Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2017 жылы жүзеге асырылған іс-шаралар туралы есебі

Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында

2017 жылы жүзеге асырылған іс-шаралар туралы есебі

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай қаламызда бағдарламалық мақаланы насихаттауда осы жылдың сәуір айында бекітілген желілік кестеге сәйкес, қала және елді мекен тұрғындарының қатысуымен еңбек ұжымдарында 139  кездесулер өткізіліп, 27300- тұрғын қатысқан.

Ал мақаладағы басым бағыттар бойынша «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жобалық Кеңсенің ұйымдастыруы мен тапсырмаларына сәйкес Түркістан қаласындағы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталсақ.

Қала әкімімен бекітілген 2017 жылғы 23 мамырда «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын Түркістан қаласында іске асыру жөніндегі жылдық жоспар жасалынды. Сонымен қатар, осы бағдарламаны  жүзеге асыру бойынша қала әкімі аппаратының басшысынан, дербес бөлім басшыларынан, жергілікті мекеме басшыларынан және жергілікті жоғары оқу орындарының, арнайы, орта білім беру мекемелерінің басшыларынан, Үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларынан комиссия құрылған (қаулы №1301, 07.08.2017).

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру структурасы бойынша «Туған жер» арнайы жобасының аясында «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 кіші бағдарламалар құрылған.

Осы бағдарламалық бағыттар бойынша қаладағы салалық бөлімдерде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жауапты мамандар жұмыстар жасауда.

1.  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасыбойынша қалалық білім бөлімі қала мен ауыл округтеріндегі білім беру мекемелеріне (мектептерге) қатысты арнайы жоспар түзіп, жүзеге асыруда. 2-қыркүйек «Білім күні» барлық білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» аясында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағы өткізілді.  

Жергілікті масштабтағы мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдени-тарихи тұлғалардың және өлке тарихымен таныс білім алушылардың үлесін, өлкетану жұмыстарымен айналысатын білім алушылардың үлесі 2022 жылға қарай 100% жеткізу көзделген.

«Өлкетану» базалық бағытының «Алтын адам» жобасын жүзеге асыру мақсатында 66 жалпы орта мектептің 5,6,7 сыныптарынан 11955 оқушы Қ.А.Ясауи кесенесі, Түркістан тарихи этнографиялық мұражайы, Н.Оңдасынов мұражайы, А.Құнанбаев атындағы орталық кітапханада, С.Ерубаев мұражайы, Қылует жер асты мешіт мұражайы, Есімхан кесенесі, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, «Шығыс моншалары» мұражайы, Құмшық ата жер асты мешіті, Түркістан қаласы тарихи мұражайы, Гаухар ана кесенесі сияқты т.б. тарихи-мәдени орындарда кесте сәйкес білімдерін жетілдіруде. 

«Ұлттық қазына» тақырыбы аясында өлке тарихы туралы кітаптар әзірлеу және басып шығару, «Туған өлке тарихы» тақырыбы аясындабілім беру ұйымдарындафакультативтер, арнайы курстар, үйірмелерді енгізу,  мұражайларға, өлкенің мәдени-тарихи жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру, «Туған өлке соқпақтары» тақырыбы аясындатуристік-өлкетану жарыстар ұйымдастыру, «Мәдени-ұлттық генетикалық код: тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары" тақырыбы аясында тарихшылар съезі өткізілді. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы аясында жыл сайынғы жас өлкетанушылар, туристер және экологтардың аймақтық, Республикалық слеттер мен форумдарын ұйымдастыру да қолға алынуда.

«100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» қадамдарын практикалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 13-қадамының 9-тармағын орындау шеңберінде Рухани-адамгершілік және азаматтық-тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектепте қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» клубтары құрылып, бүгінде 66 мектепте «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасауда. Оған 6435 оқушы қатысады.

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипі қазіргі таңда білім беру мекемелерінде 100 пайыз орындалып, арнайы бұрыштар ұйымдастырылған.

  «Сөз тілдің көркі» кіші «Абай даналығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында іске асырылуда. Қазіргі таңда барлық мектептерде күнделікті сабақтарда, қосымша сабақтар мен тәрбие сағаттарында Абай мұрасына талдау жасап, ақын шығармашылығын жан-жақты үйретуде.

    Бүгінгі таңда бөлімге қарасты 30 жалпы орта мектепте және 4 мектеп-гимназиясы мен мектеп-лицейлерінде «Абай әлемі» клубтары ашылып, оған мүшелікке 600 оқушы тартылды. «Абай даналығы» жобасы шеңберінде «Абай оқулары» конкурсының қалалық кезеңін өткізу  2018 жылдың  16 наурызында өткізу жоспарлануда.

