Мемлекеттік тіл - ұлт мәртебесі

Мемлекеттік тіл - ұлт мәртебесі.

            Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі “барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы” деп нықтап айтқан болатын. Ұлт  болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Ата заңымыздың 7-бабында “1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды” деп көрсетілген. Елбасымыз: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”- деп атап көрсеткен.  Кез келген тілдің болашағы-балалардың, жастардың қолдарында екені рас. Балалардың  тілді білмеуі, ұмытуы-ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.

 

Түркістан қалалық №2 бөлімінің инспекторы    А.Джамалов

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…