«Ақылды қала - Астана, Мәңгілік елге - бас қала» атты байқау

«Ақылды қала - Астана, Мәңгілік елге - бас қала» атты байқау

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Ақылды қала - Астана, Мәңгілік елге - бас қала» атты байқау болып өтті. Байқауға  жүйе бойынша 42 кітапхана тарапынан 30 оқырман қатысты. Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен 7-10 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша Қазақстанның 30 жылдығы ауылдық №8 кітапхана-филиалының оқырманы Молда Мұса атындағы мектептің 2-сынып оқушысы Ақниет Сыртай, 11-15 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша Бабайқорған ауылдық №10 кітапхана-филиалының оқырманы Әсет Рахман бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, әр жүлденің өзіндік дарындары анықталып 11 оқырман облыстық байқауға жолдама алды. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…