Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжірибелерімен бөлісті

Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерінің зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешімдер» тақырыбында конференция өтті. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ білдірді. Біздің еліміз үшін басқа елдердің халыққа қызмет көрсетудегі тәжірибелерін зерттеу мүмкіндігі ерекше назарда болды.

Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі әрекет етеді, ал жинақтаушы компонент - тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердің күрделі экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудің барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды. 

Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттік қызметтерді енгізу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетілді. Басқа өңірлер үлгі ретінде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған  зейнетақы төлеуді тағайындау тәжірибесін алып, қазір оны зерделеуде. 

Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, кәсіподақ қаражаты есебінен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбір өңірде психологиялық жеңілдену бөлмесі, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудиті жүргізіледі. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесі міндетті түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжірибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкін.

Қазақстан Рспубликасында мемлекеттік қызет көрсетудің бірыңғай провайдерінің тәжірибесімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атынан мемлекеттік корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің директоры  Әлия Оспанова бөлісті. Ол ағымдағы жылғы сәуірде көп сұралатын мемлекеттік қызметтерді біріктірген және құрамына төрт мемлекеттік кәсіпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіретін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік корпорацияға еліміздің аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы халыққа, оның ішінде шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекетік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған міндеттерді орындау шеңберінде, мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін, халыққа мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 70 Мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді әртүрлі ноу-хаулармен бөлісті. «Ауылдарға бару кезінде тұрғындар тек мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелері бойынша кеңестер  алады», - деп атап көрсетті Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердің тұрғындарына мобильді ХҚКО құру арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәжірибесі форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Конференцияда мемлекеттік корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттік корпорацияны құру тәжірибесін енгізу және тәжірибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтік пен әдістемелік қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігі атап көрсетілді.

Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елінің және Грузияның мекемелері кірді. Форумда Ресейдің, Белорусьтің, Бурятияның, Молдованың, Тәжікстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттік емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлігінің еңбек және әлеуметтік сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының өкілдері қатысты. 

Анықтама: «Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет Басшының тапсырмасы бойынша құрылды. «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» - төрт РМК-ні біріктірген ұйым мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болып 2016 жылғы 11 сәуірде жұмысын бастады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

баспасөз қызметі

 

Казахстанские компании поделились своим опытом на международной конференции

В Бурятии прошла конференция «Пенсионные реформы России и стран Евразии: проблемы и решения». Казахстан представляли НАО Государственная корпорация «Правительство для граждан», АО «Государственный фонд социального страхования» и АО «Единый накопительный пенсионный фонд». Особый интерес для нашей страны представляла возможность изучения опыта других стран по оказанию услуг населению.

Как следовало из докладов участников, представляющих страны СНГ, во многих республиках действует солидарная система пенсионного обеспечения, а накопительный компонент находится только на стадии развития. Учитывая сложную экономическую ситуацию стран-участников, имеются проблемы обеспечения адекватности пенсионных выплат.

На форуме было отмечено, что Республика Бурятия лидирует среди пенсионных фондов РФ по внедрению электронных государственных услуг. Другие регионы взяли опыт централизованного назначения пенсионных выплат Пенсионного фонда Бурятии в качестве примера и сейчас его изучают.

Кроме того, в Бурятии активно проводят мероприятия, направленные на создание благоприятного микроклимата коллектива. Так, за счет средств профсоюзов (взносы составляют 2% от заработной платы) организованы комнаты психологической разгрузки в каждом регионе, тренажерный зал, танцевальный зал, йога. Ежегодно проводятся кадрово-психологический аудит коллектива. При приеме на работу обязательна консультация психолога. А также организовываются спартакиады, как среди работников, так и среди пенсионеров. Такой опыт может оказаться полезным многим казахстанским компаниям.

Опытом оказания госуслуг единым провайдером в Республике Казахстан в лице государственной корпорации «Правительство для граждан» поделилась Алия Оспанова, директор Департамента стратегического планирования и развития госкорпорации. Она рассказала о создании в апреле текущего года государственной корпорации «Правительство для граждан», объединившей наиболее востребованные государственные услуги, и включившей в себя четыре госпредприятия: центр обслуживания населения, центр по недвижимости, государственный центр по выплате пенсий и научно-производственный центр земельного кадастра. Поделилась она и различными ноу-хау, позволяющими госкорпорации обеспечивать доступность государственных услуг для граждан, учитывая территориальную особенность нашей страны, как, например, 70 мобильных центров обслуживания населения, функционирующие в госкорпорации, в рамках исполнения задачи, поставленной Главой государства по обеспечению доступности госуслуг населению, в том числе жителям отдаленных населенных пунктов. «Во время выездов сельские жители могут получить не только государственные услуги, но и консультации по вопросам социальной помощи, занятости и обучению новым специальностям», - подчеркнула Алия Оспанова. Опыт Казахстана в предоставлении государственных услуг жителям отдаленных населенных пунктов путем создания мобильных ЦОНов вызвал особый интерес участников форума.

На конференции было отмечено, что госкорпорация готова к взаимовыгодному сотрудничеству со всеми странами в рамках оказания информационно-консультативной и методической поддержки по обмену и внедрению опыта создания госкорпорации в Казахстане. 

Организатором форума выступила Международная ассоциация пенсионных и социальных фондов (МАПСФ). В ее состав входят учреждения 10-ти стран СНГ и Грузии. В форуме приняли участие делегации из России, Белоруссии, Бурятии, Молдовы, Таджикистана, Грузии,  Кыргызстана, Монголии и Узбекистана. А также представители негосударственного пенсионного фонда «Газфонд», ФГБУ «НИИ труда и социального страхования Минтруда», ООО «Редакция журнала Пенсия», ООО «РотаК», АО «Государственный фонд социального страхования, АО «Единый накопительный пенсионный фонд» и Международной ассоциации пенсионных и социальных фондов.

Справка: Некоммерческое акционерное общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан» создано по поручению Главы государства в рамках реализации Плана Нации «100 конкретных шагов». Организация, объединившая в себе четыре РГП – «Центр обслуживания населения», «Научно-производственный центр земельного кадастра», «Центр по недвижимости» и «Государственный центр по выплате пенсий», начала работу 11 апреля 2016г., став единым провайдером государственных услуг.

  Пресс-служба некоммерческого

   акционерного общества

   «Государственная корпорация

   «Правительство для граждан»

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…