Жария етілген мүлік заңмен қудаланбайды

Жария етілген мүлік заңмен қудаланбайды

        Республика бойынша жүріп жатқан мүлікті жария ету науқанына орай жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған  комиссиялар қызу жұмыс үстінде. Мүлікті жариялау әлемдік тәжірибеде жаңалық еместігі белгілі. Тіпті, Еуропаның бірқатар елдері мұндай шараны бірнеше рет өткізіп үлгергенін айта кету керек.

         Мүлікті жария ету Қазақстанда екі рет жүргізілгендіктен, ол бойынша өзіндік тәжірибеміз  бар. Айталық, 2001 жылы ақшаны жария ету жүргізілсе, 2006-2007 жылдары ақшамен  бірге жылжымайтын мүліктерді  жария ету жұмыстары жүзеге асырылған. Қазір елімізде науқанның үшінші кезеңі қолға алынып отыр.

          Мүлікті жария ету-табыстарды жасыру мақсатында  заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген не тиесілі емес тұлғаға рәсімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, экономикамыздың 19,5-20 пайызы «көлеңкелі» айналымда. Бұл шағын бизнестен бастап ірі кәсіпкерлерге дейінгі аралықтың бәрін қамтиды. Сондықтан да, қаржы мен мүлікті жария етудің бірден-бір мақсаты-«көлеңкелі» экономикадағы қаражатты жарыққа шығарып, экономиканың заңды жолына тарту.

          2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа еңгізілген ҚР «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес – ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тиесілі емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар мен ғимараттар, ҚР шегінен тыс орналасқан мүліктер жария етуге жатады.

         Экономикаға қосымша қаражатпен мүлікті тарту, жария етілген ақша мен мүлікті салық салу тұрғысында табыс деп танымау, яғни оларға салық салмау, жария ету басталғанға дейін алынған  мүлікті ғана жария етуге жатқызу, субъектілерді  бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босату, бұлар жария етудің негізгі қағидалары екенін айта кету керек. Бұдан бөлек, азаматтар рақымшылық арқылы заңдастырған қаражатын инвеситициялау механизмдеріне пайдалана алады. Немесе өз қаражатын қалауынша жұмсамақ. Алайда, бұл жағдайда екінші деңгейлі банктер жария етілетін қаражаттың жалпы соммасынан 10 пайыз мөлшерінде комиссия ұстап қалады.

         Азаматтардың көкейінде жүрген жиі қойылатын сауалдардың бірі, жылжымайтын мүлікке техникалық құжатты алу мәселесі. Ол қанша уақытта жасалатынынан да көпшілік бейхабар. Ендеше соған түсініктеме бере кетейік. Жария ету аясынды, егер азаматта жер учаскесіне мемлекеттік акт болса, құрылысқа техникалық төлқұжат алу үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу  мекен-жайы бойынша тиісті құжаттар тізбесімен ХҚКО (ЦОН) жүгінуі қажет (өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, жер теліміне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжаттар, алым сомасын төлегенін растайтын құжат).

         Техникалық төлқұжатты әзірлеу мерзімі жылжымайтын  мүлік объектісінің түріне байланысты жасалады. Атап айтсақ, пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күні, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт жетінші жұмыс күні беріледі және оның бағасы мүлікті аумағына

байланысты 3 мың теңгеден жоғары болады. Басқа жылжымайтын объектілерге т ехникалық төлқұжаттар  олардың аумағы мен күрделігіне байланысты 20 жұмыс күніне дейін жасалады. Көрсетілген мерзімде ҚР Әділет министрлігіне қарасты жылжымайтын мүлік орталықтарының қызметкерлері азаматпен келісе отырып, техникалық зерттеу жүргізу үшін объектіге барып, оның нәтижесінде техникалық құжатты әзірлеп, азаматқа табыстайды.

          Сонымен қатар, жария етілген жылжымайтын мүлік Әділет органдарында міндетті мемлекеттік тіркеуден  өтуі қажет. Кей жағдайларда азаматтар комиссияның оң қортындысын алу құжаттың толығымен рәсімделмеген болып саналады. Яғни азамат мүліктің толыққанды заңды иесі болып табылмайды. Осыған орай, әр азамат жылжымайтын мүлкін Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен  соң ғана оның заңды иесі болып табылатынын естен шығармаған жөн.

         Мүлікті жария ету мерзімі ішінде тұрғындар заңға сәйкес рәсімделмеген немесе өзге тұлғаға рәсімделген мүліктері болған жағдайда, мемлекеттің жасап отырған аталмыш рақымшылығын пайдаланып, құжаттарды заңдылықтарға сәйкес реттеуіне мүмкіндіктері бар.

Түркістан қаласы МКБ ның бөлім басшысы                       Ш.Каримбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…