   «Тарих мұрасы» кіші бағдарламасы аясында білім бөліміне қарасты барлық білім беру бөлімінде «Өлкетану» факультатив сабағына байланысты авторлық бағдарлама құрып, оқушыларға өлкеміздің тарихы мен табиғатын танытатын тақырыпта сабақтар өтуде.

   «Туған жер -2017» атты тақырып аясында жасөспірімдер арасында шығарма жазудан байқау 6 және 26 қазан аралығында жоспарға сай ұйымдастырылып, қаладағы білім беру мектептері арасында өткізілген.

   «Мамандық әлеміне жол ашамын» тақырыбында іс шаралар қазан айының 21-23 аралығында ұйымдастырылды.

   «Оңтүстік таланттары» мектеп оқушылар арасында байқау қазан айының 20-сында өткізілді.

    «Ұл мен қыз ұлт намысы» тақырыбында іс-шара жоспарына сәйкес тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар өткізілуде.

    «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» кіші жобасы аясында 10 мектепке робототехника кабинеттерін ашу үшін қаражат бөлініп, жұмыс жасалуда.

  Сонымен қатар, барлық мектеп кітапханаларында «Бук-кросинг» бұрыштары 100% ұйымдастырылды. Мектеп кітапханаларында мултимедиалық жабдықтармен жабдықтау мақсатында мемлекеттен қаражат бөлінген.

    Қаладағы білім беру мекемелерінде сол білім ошағының түлегі, елге, өңірге еңбегі сіңген танымал тұлғалар, меценаттар, кәсіпкерлер, өнер иелеріне арналған құрмет тақтасы, олардың өмір жолдарының тарихы туралы мектеп кітапханалары мен арнайы залдарда бұрыштар жасалынған.

    Сонымен қатар, оқушыларға әр елді мекеннің тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштері, сол ауылда туылған танымал тұлғалар туралы жинақталған оқу құралын пайдалана отырып, қосымша білім беру жұмыстары жүргізілуде.

2. «Рухани қазына» кіші бағдарламасының«Киелі жерлер географиясы» кіші жобасы бойынша алдын-ала ұсынылған сакральды орындар тізімінеТүркістан аумағындағы киелі жерлер туралы мәліметтер жинақталды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует жер асты мешіті, Әулие Құмшық ата қылуеті,  Шілдехана, Сегіз қырлы кесенесі ХІV- ХVІ ғғ., Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі ХV ғ., Атаусыз кесене (сағана) ХVІ ғ., Шығыс моншасы ХVІ- ХVІІІ ғғ., Гауһар ана кесенесі ХІІ- ХІV ғғ.,  Әлқожа ата кесенесі ХІІ- ХІV ғғ. Жүсіп ата кесенесі ХІІ-ХІV ғғ.,  Үкаша ата кесенесі мен құдығы ІХ-Х ғғ., Имам Марқозы кесенесі ХІХ ғ., Меңдуана ата кесенесі ХІХ ғ. Жылаған ата бұлағы мен үңгірі туралы мәліметтер өңірлік офиске жолданды. Киелі жерлерде туризмді дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

Түркістан қаласы және оның аумағындағы киелі жерлер

р/с

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің орналасқан жері

Жерінің кадастрлық нөмері

Меншік иесі

Реставрация жұмыстарын қажет етуі

Ескерткішті пайдаланушы

1

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIVғ. соңы

Түркістан қаласы

19-307-020-1179 (88.7га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

-

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

2

Қылует жер асты мешітіXIIғ.

Реставрация қажет

3

ШілдеханаXIVғ.

-

4

Сегіз қырлы сағанаXIV-XIVғғ.

-

5

Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіXVғ.

-

6

Атаусыз кесене (сағана)XVIғ.

-

7

Шығыс моншасы XVI-XVIIIғғ.

-

8

Жұма мешітіXIXғ.

-

9

Мүсалла қақпасы XIXғ.

-

10

Цитадель қамал қабырғасыXVI-XIXғғ.

Реставрация қажет

11

Әулие Құмшық ата қылуеті XIIғ.

Түркістан қаласы

19-307-020-996 (6га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

-

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

12

ГауҺар ана кесенесіXII-XIVғғ.

Түркістан қаласы

19-307-037-033 (8га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

-

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

13

Әлқожа ата кесенесіXII-XIVғғ.

