ЖАРИЯ ЕТУ БҰЛ СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ!

ЖАРИЯ ЕТУ БҰЛ СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ!

Мүлікті жария ету дегеніміз не, және ол не үшін жүргізілуде?

Жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық  айналымнан  шығарылған  мүліктер  менқаржыларды заңдастыру және жақын арадағы жылдарда табыстар мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық кезеңі. Мүлікті жария етудің осы кезеңі- Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізілетін жалпыға  бірдей декларациялаудың қарсаңындағы- соңғы мүмкіндік.

Ол кезде Заңмен шет елдерде орналасқан мүліктердің міндетті түрде декларациялануы және шет елдік шоттар туралы ақпараттарды жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатайту көзделген.

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жеке тұлға өзінің «көлеңкелі» жинағын жария етіп үлгерсе, онда декларациялау кезінде кіріс көзі мен табу жолдары бойынша сұрақтар туындамайды.

Нені жария етуге болады және қайда жүгінеміз?

Жергілікті атқарушы органдар - жылжымайтын мүліктер,үйлер (құрылыстар, ғимараттар). Құқықтары рәсімделмеген, ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру жергілікті  Әкімшіліктер  жанындағы  комиссияға  тиісті құжаттарды жалғай отырып, бекітілген нысанға сәйкес өтініш табыс ету арқылы.

Мемлекеттік кірістер басқармалары - шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктер.

            ҚР аумағында орналасқан, құқықтары басқа тұлғаға рәсімделген мүліктерді заңдастыру, алым сомасын төлемей-ақ тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны табыс ету арқылы және ҚР аумағынан тысқары жерлерде, оның ішінде басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті алым сомасын төлей отырып тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны табыс ету арқылы.

Екiншi деңгейдегi банктер - ақша, банкте ашылған ағымдағы шотқа ақша салу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы, банк шотына ақшаны салмай- жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы заңдастыруға мүмкіндігі бар.

 

Түркістан қаласы бойынша  Мемлекеттік

            кірістер басқармасы бөлім басшысы                                                        Ш.Каримбаев

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…