Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады

Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне

тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді. Жаңа қағидалар «А» және «В» санатындағы, сондай-ақ «А1» және «В1» кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне таратылады.  

            Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын жеңілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.   «Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаңыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріңізге баруыңыз керек еді, енді сіз өзіңізге ыңғайлы қаланың мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз», - деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков айтады, - «Жаңа енгізілім қызметті алушылардың уақыты мен қаржысын маңызды үнемдеуге жол береді».

            Жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріңізге саламыз. Айтпақшы, қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың кабинеті жұмыс істейді.    

            Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.

            Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдың басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.  

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 55 85 99 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…