Шымкент қаласындағы №7 ХҚО бөлімі жаңа ғимаратқа көшірілді

Шымкент қаласындағы №7 ХҚО бөлімі жаңа ғимаратқа көшірілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи  фронт-офисте жұмыс істей бастады.

Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе,  Әл - Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда барлық қызметтерді  электрондық нұсқада алуға болады. Атап айтсақ, баланы балабақшаға кезекке қою, жеке кредиттік есепті алу, мемлекеттік қызмет резервіне қабылдау және т.б. мемлекеттік қызметтер.

ХҚО 100 автокөлікке арналған автотұрақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік терезелері, пандустар, шақырту тетіктері, Брайль ақпараттық тақтайшалары, зағип жандарға арналған тактильді жолдар, қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталығының 34 бөлімі жұмыс істейді, соның ішінде мамандандырылған ХҚО мен  секторлық орталықтар бар.

2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  ОҚО фронт-офистері арқылы  5 миллионнан астам қызмет көрсетілді, соның ішінде 3 миллионнан астамы электрондық нұсқада ұсынылған.

Анықтамалық: №7 бөлім: Нұрсәт м.а., Бәйтереков к-сі, 8.

ХҚКО-лардың жұмыс уақыты: ДС-СН, сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…