ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫ ТАБЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркия Республикасы, Стамбул қаласынан ясауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы, «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді.

Елба­сы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қа­ласына орай Қорық-музейде өткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани хикмет" қолжазбасының түпнұсқасын «Әзірет Сұлтан» қорық—музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлына табыс етті. Кітап - 1212 жылы шағатай тілінде жазылған. Ясауитанушының айтуынша жеті ғасырға жуық сақталып келген құнды жәдігердің түпнұсқасында жарыққа шықпаған қаншама дүниелер мол. Алдағы уақытта аталған құнды жәдігерді Астана қаласындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығында аударма жұмыстарын жасату жоспарлануда.

Салтанатты шара Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге ұласты. Маңызды басқосуға жиналған халық музей ұжымы дайындаған Наурыз көже мен дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалады. Ұлыстың ұлы күнімен барша қызметкерлерді құттықтаған мекеме басшысы Нұрболат Қадырұлы ясауитанушы Исматулла Ясауиға "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайы атынан арнайы сыйлықтар табыс етті.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…