Түркістан қаласы

19-307-044-006 (3га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

-

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

14

Жүсіп ата кесенесі XII-XIVғғ.

Ескі Иқан ауылы

19-307-067-1441 (1,5га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

Реставрация қажет

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

15

Үкаша ата кесенесі мен құдығы IX-Xғғ.

Бабайқорған ауылдық округі

19-307-128-017  (90га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

-

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

16

Имам Марғозы кесенесі XIXғ.

Иассы ауылдық округі, Еңбекшідихан ауылы

19-307-057-014 (0,49га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

Реставрация қажет

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

17

Меңдуана ата кесенесі  XIXғ.

Шаға ауылдық округі

19-307-037-1071 (1,5га)

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

Реставрация қажет

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

18

Жылаған ата үңгірі мен бұлағы

Бабайқорған ауылдық округі

-

Қаратау табиғи қорығы аумағында орналасқан

-

 

 

Қазіргі таңда 18 нысан алынып, оған қажетті реставрация және абаттандыру жұмыстарын қажет ететіндігі жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл 18 нысаннан басқа 200 –ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар тізбесі бар. Олар ауыл округ әкімшіліктеріне таратылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түркістан қаласының тарихы мен табиғаты, елді-мекендердің жер-су аттары, тарихи-мәдени ескерткіштері  туралы «Түркістан» кітабы жарық көрді. 2017 жылы Алтын кітап баспасынан шықты.

 «Туған жер – туған ел» кіші жобасы аясында туризм саласы бойыншаОранғай ауылдық округінде жеке кәсіпкер Байменов Данияр 3 млн. несие алып, 30 соттық жерге «Этно ауыл» кешенді жобасын құрып, ұлттық нақыштағы қонақтарға қызмет көрсету, ұлттық тағамдармен сусындармен қамтамасыз ететін демалыс орны ұйымдастырылуда.

Туристік нысандарға жарнамалау жұмыстарын жүргізу мақсатында, маркетингтік жұмыстарды ілгерлетуде «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында бюджеттен 23838 мың теңгеге жарнамалық жұмыстармен 100 дана Түркістан қаласының туристік картасы, Түркістан қаласының нысандары жайлы бейнеленген диск, Түркістан қаласының тарихы жайлы кітаптар шығарылып, келген қонақтарға презентациялық пакеттер сыйға тартылды.

Рухани қазына «Өлкеміздің дара тұлғалары» атты ақын-жазушылардың шығармашылық, әдеби кештері, кітап көрмелері, «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы», «Бір ел-бір кітап», «Бір өлке – бір кітап», «Бір қала, бір ауыл- бір кітап» акциялары аясында кітап көрмелері қойылып, акциялар ұйымдастырылды.

 

Ал, мәдени даму жобалық бағыты аясында «Ажарлы үй-ырысты» жобасы әзірленіп, елді мекендердегі көшелер, жеке үйлер мен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттардың аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала елді мекендерінде “Таза көше”, “Таза ауыл” акциялары мен абаттандыру шараларын ұйымдастыру арқылы тазалықты сақтау. Жылына екі рет “Тал күні” шарасын өткізу арқылы көгалдандыруды қамтамасыз ету жоспарланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала бойынша 14 сенбілік өткізіліп, 2000 түп ағаштар әктеліп, балалар алаңшалары, саябақтар мен скверлер ретке келтірілді. «Ажарлы үй ырысты» жобасы шеңберінде елді мекендерді абаттандыру мақсатында  12 ауылдық округ бойынша 55 отбасының тұрғын үйлеріне ерікті жастарды тарта отырып, әктеу, сырлау тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Түркістан "Туған жер-Туған ел" базалық бағытындағы жобаларды іске асыруға қаралатын қаржы көлемінің үлесі

Қала, аудан атауы

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру іс-шарасы о.і.

