«АҚ ДИДАРЛЫ-ӘЖЕЛЕР» байқауы болып өтті

Отбасы тәрбиесіндегі әженің ықпалы мен немере тәрбиелеудегі тәжірибені насихаттау, отбасында имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту, жас ұрпақты иманды, мейірімді, зерделі, арлы болып өсуге баулу, қала тұрғындарының мәдени шараларға белсене қатысуына мүмкіндік жасау,қазақтың жасы үлкен аналарын ұлықтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қазақ елінің үш бақытының бірі — мемлекеттік тілді дамыту,өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, байқау арқылы қаламыздың зерделі әжелерінің тапқырлығын, білімділігі мен көрегенділігін анықтау, ата-салтымыздың асыл мұрадай қазынасын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін ұрпақтың бойына ұлағат ету мақсатында «Ақ дидарлы - әжелер» байқауы өз мәресіне жетті.
«Ақ дидарлы - әжелер» байқауында алғаш сөз алған Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР «Мәдениет қайраткері» Шәмет Лиза Төлегенқызы және ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ұлағатты ұстаз, бірнеше немерелердің әжесі Серім Айғаным Абанқызы «Ақ дидарлы –әжелерімізге» сәттілік тілеп, болашақ ұрпақтың ақ жаулығы желбіреген әжелерден алатын тәлім – тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Байқауымызға 60-70 жасқа дейінгі әжелер қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, сахна төрін ән мен жырға бөледі.

«Ақ дидарлы – әжелер» байқауына ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ұлағатты ұстаз, бірнеше немерелердің әжесі Серім Айғаным Абанқызы, ҚР еңбегі сіңген «Мәдениет майталманы», мәдениет үйінің режиссеры Нәлтаева Пернекүл Сейтбекқызы,Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана дамыту бөлімінің меңгерушісі Бекмурзаева Халима Қобыланқызы әділ-қазылық етті.
Байқауымыздың шарттарында:
1. «Сәлем - сөздің анасы» (қатысушылар өзін, отбасын таныстыру).
2.«Ескірмеген есті сөздер» — сұрақ-жауап кезеңі, берілген сұрақтарға жауап беру, тыйым өздердің мағынасын түсіндіру,бес сөйлемнен тұратын мақал-мәтелдер айту.
3. «Шебердің қолы алтын» (әжелер өз өнерлерін ортаға салу, жүн сабау,ши тоқу, ұршық иіру,құрақ құрау,күбі пісу,құрт жасау, диірмен тарту,қазан шегелеу дәстүрлерін көрсету) болды.
Қазылар алқасы бағалау барысында:
– сахна мәдениетіне;
– киім үлгісінің үйлесімділігіне, әртістік қабілетіне;
– парасаттылығы мен көрегенділігіне;
– өнері мен шеберлігіне баса назар аударылды.
«Ақ дидарлы – әжелер» байқауына қатысып Бас Жүлдені ұлды – ұяға, қызды –қияға қондырған, немере- шөберенің ардақтысына айналып отырған Шәметова Роза әжеміз, І – орынды Шорнақ ауылынан келген Балабекова Алия әжеміз,ІІ- орынды Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылынан келген әжеміз Ташметова Айткүл әжеміз, ІІ-орын Халыбекова Нұржамал әжеміз,ІІІ-орын Шорнақ ауылынан Арынова Үрлайм әжеміз, ІІІ- орын Қарашық ауылынан келген Бексұлтанова Саракүл әжеміз иемденсе, Сарсенбаева Құндыз әжеміз, Қожанова Үрмет әжеміз, Абдусаметова Қапия әжеміз , Утебаева Жұмагүл әже Түркістан қаласының әкімі Мұсаев Тәжібек Қалманұлының Алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Армандаймын. Болсаң болды сен аман-деп, әжелеріміз аман болсын! Денсаулықтары зор болсын деген тілекпен мәдени шарамыз жоғарғы деңгейде өтті.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…