Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады

Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткізілген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшінші орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы Айжан Баялиева, екінші орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің маманы – Дархан Болатов, ал бірінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы  - Пернехан Досание болды. Ол мемлекеттік тіл туралы өзі шығарған патриоттық әсерлі туындысымен әділ қазылар алқасының есінде ерекше сақталып қалды.

«Біздің конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл – дәстүрлі өзін-өзі таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттік тілде құжаттар дайындау. Өйткені біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету. Барлық үміткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңіске жетті», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтің айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен және т.б. тұрды.

«Бүгінгі күні мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын республикадағы негізгі мекемелердің біріне жатқызамын, себебі сіздер қызметтер көрсету кезінде адамдармен үнемі қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тілі саласындағы маманы ретінде аталған конкурсты – маңызды және өте дұрыс іс-шара деп айта алам. Меніңше, осы іспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдарда, үкіметтік емес ұйымдарда, тіпті мемлекеттік органдар да өткізіп тұрудың пайдасы зор, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініңТіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова.

Бұл орайда, конкурстың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілгендігін атап өту керек. 

«Мен қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүргеніме және Оңтүстік Қазақстан облысының атынан осыны тағы бір мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын» дейді конкурстың жеңімпазы Пернехан Досан.

 «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда               ҚР Тілдер күніне орайластырылып өткізілгендігін еске саламыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…