Түркістан облысында 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел sms хабарламалар арқылы құжаттарын алуға тапсырыс берді

Жыл басынын бері облысымызда 10 мыңнан аса жаңа босанған әйел сәбилерінің туу туралы куәлігін проактивті әдіспен рәсімдеді. «Азаматтарға арналғвн үкімет» корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу жолдарын түсіндірді.

  «Проактивті өмірді таңда!» атты акция барысында 400-ден аса нәзік жандыға  аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар проактивті қызмет бойынша болашақ аналарға нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар таратылды.

Баршаңызға белгілі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аналарға  бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен алу жобасын жаңа жыл қарсаңынды іске қосқан болатын. Енді баланың туу және басқа да тиісті қызметтерді тіркеу туралы өтініштер ата-аналардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылуда. Бұл қызмет уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.

Проактивті қызметті мобильді азаматтар базасына тіркелген азаматтар ғана ала алады. Оны мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисінде немесе электрондық үкімет порталындағы  жеке кабинетте ЖСН-ді ұялы телефонға байланыстыру жүзеге асыруға болады.

Сондай-ақ телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақша кезегіне қоюғ болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…