МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМНЫҢ САНАТЫНА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

ШЕШІМ

«____»____________2014 ж.                                                                     №_____

Мемлекеттік әкімшілік

лауазымның санатына

қойылатын біліктілік

талаптарын бекіту туралы

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-баптың 5-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/35 бұйрығы сәйкес Түркістан қаласының әкімі ШЕШТІ:

1. Түркістан қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына қойылатын біліктілік талаптары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Ибрагимовқа жүктелсін.

Қала әкімі                                           Б.Әшірбеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Оңтүстік

Қазақстан облысы бойынша

департаментінің басшысы Б.Бекжанов

«____»____________2014 ж.

Түркістан қаласы әкімінің

2014 жылғы «___» шілдедегі 

№ ___ шешіміне  қосымша

Түркістан қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
лауазымына қойылатын біліктілік талаптары, Е-R-1 санаты, 1 бірлік (02-03)
Өлшемдер Талаптар
Білімі

Жоғары білім.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру, жерге орналастыру, кадастр, экономика, заңтану, мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары бойынша.

Кәсіптік біліктілігі

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Практикалық тәжірибесі

1.  Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

2)    жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін  басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)    ғылыми дәрежесінің болуы;

4)  мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

5)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

2. Лауазымның  функционалдық   бағыттары –  ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларындағыжұмыс тәжірибесі.

Функционалдық міндеттері

      1. Негізгі функционалдық міндеттері:

- Ауылдық аумақтарды және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету;

- Ауылдық жерлерде жаңа реформаларды тереңдетуді, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыруды, шаруа (фермер) қожалықтарын, маркетингтік және ветеринарлық қызметтерді жөнге қоюды қамтамасыз ету;

$1-          Қала аумағында жерге орналастыру жұмыстарын қадағалау;

$1-          Жер қатынастарын реттеу.

2. Бақылау функциясы: Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарына қатысты  қатысты жұмыстарды бақылау.

3. Үйлестіру функциясы: Ауыл шаруашылық саласының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыстарын үйлестіру.

4. Осы лауазымның функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да арнайы білімдер: өз жұмысын жүргізуді жоспарлай білу, ұйымдастыру мен болжау және өзіне бағынасты қызметкерлердің қызметін қадағалау мен компьютерде жұмыс істей білу қабілеті.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…