат", "Жомарт жүрек" тақырыптарында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Мәселен, жеке кәсіпкер Мира Маханбетова аптаның әр жұма күні тұрғындарға тегін нан таратса, өзге де жеке кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен киім-кешекті тегін үлестіреді.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы

Облыстың аудан, қалалар орталықтарында туризмді дамыту мақсатында туристтерге қызмет көрсететін ұлттық киіз үйлер (подиумда) орнатуға инвесторларды тарту жұмысын ұйымдастыру барысында және киелі жерлерді таныту мақсатында жастарға және өңірімізге келген қонақтарға (шет ел) танымдық экскурсиялар ұйымдастыру, гидтердің жұмысын ұйымдастыру аясында қалалық кәсіпкерлік және туризм бөліміне қарасты «Туристік ақпараттық» орталығы қалаға келген туристерге қызмет көрсетеді. Аталған бөлім тарапынан «Рхани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3-4 мамыр аралығында «Тарихи туризм мекені – Түркістан» республикалық туристік форумы өтті. Форумға еліміздің Астана, Алматы қаласы және  өзге облыстарының туризм басқармаларының басшылары, ОҚО-ның аудандарының кәсіпкерлік және туризм бөлім басшылары, облыстың туристік ұйымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері («Деловой Казахстан» газеті, «Отырар», «Тұран», «Тұран-Түркістан» телеарналары,  «Түркістан», «Арыс ақиқаты»  газеті),  блогерлер  қатысты.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы

 Мақсаты – халықты ақпараттандыру арқылы Бағдарламаны жүзеге асыруға тарту, қазақстандықтардың «Рухани жаңғырудың» негізгі идеологиясын дұрыс қабылдауына ықпал ету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша арнайы медиа-жоспарлар түзіп, материалдар жарық көруде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қалалық ішкі саясат бөлімінде 2017 жылдың сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының насихатталуы бойынша және маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын «Түркістан қаласында жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарын ақпараттық ілгерлету мен сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарлар түзілді. 

Осы медиа-жоспар бойынша жергелікті баспасөз басылымдарында яғни «Түркістан» және «Туркистон», «Ұстаз», Түркістан  ұланы», «Тұран – ақпарат», «Ясауи Нұры», «Ясауи мұрасы», «Аймақ», «Ясауи университеті» газеті және жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасында осы «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» айдарлары мен тақырыптық беттері үйлестіріліп, материалдар жариялануда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған шаралардың жария етілуі жөнінде «Facebook» парақшасында, қалалық мәдениет, ішкі саясат, білім бөлімдерімен жастар ресурстық орталығы, орталық кітапхана, «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының» әлеуметтік желілеріндегі («facebook», «twitter», «instagram»)  материалдарда «Рухани жаңғыру» логотипі мен #Руханижаңғыру_ОҚО, #Туғанжер_ОҚО, #Киелі_ОҚО, #Заманауимәдениет_ ОҚО,  #100жаңаесім_ОҚО, #100жаңакітап _ ОҚО, #Латынәліпбиі _ОҚО, #ЦифрлыҚазақстан_ ОҚО хэштегтері тұрақты қолданылуда.

Желілік кесте негізінде облыстық деңгейде өткізілген іс-шараларды қаладағы БАҚ-да және әлеуметтік парақшаларда жариялануы тұрақты үйлестіруде.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жөнінде аудан, қалалық газеттермен сайттарда жарияланған материалдар, соның ішінде:

-    аймақтың ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа аймақтарының киелі жерлері туралы тарихтар мен фактілер туралы материалдары саны -12 көпшілігі әлеуметтік желілерде;

-     «100 жаңа есім» жобасына қатысушы үміткерлер туралы басылым беттерінде - 3 матераил және әлеуметтік желіде 2-материал;

-    «100 жаңа оқулық» туралы - 4 материал әлеуметтік желілерде;

-    қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы басылым беттерінде 9 материал және әлеуметтік желіде 5 материал;

-   Туған жердің  көркейуіне үлес қосып жүрген азаматтар туралы басылым беттерінде және жергілікті телеарнада 5 материал;

-     салт-дәстүрді ұстанатын үлгілі отбасылар туралы 1 материал;

-    өтіп жатқан іс-шаралар туралы жергілікті басылым мен телеарнада жалып саны 200-ге жуық материалдар жарияланған. Оның ішінде әлеуметтік желідегі материалдар саны басым.

1.  Блогерлермен және журналистермен кездесулер ұйымдастыру аясында ағымдағы жылдың 5 мамырында «Бұқаралық ақпарат құралдары және ұлттық сананың жаңғыруы» атты республикалық конференция өткізілді. Конференцияға елімізге танымал республикалық БАҚ өкілдері және белгілі журналистер қатысты. Жалпы саны 70 адам қатыстырылды. (пресс турлар) (атқарылған жұмыстар суреті, есебі жинақталу керек);

2.   Бағдарламаға ақпараттық қолдау көрсететін әлеуметтік желіде топтар мен танымал қауымдастықтар («Рухани жаңғыру ОҚО/ЮКО», «Туған өлке», «Шымкент қайда? Қашан? Қалай?» т.б.) арқылы мәліметтер таратып отыратын белсенді блогерлер тізімі бар және аталған парақшаларда посттар жариялануда;

3. Түркістан қаласы әкімдігінің ресми turakimat.gov.kz сайтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпарттық қолдау көрсетілу баяу жүруде.

4. «Рухани жаңғыру» айдарын әлеуметтік желіде күнделікті өзектендіруге байланысты қалалардағы мекемелердің жеке парақшаларындағы материалдарды бөлісу барысында #Руханижаңғыру_ОҚО, #Туғанжер_ОҚО, #Киелі_ОҚО, #Заманауимәдениет_ ОҚО,  #100жаңаесім_ОҚО, #100жаңакітап _ ОҚО, #Латынәліпбиі _ОҚО, #ЦифрлыҚазақстан_ ОҚО хэштегтерін тұрақты қолданылуда.             

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…