 

"Ажарлы үй-ырысты" мәдени-бұқаралық іс-шарасы

"Таза ауыл" және "Таза көше" акцияларын өткізу арқылы конкурстар ұйымдастыру

Қажетті қаржы көлемінің жиынтығы млн. Теңге

 

Елді мекендерді  көгалдандыру шарасына қаралған қаржы көлемі млн. Теңге

Елді мекендерді   абаттандыру шарасына қаралған қаржы көлемі млн. Теңге

 

 

2017

2018

2019

2020

2017

2018

2019

2020

 

2017

2018

2019

2020

2017

2018

2019

2020

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

1

 Түркістан

60

64

68

73

500

500

535

572

4

1

1

1

1

561

565

604

646

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

Жоба

немесе     іс-шара атауы

Жобалық тапсырма берілген уақыт

Орындалуы туралы қысқаша мәлімет

Жобаның басталған уақыты

Қамтылған адам саны

Жұмсалған қаражат

Іске қосылған объектілер саны

Ескертпе

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру мақсатында «Ажарлы үй-ырысты» жобасының шеңберінде көмекке зәру жандардың аулаларын тазарту, қоршауларын қақпаларын сырлау жұмыстары

-

12 ауылдық округ бойынша көмекке мұқтаж 55 отбасының тұрғын үйлеріне ерікті жастарды ұйымдастыра отырып, үйлерін, қоршауларын әктеу, аулаларын тазалау жұмыстары  ұйымдастырылды.

      

       -

897

-

-

-

 

 

 

3. «Атамекен» кіші бағдарламасы бойыншадемеушілік жасауға ниет білдірген азаматтарға ұсынылған жобалар 12 ауыл округ бойынша Үшқайық ауыл округінде 3 нысан (кіші футбол алаңы, Нұртас ауылының кіре берісіне қақпасы, Нұртас ауылының орталық мешітінің айналасын абаттандыру) осы жылдың мамыр айында жергілікті демеушілердің тарапынан жүзеге асырылып, пайдалануға берілді.

Ал, Үшқайық ауыл округі, С.Қожанов ауылында жаңа мешіт құрылысы ауыл тұрғындарының демеушілігімен қолға алынды, Шаға ауыл округі бойынша 1 нысан «Жастар спорт алаңы» жергілікті кәсіпкер Дәурен Мирзораймовтың демеушілігімен салынуда; «Қаражон» елді мекенінде 1 нысан «Күләнда ана» балабақшасы жеке кәсіпкер А.Қорғанбаевтың демеушілігімен салынып, осы жылдың қазан айында 60 балаға арналған балабақша қолданысқа беріледі.

Сондай-ақ, Оранғай ауылдық округінде «Досан ата» ЖШС-нің демеушілігімен жергілікті жердегі Шобанақ арыққа автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынуда. Жаңа Иқан ауыл округінде «Кіші футбол алаңы» жергілікті жастардың қолдауымен осы жылдың мамыр айында салынып бітіп, қолданысқа берілді. (Өңірлік офиске мәлімет жолданды).

«Табысқа апарар жол» жобасы бойынша жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ағымдағы жылдың 26-маусымы мен 30 маусым күндері жеке кәсіпкер «Grand Miks» жиһаз кәсіпорнының «Жиһаз жасау өнеркәсібін дамыту және табысқа жету жолдары» атты және «Тұран» шаруа қожалығының «Сүт өнімдерін дайындау және нарыққа шығару жолдары» тақырыбында шебер-сыныптары ұйымдастырылды.

Табысқа апарар жол жобасы шеңберінде «Үздік деп танылған азаматтарды марапаттау» бойынша жеке кәсіпкер «Grand Miks» жиһаз кәсіпорнының  басшысы Исхаков С., «Кардиал Эксклюзив» ЖШС-нің басшысы Набиев Ш., «ИП Құдайбергенов» жиһаз фирмасының басшысы Құдайбергенов Құдрат марапатталды.

Осы ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Жылдың үздік меценаты», «Жылдың үздік еріктілері» «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» номинацияларымен марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.

2017 жылдың басынан бері бүгінгі таңға дейін әлеуметтік аз қамтылған 305 отбасына демеушілік есебінен 2 135 000 теңге көлемінде әлеуметтік пакеттермен (азық-түлік) көмектер берілді.

 Демеушілер есебінен 836 балаға киім-кешекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

«Сенімді болашақ» жобасының аясында ерікті жастар тарапынан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. «Білімге бастар жол» жобасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жоғары оқу орындары мен колледждерде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуына мүмкіндік беру мақсатында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсетілуде.

4. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы.

Осы ақпараттандыру стратегиясының аясында Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі «Ақпарат толқыны» – кіші бағдарламасын жүзеге асыруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша арнайы медиа-жоспарлар түзіп, материалдар жарық көруде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қалалық ішкі саясат бөлімінде 2017 жылдың сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының насихатталуы бойынша және маусым айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын «Түркістан қаласында жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарын ақпараттық ілгерлету мен сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарлар түзілді. 

