Сыбайлас жемқорлықты болдырмау басты парыз

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау басты парыз.

 

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін  пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағын айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез-келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.        

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша тек қана газет беттерінен оқып уақытша ойға берілмей, нақты бір шешім қабылдап, елу елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат етіп қойып, сол үшін аянбай еңбек ету дұрыс жол.

 

Түркістан қалалық №2 бөлімінің инспекторы А.Досжанова

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…