«ЖЫРЛАЙМЫН СЕНІ, АСТАНА» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

«ЖЫРЛАЙМЫН СЕНІ, АСТАНА» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын сені, Астана» атты жыр мүшайрасының қорытынды мерекелік шарасы өтті. 

Оған Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Павлодар облысы, Астана қаласы, Түркістан қаласы, сонымен қатар Қытай Халық Республикасы мен Моңғолия мемлекеттерінен 24 жас шайыр қатысып, бақ сынады. Сүбелі сөзден, жыр терген ақындар сайысы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған аталмыш іс-шараның басты мақсаты - Ел тәуелсіздігін жырлап, жастарға патриотизмді насихаттау, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеп, жас ақындарға қолдау көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халықтың мәдени-рухани аясын кеңейту болып табылады. 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов шараның маңыздылығына тоқтала келе, мүшәйраға қатысып жатқан жас ақындарға сәттілік тілеп, келген барша қонақтарды Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен құттықтады.

Сонымен, «Жырлаймын сені, Астана» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша бас жүлдені 24 ақынның арасынан суырылып шыққан Павлодар облысынан келген Еламан Толеутай жеңіп алды. Ал, бірінші орынды Қытай Халық Республикасынан келген жас ақын Кәдірбай Ғылымнұр, екінші орынды Түркістан қаласынан Өмірбеков Нұрдәулет, үшінші орынды Қытай Халық Республикасынан Рамазан Әлімбекұлы жеңіп алса, Түркістандық Ысқақ Мадина ынталандыру сыйлығына ие болды. Бас жүлде және жүлделі І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жас ақындар диплом, мақтау қағаздарымен, бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.


 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…