"Бұқаралық ақпарат құралдары және ұлттық сананың жаңғыру"

"Бұқаралық ақпарат құралдары және ұлттық сананың жаңғыру"

3-мамыр күні Түркістанда қазақ журналистикасының ардагерлері мен бүгінгі буыны бас қосып, ұлттық сананы жаңғыртудағы ақпарат құралдарының рөлі туралы кеңінен талқыланған конференция өткізді. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шарада қазақ журналистикасы мен әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер-журналистер: Байдулла Қонысбек, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Кеңесбай Исмайлов, Сейдулла Садықов, Абай Балажан, Айгүл Қаппарова, Үмітхан Алтаевалар келелі ойларын ортаға салып, бүгінгі таңда ақпарат айдынында жүрген жас журналистерге рухани жаңғыру бағдарламасын БАҚ-да жүзеге асырудың бағыт-бағдарын сілтеді. Бас қосуға жиналғандар әрбір қазақстандық шын мәнінде рухани жаңғыруды, ұлттық сананы жаңғыртуды өзінен бастаса, мемлекетіміздің мүддесі үшін жасаған, Елбасының тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудағы ұсынған бағы­ттары толықтай жүзеге асқан болар еді деген ой түйді.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…