Осы медиа-жоспар бойынша жергелікті баспасөз басылымдарында яғни «Түркістан» және «Туркистон», «Ұстаз», Түркістан  ұланы», «Тұран – ақпарат», «Ясауи Нұры», «Ясауи мұрасы», «Аймақ», «Ясауи университеті» газеті және жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасында осы «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» айдарлары мен тақырыптық беттері үйлестіріліп, материалдар жариялануда.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған шаралардың жария етілуі жөнінде Түркістан қаласы әкімдігінің ресми turakimat.gov.kz сайтында және «Facebook» парақшасында, қалалық мәдениет, ішкі саясат, білім бөлімдерімен жастар ресурстық орталығы, орталық кітапхана, «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының» әлеуметтік желілеріндегі («facebook», «twitter», «instagram»)  материалдарда «Рухани жаңғыру» логотипі мен #руханижаңғыру #туғанел #болашаққа бағдар хэштегтері қолданылады.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жөнінде жергілікті газеттер мен сайттарда, әлеуметтік желілерде (фейсбук, в контакте т.б.) жарияланған материалдар бүгінгі күнге дейінгі саны 490 материал болса, соның ішінде;

-  аймақтың ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа аймақтарының киелі жерлері туралы деректермен мен фактілер туралы материалдар саны – 15;

-  «100 жаңа есім» жобасына қатысушы үміткерлер туралы шыққан  мақалалар саны- 20;

-  «100 жаңа оқулық» туралы шыққан мақалалар саны –10;

-  қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы шыққан мақалалар саны –40;

-   кіші Отанының көркейуіне үлес қосып жүрген азаматтар туралы шыққан мақалалар саны – он екі (8);

-  салт-дәстүрді ұстанатын үлгілі отбасылар туралы шыққан материалдар саны – он (10);

-   өтіп жатқан іс-шаралар туралы шыққан мақалалар саны – 353;

- Қалалық телеарнада шыққан танымал азаматтармен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы сұхбат саны - 10;

-  «100 жаңа есім» жобасына қатысушы үміткерлермен қалалық телебағдарламаларға шыққан сұхбат саны - 10;

-   «100 жаңа есім» жобасы бойынша облыстан ұсынылған азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда.

-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқаралып жатқан іс-шаралар туралы қалалық телеарнада шыққан материалдар саны - 20;

-   Қалалық Бұқаралық ақпарат құралдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипі - 7 баспасөз басылымға қойлып, осы бағдарлама аясында материалдар жарық көруде.

-  Қалалық қоғамдық орындарда орналасқан LED-экрандарда  яғни қаланың С.Қожанов көшесінің бойында және Тәуке хан даңғылы қиылысында орналасқан LED-экрандарда логотиптер көрсетілуде;

-     қалалық қоғамдық көліктерде үгіттік парақшаларының орнатылуы бойынша -200-ге тарта көліктерге үгіттік парақшалар ілінді;

-      Қаладағы «Рухани жаңғыру» тақырыбында орналастырылған билбордтар саны - 50-ге жуық;

-    Дербес бөлімдерде, мекемелерде ақпараттық тақташаларда және ауылдық округтердің қоғамдық орындарында үгіттік парақшалардың ілінуі - 30

-     ҮЕҰ-мен қоғамдық ұйымдармен өткізілген кездесулер саны – 60;

-    Бағдарлама туралы әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм, вконтакте, твиттер) жарияланған посттар саны - 400-ден астам;

-     Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдердің қала көлемінде және ауылдарда көрсетілімін ұйымдастыру 2018 жылға жоспарлануда.

 

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Интелект-Эксперт» Әлеуметтік – экономикалық зерттеулер орталығы 2 дөңгелек үстел, 2 кездесу өткізді.

Сондай-ақ, тұрғындардың патриоттық сезімін елге, қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қалада «Рәміздер алаңы» және «Түркі бағы» саябағын ашу жоспарлануда.

Өздеріңіз білесіздер, 2017 жылы Түркістан қаласы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып белгіленгені баршамызға белгілі. Осы Түркі әлемінің мәдени астанасы атануына байланысты өткізілген іс-шаралардың барлығы рухани жаңғырумен байланыстырылған.

Облыстық өңірлік жобалық кеңсенің тапсырмаларын орындау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 2022 жылға дейін іске асыру бағдарламаларына сәйкес әрбір кіші бағдарлама бойынша салалық бөлімдерде жоспарлар жасалынып, жұмыстар жалғасуда. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Түркістан қаласында жүзеге асырылуы тікелей қала басшысының қадағалауында.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…