«Ауыл рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты фестиваль

«Ауыл рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты фестиваль

ТҮРКІСТАНДА Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауылдық клубында «Ауыл рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты фестиваль болып өтті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Тәуелсіз еліміздің алға өрлеуіне, әлемдегі дамыған елдердің қатарына енуге жетелейтін ұлы күш. Осы бағдарламаны табысты, нәтижелі іске асыру үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озат жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», -деп атап өткен болатын. Міне, аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін халқымыздың рухани қазына байлығын ұрпақ игілігіне жаратып, ата- бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған өте бай құндылық дәстүрлерін қайта жаңғыртып, осы жолда әрбір саналы азамат бар қуат-күші мен білімін сарқа еңбек етуі қажет.
Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарының жұмыла ат салысып, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған кешенді дәстүрлі: Енші беру , Қамшы ілу , Шеге шапан қойылымдары сомдалып, жыр-терме, халық әндері шырқалып, ауыл жастары күй тартып, қыз – жігіттер айтысып, салт- дәстүр, әдет-ғұрыптары, ата-бабаларымыз ұстанған өте бай құндылықтарын қайтадан жаңғыртты.
Қазақтың салт-дәстүрін жас ұрпақ санасында қалыптастыру, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру болса бүгінгі мәдени іс-шараның жастарға берер тағлымы мен тәрбиесі ұшан теңіз. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…