«Сөйлесем деп мүлгіген үнсіздікті...» атты кездесу кеші
Жүйнек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері мен №15 кітапхана-филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жергілікті ақын Абдіғаппар Жақыповпен «Сөйлесем деп мүлгіген үнсіздікті...» атты кездесу кеші өткізілді.
Кешке ақынның ұстаз тұтқан ақын ағалары Қ.Р жазушылар одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Нұрмахан Назаров, Түркістан қаласының құрметті азаматы Зейнулла Еркебалаев, ҚР мәдениет қайраткері, жастар сыйлығының лауреаты, өнертанушы, композитор Сауранбек Елеуовтер қатысты.
А.Югнаки жалпы орта мектебі мен Қызылжол жалпы орта мектебінің оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
Кең көлемде «Ой мен сезімнің ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.