Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

 

Қазақстан Республикасының президентi Н.А. Назарбаев 30 маусым 2014 жылғы Заңына қол қойған 2014 жылы 1 қыркүйек iске қосылған қолданысқа енгiзiлдi. Осылайша, мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйегiнде басталды, аяқталу мерзiмi 2016 жылғы 31 желтоқсан. Бұл ретте құжаттар тапсыру мерзiмi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 2016 жылғы 30 қарашаға дейiн. Осы заң мемлекеттiң мүлiктi, оның iшiнде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөнiндегi бiржолғы акция өткiзуiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкiн декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Акция сондай –ақ жалпыға бiрдей декларациялауға ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты жасалған.

Жария ету туралы заңда жария етуге жататын және жария етуге жатпайтын мүлiктер көрсетiлген.

Азаматтарға құқығын қазыр жария етуге мүмкiндiк бар, кейiн оны еш қыйындықсыз декларациялауда заңды түрде көрсетуге.

Жария етуге келесi мүлiктер жатады:

  • оған құқық немесе ол бойынша мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желелiк бөлiгiнен басқа);
  • құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер участкесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасының аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жария етуге жатады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету комиссияға жария ету субъектiлерi мындай құжаттарды ұсынады:

  1. осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi дана мүлiктi жария етудi жүргiзуге арналған өтiнiштi бұдан әрi- өтiнiш;
  2. өтiнiш беру кезiнде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнысқасын көрсете отырып, оның көшiрмесiн;
  3. объектiлердiң құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестiгi тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстары техникалық тексерудi жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
  4. жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын беруi арқылы жүргiзiледi.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініштер, Түркістан қаласы әкімі аппараты ғимаратының бірініші қабатында қабылдануда. Байланыс телефоны 4-12-51 және 3-12-19 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

 

Заң бөлімінің бас маманы                                   А.Қайқыбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…