Бір ел –бір кітап

2018 жылы мамырдың 28 жұлдызында Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында Тарихи мәдени – этнографиялық орталықта  бүкіл қазақ елі оқуға тиіс «Бір ел – бір кітап» акциясы тарапынан насихатталатын қазақтың ойшыл ғұлама ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының, қазақтың біртуар батыр ұлы, жазушы  Бауыржан Момышұлының, рухы өр, қазақтың қайсар ұлы Немат Келімбетовтың шығармашылығы барысында «Қазақтың дана да  дара ұлдары» атты әдеби аялдама –кеш болып өтті.

Кеш  Орталық кітапхананың жанынан ұйымдастырылған «Қайнар бұлақ» әдеби отауының мүшелерінің атсалысуымен өте тартымды өтті. Әдеби отаудың төрағасы Зейнулла Еркебалаев, Халықаралық қазақ –түрік университетінің профессоры,  филология ғылымдарының кандидаты Бекжігіт Сердәлі, әнші-сазгер Сауранбек Елеуов сынды зиялы қауым өкілдері, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанболат Ибрагимов, тарихи мәдени –этнографиялық орталықтың бас маманы Омар Жексенбаев кеш барысында ұлағатты да, мағыналы ой –пікірлерімен бөлісті. Шәкәрім, Бауыржан, Немат сынды қазақтың біртуар ұлдарының өмір жолдарынан дерек беретін слайд көрсетіліп, шығармашылықтары оқырмандар тарапынан тереңірек зерделенді. Халықаралық қазақ –түрік университетінің студенттері Құдайберген Нұрбол, Иванова Бибігүл кеш тізгінін қолға алып, өздерінің шығармашыл ізденістерімен кеш көрігін аша түсті.

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8,39,40 кітапхана –филиалдарының оқырмандары ұлы тұлғалар шығармаларынан монолог оқып, нақыл сөздерінен  әдеби –монтаж ұйымдастырып,  қалалық Мәдениет үйінің әншілері елжандылық тұрғыдағы әндер орындап, кеш өте тартымды өтті.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…