Мүлікті жария ету рәсімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды

Мүлікті жария ету рәсімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды

    Мүлікті жария ету рәсімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды.  Қазақстанда 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап жария ету рәсімі жүргізіліп келеді, аталмыш рәсім көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған. Елбасы 2015 жылғы 13 қарашада мүлікті жария ету мәселесі жөніндегі заңға қол қойған, ол заңда жария етуді жүзеге асыру рәсімдеріндегі жаңа әдістер белгіленген.  
    Рәсімдер жеңілдетілген

    Енді ақшаны 2 түрлі әдіспен заңдастыруға болады:

  1. Ақшаны ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте ашылған шотқа салу (аудару) арқылы. Бұдан кейін бұл ақша қаражаттарын өзінің әр түрлі қажеттіліктеріне қолдана алады, мысалға айтқанда: оларды бизнеске сала алады, жылжымайтын мүлік сатып ала алады және тағы басқа немесе жай ғана банк шотынан өзіне алуға болады.  Және бұл жағдайда бюджетке 10-пайыздық алым төленбейді.
  2.  Екiншi деңгейдегi банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салмай – жария етілетін ақшаның сомасынан 10 – пайыздық алымды төлеу арқылы. Жария етудің бірінші және екінші әдісінде де жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация тапсырады.

Мүлікті жария ету рәсімі жеңілдетілген

       Қазір Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және дұрыс ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына тиісті декларация және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шетелдегі мүліктер де  дәл солай жария етіледі. Яғни, мемлекеттік кірістер органдарындағы комиссиялар жойылған (таратылған).

       Жария ету субъектісі  жергілікті жерлердегі әкімдіктердің жанындағы комиссияларға Қазақстан Республикасында орналасқан және бұрын дұрыс ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш білдіре алады.

       Елбасы жария ету – бұл заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлікке құқықты заңдастырудың соңғы мүмкіндігі екенін атап айтқан. Жария ету – бұл жалпыға бірдей декларациялаудың алдындағы соңғы акт. Аталмыш акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлем бойынша шетелдегі шоттар бойынша ақпараттар қайта тексерілетін болады.

        Осылайша, Заң біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатайдуды, екіншіден, шетелдегі мүлікті міндетті декларациялауды көздейді.  
        Жария ету жөніндегі акцияның аяқталуы мен жалпыға бірдей декларациялау рәсімін  бірге бастау үшін рақымшылық ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
    Мүлікті жария етумен байланысты барлық мәліметтер салықтық және банк құпиясы болып табылады. Жария ету туралы мәліметтерді үшінші тұлғаға таратуға ешкімнің, оның ішінде жария ету жөніндегі комиссия қызметкерлерінің, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің, «Қазпошта» бөлімшелері қызметкерлерінің құқысы жоқ. Мұндай ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалады. Сонымен қатар, жария ету субъектілері құқық қорғау органдары мен  өзге де мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын заңсыз іс-әрекеттерден қорғалған. Мәселен, қылмыстық істер қозғауға немесе мүлікті және ақшаны жария ету дерегін дәлел ретінде пайдалануға тиым салынған. Сонымен қатар, жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі жылжымайтын мүлік жария етіледі.
Жария ету 10 – пайыз мөлшерінде алым төлеу жөніндегі түбіртекті қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

 

Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының басшысы                                                                            Н.Тагаев.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…